Материалдар / Тәрбие сағаты:
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты:

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ете отырып, ауған соғысында опат болған ардагерлер рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2021
308
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



8 Мойынқұм колледжі

Өндірістік оқыту шебері

Тушумова Л.Т.

Тақырыбы: «Ауған асуында от кешкендер»

Мақсаты:

Білімділік: Ауған соғысы, оған қатысқандар жайлы мағлұмат беру. Ауған соғысы ардагерлерімен, олардың ерліктерімен таныстыру;


Тәрбиелік: қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ете отырып, ауған соғысында опат болған ардагерлер рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.


Әдісі: түсіндіру, әңгіме-сұхбат жүргізу, ой бөлісу.


Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта, «Ауған соғысы» жайлы видеофильм.


Барысы:


1-жүргізуші: Армысыздар қымбатты ұстаздар, студенттер және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!


2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен, қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған «Ауған асуында от кешкендер» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.


(Әнұран орындалады)


1-жүргізуші


Қызығы балалықтың тарқамаған,

Кезінде-ақ әр ауылдан, әр қаладан

Аттанып қан майданға сендерсің ғой

Соғыстың бар азабын арқалаған-дей отырып, бүгінгі кешімізге ауған соғысының ардагерлері кездесуге келіп отыр:


1.

2.

3.


Бүгінгі кешімізді ашып, жүрекжарды лебізін білдіру үшін сөз - колледж директоры Бейімбетов Қазыбек бағзатұлына беріледі.


жүргізуші

Ауғанның қанды даласы

Адамзаттың наласы

Бүк түсіп жатыр қан құсып,

Қаралы таулар, қарашы

Адасып барып армандар,

Камалда күл боп қалғандар

Гүл болып көгеріп

Өмірді қайта жалғаңдар

Арманда кеткен ер үшін,

Ұмытпас елім арысын.


жүргізуші

Есімде ол күн қаралы,

Зуылдап жылдар барады.

Сарбаздар бәрін біледі,

Ауғаннан қайтқан жаралы

Ту етіп ұстар қашанда,

Тәуелсіз елдің намысын,

Баласын іздеп аналар

Анасын аңсап балалар,

Жүрекке түскен бомбадай..

Жазылар қашан жаралар





Оқытушы:


Қазақ халқы Ресей халқы империясына 260 жыл тәуелді болды. Осы жылдары, яғни 1978 жылдың желтоқсанында Кеңес-Ауған достастық шартына қол қойылды. 5-мамыр Түркістан әсери округында «Мұсылман батальоны» жасақталды. Оған тек Орта Азиялық жастар алынды. 1979 жылы 12 желтоқсанда Л.И.Брежнев Ауғанстанға әскер енгізу жөнінде шешім қабылдады.


Жалпы он жылға созылған. Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тауып, 21 адам хабарсыз кетіпті.

Сол кездегі әскерге алынған жас жігіттеріміздің бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.


Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, ескерткіштер орнатылып, мәңгілік алаулар жағылады. Осы дәстүр біздің Қазақстанда да сақталған.(видеоролик)


(5 студент ортаға шығып өлең оқиды.)

1-оқушы:


Бітпейді соғыс салған салдарлары,

Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі

Қырық бірдің отты жылы көнергенде

Жаңғыртты жолсыз жанжал Ауғандағы

Таулы аймақ Кабул, Баграм, Қандагарда

Өлім сеуіп ұлыған қанды аралда

Он сегіз – жирмадағы боздақтардың

Көрсеткен ерлігінде сан болар ма.


2-оқушы:

Ағатайым, сен де соған барып қайттың

Кеудеңе орден, медаль тағып қайттың

Тілейміз енді соғыс болмағанын

Жат жерде жансыз дене қалмағанын

Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп,

Ашық аспан астында самғағанын!


3-оқушы:


Серігісің достардың сенгендегі,


Көңіл бөлме пікірге пендеңдегі.


Жиып ұста, денеңді жиып ұста,


Ауғанда ешкім жеңбеген,зор кеудеңді


4- оқушы:


Бүгін біздер ұланымыз егеменді қазақтың,


Туды міне жас ұрпаққа ғажап күн.


Артта қалып азапты күн, тозақ күн,


Енді атса тек бейбітшілік таңы атсын.


Еске алып, құрметтейміз құрбандардың рухын,


Қабірлері нұрға толсын, суық көрде жылынсын.


Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,


Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!


5- оқушы:


Енді қайтып соғыс өрті болмасын

Қыршындардын өмір гүлі солмасын

Аналардың ақ жүрегін әрқашан

Бүкіл әлем қамқор болып қорғасын

Отан үшін отқа түс –күймейсің!

Ежелден-ақ қаhарман қазақ халқы,

Елді қорғау айбынды ата-салты.

Бейбітшілік осы күн мерейіне,

Ерлерді еске алайық артсын даңқы!

оқушы

2-жүргізуші

Армысыздар, ауғандық жауынгерлер

Жырым бар жараланған, жаныңды емдер

өлгендердің жәннәтта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер! – дей отырып, ауған соғысында қаза болған ағаларымыздың рухына 1 минуттық үнсіздік жариялаймыз.


1-жүргізуші:


Сол ауғанда талай досты жерледік,

Қарлы щыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік деп, ауған соғысына қатысып ерлік көрсеткен ардагерлерімізге сөз берейік:


Ардагерлерге қойылатын сұрақтар.


1. Құрметті ----------------------- ағай, қай жерде дүниеге келіп, балалық шағыңыз қай жерде өтті, алғашқы ұстазыңыз кім?

2. Әскери борышыңызды қай жерде өткердіңіз?

3. Ауған соғысында есіңізде қалған бір оқиға туралы айтыңызшы?

4. Ауған соғысындағы ерліктеріңіз үшін қандай медальдармен марапатталдыңыз?

5. -------------------------ағай, бізге айтар қандай ақ тілегіңіз бар?


1-жүргізуші:


Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді.


Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмытылмақ емес.


2-жүргізуші

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде.


1-жүргізуші:

Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін! (сыйлықтар табысталады)



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!