Материалдар / Тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысы майдангерлерін мадақтау, оқушыларға ерлік іс-әрекеттерің дәріптеу, жастарды отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбие беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2022
408
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Тәрбие жұмысы









«МЫҢ ТАҒЗЫМ -МАЙДАНГЕР!»

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 77 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӘЗІРЛЕМЕСІ





























Қойлық – 2022

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы майдангерлерін мадақтау, оқушыларға ерлік іс-әрекеттерің дәріптеу, жастарды отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбие беру.

Міндеттері:

Білімділік: Ұлы Отан соғысы жылдарының тарихын түсіндіру.

Дамытушылық: жас ұрпақ бойындағы ардагерлерге деген құрмет, ерлік іс-әрекеттерге деген жалынды көзқарас дамыту.

Тәрбиелік: жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттыққа, үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Өткізу формасы: дөңгелек үстел

Көрнекіліктер: «Мың тағзым саған, майдангер!» тақырыбында презентация, кітаптар көрмесі

Барысы:

  • Соғыс жылдарын дәріптейтін видео-жазба;

  • Жүргізушінің сөзі;

  • Презентацияны түсіндіру;

  • «Ана туралы баллада» әні;

  • Сабақты қорытындылау;

  • «Жойылсын жалғыс сөз соғыс деген» әні

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен, көрермендермен, құметті қонақтармен амандасу.

Интербелсенді тақтада соғыс жылдарын дәріптейтін видоматериал көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=Ay2F3DKBzkw

1 жүргізуші: Қымбатты ардагерлер, тыл еңбеккерлері мен сіздерді бүгінгі қасиетті де қас­терлі мереке – Жеңіс күнімен құттықтаймын. Сұ­ра­пыл соғыстың біткеніне, міне, 75 жыл толды. «Кеңес Одағы» деген үлкен мем­лекеттің миллиондаған халқымен бірге, Қазақстан да бұл сұрапыл соғыстағы жеңіске өзінің үлкен үлесін қосты. Қасиетті де қас­тер­лі Отан үшін жан беріп, жанын пида еткен шейіттерді жыл сай­ын еске алып, олардың рухына тағзым ету – біздің, кейінгі ұр­пақ­тың ең басты парызы.

2 жүргізуші: Егер де ойлап қарасақ, халқымыздың басына түскен 30-шы жыл­дар­дағы зұлматтан кейінгі қазақтың басына түскен екінші бір сұра­пыл қырғын Ұлы Отан соғысы болғандығы ақиқат. Бұл соғыста біздің азаматтары­мыз ерлік пен қаһармандықтың ең жоғары деңгейдегі үлгісін көр­сетті.

Бүгінгі дөңгелек үстеліміз Ұлы Жеңісті жас ұрпаққа сый қылып тастап кеткен жауынгерлерімізге арналады.

1 жүргізуші:

Елінен де, өзінен де күй кетіп,

Төрт жыл бойы киді шинель, керзі етік.

Майдангерлер жүрді сосын біраз жыл,

Сол әскери киімдерін сүйретіп.

Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып - жоюға бағышталған. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске алады

Ән «Ана туралы баллада»

Оқушылардың жеңіс күніне арнаған ой пікірлерімен бөлісу

Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор.



  • 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600 000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі — 20%, әйелдер — 58%, жасөспірімдер — 22% болды. Яғни, майданды азық- түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.



  • Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық- түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауылшаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942—1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4 111 трактор, 1 184 жүк машиналары, 30 318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ын ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пүт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пүтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды.



  • 1942 жылы 450 мың гектар тың және тыңайған жер жыртылып, егін салатын жер ауданы 17%-ға өсті. Осы жылы Қазақстанда 6 809 колхоз болды, оларда еңбек етуге жарамды 4 912 001 ерлер, 593 407 әйелдер еңбектенді. Нәтижесінде 1942 жылы Қазақстанда егін жақсы шығып, республика бойынша 84,3 млн. пүт астық жиналды. Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Семей облыстары астық жинау жоспарын 102,2-ден 114,9-ға асыра орындады. 1943 жылдан бастап республикада егін егісі қысқара бастады. 1940 жылы егістік 6 808,6 мың га болса, 1945 жылы 6 039,9 гектарға кеміді. Себебі, 1943 жылдан бастап жаудан азат етілген жерлерге егін салу жандана бастады. Керісінше, картоп, бау-бақша өнімдерін егетін жер көлемі жылдан-жылға өсті. Бұл өнімдер 1940 жылы 214,2 мың гектар егістікке егілді. Сондықтан 1944 жылы колхоздар мен совхоздар мемлекетке 1943 жылмен салыстырғанда 18,2 млн пүт қант қызылшасын, 7 ц. көкөніс, 150 000 ц. мақта артық өткізді. Бұл жылдары республиканың барлық колхоздары мен совхоздары жоспарларын орындаумен шектелмей, асыра орындауға бар күштерін салды.

  • 2 жүргізуші: Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана – жарын жолғалтқан жесір, бала - әкесінен, анасынан айрылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерлерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы - қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс жасады. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.



  • Соғыс жылдары колхозшыларға қарсы тоталитарлық тәртіп тарапынан көптеген шаралар жүзеге асырылады. 1941 жылдан бастап әрбір колхоз-совхоздарда жергілікті саяси бөлімдер құрылып, олар ауылшаруашылық жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспарын орындай алмаған шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге 1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12-16 жас арасындағы жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. Осыған қарамастан халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе тәртіптерінен жоғары тұрды.



  • Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.

1 жүргізуші: Сіздерді тағы да 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.

2 жүргізуші: Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.  Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!

Барлық қатысушылар  «Жойылсын жалғыс сөз соғыс деген» әнін орындайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!