Материалдар / тәрбие сағаты 10* сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тәрбие сағаты 10* сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге, тәрбиешілерге,мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2018
720
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Екінші болма!»

Мақсаты: Оқушылардың әдебиет пәні мен қазақ тілі пәндері бойынша алған білімдерін тереңдету, тез жүйелеуге дағдыландыру. Оқушының ойлау қабілетін , тапқырлығын , жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Өз еліне деген құрмет сезімін арттыру, ел мәртебесін көтеру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.

Жүру барысы.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының 10 "е" сыныбында ұйымдастырылып отырған «Екінші болма!» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!

Олай болса, «Екінші болма!» зияткерлік сайысында сынға түсетін қатысушылармен таныс болайық:

  1. Амангелдиева Ақнұр

  2. Дәуітова Дана

  3. Ержанғалиев Ерқанат

  4. Наурызбай Нұрай

  5. Сатенова Аружан

  6. Сатыбалдиева Аяулым

  7. Серік Назгүл

Қош келдіңіздер!

Ойынды бастамас бұрын әр айналымның есебін шығарып, қорытындысын айтатын қазылар алқасымен таныс болайық:

  1. Күзембаева Қалима академия мұғалімі

  2. Закиева Гүлайым академия мұғалімі

  3. Мусаева Бибігүл академия мұғалімі

Бүгінгі сайыс 3 айналымнан тұрады. Сайыстың алғашқы айналымын ашық деп жариялаймыз. Бұл айналымда әр қатысушы 1 минут ішінде 15 сұраққа «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушының қоржынына 10 ұпай түседі. Ендеше, Амангелдиева Ақнұр өзіңнен бастасақ.

1.Амангелдиева Ақнұрға:

1.«А» фонемасы дауысты, жуан, ашық, езулік. (Иә)

2.Әріп – бұл дыбыстың жазба таңбасы. (Иә)

3.Әліпби, алфавит синонимдік қатар бола алады. (Иә)

4.Жіктеу есімдігі сөз табына жатады. (Жоқ)

5.Қазақ тілінде 42 дыбыс бар. (Жоқ)

6.«Жазғы» сөзінде бірыңғай ұяң дауыссыз дыбыс қатысқан. (Иә)

7.Сөздің ең кішкене бөлшегін буын дейміз. (Жоқ)

8.Қазақ әліпбиіндегі 16-шы тұрған дыбыс Л дыбысы (Иә)

9.-ға, -ге жалғаулары барыс септігіне тән жалғау. (Иә)

10.Екпін көмекші сөздерге түседі. (Жоқ)

11.«Қасқыр» сөзінде бірыңғай бітеу буын бар. (Иә)

12.«Қарт» сөзі тасымалданады. (Жоқ)

13.«Кеден», «Ұшақ» неологизм сөздер қатарына жатады. (Иә)

14.Эвфемизм – мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды

жұмсартып қолданылатын сыпайы сөздер. (Иә)

15.«Жағасын ұстау» деген тұрақты тіркес таңдану деген ұғымды

білдіреді. (Иә)


2.Дәуітова Данаға:

1.«Жерден жеті қоян тапқандай» бұл мақалға жатады. (Жоқ)

2.«Көз – қорқақ, қол – батыр» мақалында синоним кездеседі.(Жоқ)

3.Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең өлеңінің авторы Абай дегенге

келісесіз бе? (Иә)

4.Мақал мен мәтелдің авторы болады. (Жоқ)

5.Қайратты, қуатты сөздері бір-біріне антоним. (Жоқ)

6.Жұрнақ пен жалғау қосымшаға жатады. (Иә)

7.Морфология сөйлем құрамын зерттейді. (Жоқ)

8.«Көре-көре» қосарлама қос сөзге тән. (Жоқ)

9.Алматы қаласы дара зат есімге жатады. (Жоқ)

10.«Ашық ауыз адам» сөзі біріккен сөзге жатады. (Жоқ)

11.«Балалар» сөзі жалғау арқылы жасалынған. (Иә)

12.Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар. (Иә)

13.Шығыс септігі қазақ тіліндегі соңғы тұрған септік. (Жоқ)

14.Сан есім – заттың санын, ретін білдіретін сөз табы. (Иә)

15.Сын есім құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінеді. (Иә)



3.Ержанғалиев Ерқанатқа:

1.Қанша?Неше? зат есімнің сұрақтарына жатады. (Жоқ)

2.Мың тоғыз жүз тоқсан бір дара сан есімге жатады. (Жоқ)

3.Қазақ тілінде 9 дауыссыз дыбыс бар. (Жоқ)

4.Қазақ тілінде күрделі есептер, теңдеулер шығарылады. (Жоқ)

5.«Ана» сөзінде 3 дауысты дыбыс бар. (Жоқ)

6.Есімдік мағынасына қарай 7 түрге бөлінеді. (Иә)

7.Реттік сан есім заттың ретін білдіреді. (Иә)

8.Қазақ тілі пәні 5-9 сыныпта ғана оқытылады. (Жоқ)

9.Етістік не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді. (Иә)

10.Тұйық етістіктің жалғыз «у» деген жұрнағы бар. (Иә)

11.Лепті сөйлемнен кейін үтір қойылады. (Жоқ)

12.9 сөз табы қазақ тілімен қатар әдебиетте де оқытылады. (Жоқ)

13. Бар, жүгір, айт сөздері етістікке жатады. (Иә)

14.Қазақ тілінде жаттығулармен бірге оқушыларға қосымша есептер беріледі. (Жоқ)

15.Қазақ әліпбиінде 32 әріп бар. (Жоқ)


4.Наурызбай Нұрайға:

1. Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. (Иә)

2.Термин латынша бір нәрсенің шегі, шекара деген мағынаны білдіреді. (Иә)

3.Қазақ тіліне басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер деп атамайды. (Жоқ)

4.Атыз, шиіт кәсіби сөзге жатпайды. (Жоқ)

5.Белгілі бір аймақта ғана тек ауыз екі тілде қолданылатын сөздерді диалект сөздер дейміз. (Иә)

6.Сингармонизм заңы үндестік заңы деген мағынаны білдірмейді. (Жоқ)

7.Жерден жеті қоян тапқандай мақал болады. (Жоқ)

8.Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек деген сөйлем себеп-салдар салалас болады. (Жоқ)

9.Толықтауыш кімді?, нені? деген сұраққа жауап береді. (Иә)

10.Көпір арқылы деген тіркесте арқылы шылау (Иә)

11.Стильдің бес түрі бар. (Иә)

12.Жақты сөйлемнің баяндауышы болмайды. (Жоқ)

13. Қазақ әліпбиінде «Д» фонемасы жетінші тұр (Иә)

14.Пунктуация нүкте деген мағынаны білдіреді. (Иә)

15.-ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары көсемшенің жұрнақтары (Жоқ)


5.Сатенова Аружанға:


1.Тарс-тұрс, қисаң-қисаң күрделі сөз. (Иә)

2.Кейбір сөздер қысқартылған кезде нүкте қойылады. (Иә)

3.Оның даусы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды бұл сөйлем – кезектес салалас сөйлем. (Жоқ)

4.Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды. (Жоқ)

5.Қысқасы, мүмкін қыстырма сөздер. (Иә)

6.Одағай – адамның көңіл күйін білдіреді. (Иә)

7.Қазір сөзі қашан деген сұраққа жауап береді. (Иә)

8.Сұрау есімдіктері сұрайлы сөйлем жасамайды. (Жоқ)

9.Еңбек сөзі омоним бола алмайды. (Иә)

10.Табыс септігіндегі толықтауыш тура толықтауыш. (Иә)

11.Қазақ тілінде төрт жалғау бар. (Иә)

12.-дан, -ден, -тан, -тен шығыс септігінің жалғаулары. (Иә)

13.Жұмған ауызын ашпау деген тұрақты тіркес сөйлемеу деген мағынаны білдірмейді. (Жоқ)

14.Мезгіл үстеуі қашан деген сұраққа жауап бермейді. (Жоқ)

15. «Г» фонемасы – жуан, ашық, дауысты дыбыс. (Жоқ)


6.Сатыбалдиева Аяулымға:


1.Шайхана, кітапхана деген сөздер зат есімдер. (Иә)

2.Қайғы, арман, сана деген сөздер дерексіз зат есімдер болады. (Иә)

3.Он сегіз сөзі күрделі сөз болады. (Иә)

4.Салалас құрмалас сөйлемнің жеті түрі бар. (Жоқ)

5.Бастауыш пен баяндауыш тұрлаулы мүшелерге жатады. (Иә)

6.А, О, Ұ дыбыстары – жуан дауыстылар. (Иә)

7.Дауысты дыбыстар қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді. (Жоқ)

8. Полисемия сөзі көп мағыналы сөз деген мағынаны білдіреді. (Иә)

9.Тұрақты тіркестер мен фразеологизмдер бірдей мағынаны білдірмейді. (Жоқ)

10.Қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар. (Иә)

11.Дөрекі сөздерді эвфемизмдер дейміз. (Жоқ)

12.Жұрнақ пен жалғау қосымшаларға жатпайды. (Жоқ)

13.Барлық деген жалпылау есімдігі. (Иә)

14.Өздік есімдігі «өз» деген сөзден құралады. (Иә)

15.Жиналыс басталды ма? Деген хабарлы сөйлем. (Жоқ)


7.Серік Назгүлге:


1.Атаулы сөйлемде іс-әрекет болмайды. (Иә)

2.Қап, пай-пай сөздері қаратпа сөз болады. (Жоқ)

3.Қалада деген сөз ашық буыннан тұрады. (Иә)

4.-ып, -іп, -п жұрнақтары есімшенің жұрнағы. (Жоқ)

5.Орфография дұрыс айту ережелерінің жиынтығы. (Жоқ)

6.Ашық мінез деген сөз тура мағыналы сөз болады. (Иә)

7.Анықтауыш қандай? Қай? Деген сұраққа жауап береді. (Иә)

8.-ақ, -ау, ғой демеулік шылауларға жатады. (Иә)

9.Газет-журналдың тілі публицистикалық стилге жатады. (Иә)

10.Атамның үйі деген тіркесте меңгеру бар. (Жоқ)

11.Әлін білмеген әлек мақалға жатады. (Жоқ)

12.Неологизм жаңа сөз деген мағынаны білдіреді. (Иә)

13.Қорқақ сөзі сапалық сын есім. (Иә)

14.Әңгелек сөзі диалект сөз. (Иә)

15.Аласа-биік, ұзын-қысқа антоним сөздер. (Иә)

Жүргізуші: Бәрекелді! Ал, біз 2 – айналымды бастаймыз.

(2– айналым деп, экранға шығады)

Жүргізуші: Келесі айналым «Қызықты тест» деп аталады. Әр қатысушыға 1 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Олай болса, күшімізді сынап көрейік!

Жүргізуші: Бұл тапсырмадан да сүрінбедіңіздер, жарайсыздар! Ал, 3 – айналымның есігін ашық деп жариялаймын.

(3 – айналым деп, экранға шығады)

Жүргізуші: 3-кезең «Ойлан, тап!» деп аталады. Бұл айналымда біліммен бірге салт-дәстүрімізді де қамтитын боламыз. Сәттілік серік болсын! Экранға назар аударайық.

Жүргізуші: Осымен, зияткерлік сайысымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.

(Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі)

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңістің биік шыңына шығуларыңызға тілектеспін. Сайыста екінші болсаңыздар да өз өмірлеріңізде бірінші болыңыздар! Сау-саламатта болыңыздар!

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!