Материалдар / Тәрбие сағаты 1 курс 23-9-83 тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты 1 курс 23-9-83 тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тәрбие сағатын өткіземін деген мұғалімдерімен ұстаздаға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
617
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып: Мейірімділікке мұқтажбыз



«Жетім көрсең, жебей жүр» деп дана бабаларымыз жетім-жесірін жылатпаған. Адам баласының бәрінің баратын жері – біреу. Бірақ біреуге – ерте, біреуге кеш. Жастай үзілген жандардың артында еңіреп аяқтанбаған ұрпағы қалады. Тұл жетім қылған тағдырға дауа бар ма, ал қазіргі заманда жетімнен тастанды бала көп. Жетімін жылатпауға Үкіметіміз барынша жағдай жасаған. Оларды жан-жақты қолдайтын заң да бар, қаржы да аямай бөлінуде. Жетімдер үйін аралап жүріп бұған көзіміз жетті. Бірақ қамкөңіл жандардың әлі де барлық мәселесі шешілді деп айтуға болмайды.

Бүгінгі «Мейірімділікке мұхтажбыз» атты тәрбие сағатымызда осы мәселелерге кеңінен тоқтала кетуді жөн көрдік.


Жүргізуші:

Шыдамдыны мына өмір ұнатады,

Бірде қуантып, бірде жылатады,

Сүріндіріп кейде сені құлатады.

Жылатып тұрып жұбатады.

Дұшпандарға кейде сені сынатады,

Қатал тағдар бірақта шыдатады,

Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шыдамдыны мына өмір ұнатады,

Бірде қуантып, бірде жылатады,

Сүріндіріп кейде сені құлатады.

Жылатып тұрып жұбатады.

Дұшпандарға кейде сені сынатады,

Қатал тағдар бірақта шыдатады,

Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу.

Өмір деген –алланың берген сыйы.Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері болады.Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы ,жарқын өмір сүруі тиіс."Нағыз қазақ қазақ емес,нағыз қазақ домбыра"-, дей отырып,ортаға Темешбай Ақниет қызымызды ортаға өз домбырасымен шақырамыз.


Жүргізуші:

Ендігі кезекті жетім туралы өлеңдер жолына құлақ салайық.Ортамызда: Мейрбек Гүлзат,Алмашева Ақерке,Жиенқожа Айдын

Гүлзат:

Анашым…

Іздеумен келем, іздеумен өтем өзіңді,

Естігім келет бір ауыз жылы сөзіңді.

Жас жаныма серік етіп келемін

Таусылмайтын сабыр менен төзімді.

Анашым…

қалайша қиып, қалайша мені тастадың?

Сенсіз әлем қара түнек, ашық емес аспаным.

У- шуы көп көшелерде кетіп бара жатқанда

Қараймын мен қызыға анасына басқаның…

Ақерке:

Анашым…

Кеудеңдегі жүрек пе, әлде темір ме?

Тастар болсаң неге әкелдің өмірге?

Неге, неге аямадың сен мені

Тумай жатып дақ түсірдің көңілге?..

Анашым… хайуан да тастамайды баласын,

Мендей сұлу періштені қайдан енді табасың?

Кеудемдегі СЕН деп соққан жұдырықтай жүректе

Өмір бойы сұрақ белгі болып қана қаласың…

Айдын:

Анашым…

Қатал тағдыр мені қалай аясын?

Тек түсімде маған құшақ жаясың.

Тірі болсаң, тілеймін амандығыңды,

Өлі болсаң… бұйыртсын жұмақ саясын…

Анашым…

Мен сені көрмесем де сағынамын,

Тағдырдың жазғанына бағынамын.

О дүниеде жазаласа Тәңірім,

Араша боп, қасыңнан табыламын


Жүргізуші:

Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала – отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталап немесе қайталайтын болса болашақта олардың саны екі есе көп болмақ. Демек, жетім балаларға жаңа мүмкіндіктер – отбасы үлгісіндегі балалар үйі, ондағы шиеленістерді реттейтін және әр балаға жаңа отбасын сыйлайтын делдалдық ұйым.

Ендігі кезекті біздің топ ұйымдастырған көріністі қабыл етіңіздер


Жүргізуші:

Адам баласы шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап, ақтық демі шыққан уақытқа дейін тағдыр тәлкегіне түсіп, басынан санқилы қиыншылықтарды өткізеді. Мұны ақындарымыз:


«Өмір деген есіктен барлығымыз кіргесін,


Келе берер басымызға Тәңірімнен күнде сын» –


деп жырлаған. Бұл ауыртпалықтардың кей біреуі тез тарқап, ал ендігі біреулері өмірімізге өшпес із қалдырады. Шынтуайтында ата-анадан айрылу – дауасыз, емсіз ауру сынды. Келесі кезекте ....... Жетім туралы монолог


Жүргізуші:

Құлақтан кіріп,бойды алар

Жақсы ән ментәтті күй.

Көңілге түрлі ойсалар,

Әнді сүйсең,менше сүй деп Абай атамыз айтқандай Есенжан Ақбота мен Шотанова Гауһар бұлбұлдарымыздың нашидіне құлақ салып тыңдайық.

көрініс

жүргізуші:

Жетім қалған балалар әртүрлі қиындықтарға ұшырауда… Ал тығырықтан шығарар жол –Ислам жолы. Ислам діні жетімдерді жебеудін үлкен сый-сиапатқа йе болатындығын, оларға жәбір көрсетіп, қиянат жасаудың аяусыз азапқа душар болатынын баяндайды:


Мұсылмандарға қанатыңды жай . “ (Хыжыр 88аят)


Жаратушы жаппар иеміз бұл аят-кәрима арқылы, пайғамбарымызға ғаріп, жатақтар мен жетім-жесірге барша мұсылмандарға жұмсақ болуды, қамқор болуды өсиет еткен.


(Мұхаммед Ғ.С) олар сенен жетімдердің жайынан сұрайды. Оларға: жетімдерді түзету жақсы. Тіпті оларды қосып алсаңдар, сонда олар туыстарың (Бөтендігі жоқ) . “ (Бақара 220аят)


Ендеше жетімді қорлама!” (Дұха, 9аят)

Оқушы:


Жетімдердің құқығын беруде әділетті болыңдар. Сендер істеген жақсылықтардың барлығын Аллаһ сөзсіз біледі” (Ниса 127аят)


Негізінен сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер, олар қарындарын отпен толтырған болады. Сондай-ақ жалындаған тозаққа кіреді. “ (Ниса 10аят)


Аллаһымның елшісі хадисінде меңзепті» – дегеніңдей сүйікті пайғамбары-мыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қадірлі сахабаларынан әрдайым: «Бүгін бір жетімнің басынан сипадыңдар ма? Бір аурудың көңілін сұрап бардыңдар ма? » – деп сұрайды екен. Өйткені, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі дүние есігін ашпай тұрып әкеден, алты жасына аяқ басқан шағында анадан айырылып, жетімдіктің дәмін тартқан. Сол үшін жетім балалардың ата-анасының қамқор қанатының аясындағы балалардан кем болмай, қамқорлық аясында өссе екен деген мақсатта сахабилерін жігерлендіріп: «Басынан еш сипалмаған бір жетімнің басын еркелете сипаған кісіге қолының тиген жеріндегі шаштардың санындай сауап жазылады»,- деген.(Ахмед,5,250) Жүрегінің қаттылығынан айығып, мейірімге бет бұра алмай жүргендігін айтып, мұңын шаға келген кісіге Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз жоқ-жітіктерді тойдыруға, жетімдерді жақсы көріп, бастарынан сипау керек деп өсиет еткен екен. (Ахмед,2,263,387)


Оқушы: Тағы да басқа хадистеріңде былай деген:

Мұсылман отбасылардың ішіндегі ең жақсы үй – ішінде жетімге жақсы қаралған үй. Мұсылмандар ішіндегі ең жаман отбасы – жетімге дұрыс қарамаған үй!” (Ибн Мәжә,Әдеп,6).


Кімде –кім мұсылмандардың ішіндегі бір жетімді жетектеп, ішкізіп-жегізу үшін үйіне алып барса, ол кешірілмейтін бір күнә жасамаса (Аллаға ортақ қосу және құл ақысы) Алла Тағала оны сөзсіз жәннәтқа кіргізеді” (Тирмизи,Бирр,14/1917).


Кім қол астындағы қыз не ұл жетім балаға жақсы қараса, ол және мен жәннатта (осылай) бірге боламын” – деп екі саусағын жанастырған еді. (Бухари,Әдеп,24)


Оқушы: Жетімді күту, көңілін аулау, тіпті сәлем берудің өзі де үлкен құлшылық болып есептелінеді. Кем дегенде жетімнің басын сипаудың өзі пайғамбар (с.ғ.с.) қалаған сүннет. Жетімнің басын сипағанда қолымыз неше шаш талшығына тисе, сонша періште жаратылып, ол адамға салауат айтып тұрады. Жетімнің қаншалықты ақысының барын мына төмендегі пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) уақытысында болған оқиғадан білуге болады: ұлық айттың күндері арабтарда балаларын түйелерге мінгізіп, ойнататын үрдіс бар еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешіттен шыққанда бір бала күңіреніп жылап отырды. Баланың әкесі өлген, анасы басқа күйеуге шыққан жағдайы бар екен. Өгей әкесі баланы айт күндері түйемен қыдыртып, ойнату түгілі үйден қуып шыққан еді.Әкем тірі болғанда, мені басқа балалар сияқты ойнататын еді – деген жетімнің сөзі ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жүрегіне найзадай қадалды.

Сенің әкең Мұхаммед, анаң Айша болуды қалайсың ба? – деп сұрады.

Сіздің түйеңіз жоқ қой, мені неге мінгізесіз?

Мен саған сондай бір керемет зор түйедей болам, кел менің арқама шық – деп, жетім баланы иығына отырғызған еді…

Сонда маңайындағылар бұл жағдайға таң қалып, жетімнің көз жасы пайғамбардың жүрегін елжіреткендігі соншама, пайғамбарымыз бала көңілі үшін лоқылдап, түйедей «уф» деп дауыстаған еді…


Оқушы:


Аса ірі тұлға, Құран ахлақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үмметінің жетімдерімен тікелей өзі айналысып, барша адамзатқа мына әсемдікті сыйлағанды:


Мен әр мүминге өз жанынан да жақынмын. Адам қайтыс болғанда мал-мүлік қалдырса, ол мұрагерлерінікі. Ал, қарыз немесе жетім қалдырған болса, ол қарыз менің мойнымда және жетімдерге қарайласу да менің міндетім” (Муслим,Жума,43,Ибн Мәжә,Муққадимә,7)


Өмірге жетім болып келген Аллаһ Расулы (с.ғ.с):

Жетімге мейірбан әкедей бол!” деп үгіттеген. (Һәйсәми,8,163)


Байқасаңыздар пайғамбарымыздың жүрегіндегі мейірімді, ізгілікті көреміз.

. Міне, қандастарым, қоғамда орын алып жатқан әрбір келеңсіз жағдайды, теріс істерді, үлкен үлгі-өнеге болған тәлімгеріміз Мұхаммед (саллаллауһу алайһи салам )-ның сүннеті мен хақ сөзі Құранға берік болсақ, түбегейлі түзете аламыз.


тәрбие сағатымыздың уақыты таяп қалды. Соңғы кезек Қабыл Бақтыгүл бұлбұлымызға бұйырады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!