«Қош
келдің,Әз-Наурыз»атты шағын орталық балаларының
сценариі.
Балалар
ән әуенімен залға кіреді.
Тәрбиеші: Жыл басы-Наурыз
мереке,
Ақ нұрға
– әлем боянды.
Наурыз
тойы береке,
Тіршілік
жаңа оянды.
Уа ағайын
халайық!
Мұнда
назар салайық!
Мерекесі
халықтың,
Наурыз
тойын бастайық!
Тәрбиеші; Наурыз келсе құт
келгені,халайық!
Есік
ашыш,шашу шашып,
Ел
боып,қарсы алайық!
Шашу
шашу.
Тәрбиеші; Ұлы халқым
есептескен,
Ата-салтын ешкім теппеген.
Мың
пәледен құтқарады бір бата,
Адам
болмас,бата естіп өспеген.
Ұлы күнде
халайық,
Қалай
қарап қалайық.
Сәйгүліктей ағайық,
Жасын
болып жанайық.
Ортамызға
апамызды шақырып,
Ақ
батасын алайық!
Бата
беру.
Тәрбиеші; - Балалар,бүгін біз қандай
мерекені тойлағайы отырмыз?
Наурыз-қандай мейрам?
Наурыз
туралы мағлұмат.
1.Жаңа-жылда Қыдыр баба үйге
келсе,олүй ауру сырқаудан,пәле-жаладан аман болады деген сеніммен
Наурызға дейін адамдар үйін қағып,сілкіп,
тазартады.
2.Ел арасында21 наурыз түні
даланы Қыдыр баба аралайды деген аңыз бар.Осыған сенген халық
дәулет дарып,бақ қонсын деп есіктерін ашып қояды.
3.Наурыз мейрамы адамдардың
көрісуінен басталады.Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін
ашып,бұлақ басына тал еккен.Жаңа шыққан күнге иіліп,сәлем
берген.Ренжіскен адамдар татуласқан.
4.Ұлыстың ұлы күнінде кем
дегенде 7 түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже
дайындалады.
Ал,енді
сөз кезегін кішкене бүлдіршіндерге берейік.
1) Наурыз
тойы-тамаша,
Наурыз
тойы-жаңаша.
Табиғатта
тамаша,
Тамылжып
тұр жараса.
2) Наурыз
тойы -салтанат,
Наурыз
тойы-мархабат.
Әр
жүректен ән тарап,
Шаттанады
шартарап.
3) Жылдың
басы-Наурыз,
Жердің
басы –Наурыз.
Мерекеге
арналсын,
Бүгінгі
жыр-әніміз.
4)Наурыз
келді еліме,
Наурыз
келді жеріме.
5 )
Байлық,бақыт тілеймін,
Бүкіл
қазақ еліне.
6) Наурыз
тойым,наурыз тойым,
Құтты
болсын,халайық!
7) Қане
достар,қане достар,
Шырқап
әнге салайық.
Ән: «Наурыз
көктем.»
8) Наурыз
бұл мереке,
Құтты
болсын береке.
9)Қыдыр
ата келсін,
Жақсы
тілек әкелсін.
10)
Көктем келді,балақай
Жасарды
жер алақай.
Наурыз
тойын тойлайық,
Әсем әнге
сал апай.
Ән;
« Қазақы
дастархан» Ұжымның
орындауында.
11) Арпа
,бидай, тары бар,
Қатық,малта тағы бар.
12)
Ішілетін,жейтіннің,
Бұл
көжеде бәрі бар.
Би: «Боз
жорға,Бипыл»
Ойын: «Теңге алу» , «Арқан
тарту»
Тәрбиеші: Қазақта әр түрлі салт-дәстүр
бар.Мысалы:Ат
қою.Қазақ отбасында баланың
дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан
салт-дәстүрлер бар.Соның бірі-балаға ат қою.Бала дүниеге
келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат
қояды.Ат қоюшы адам баланың құлағына- «Сенің атың-Бақыт »деп үш рет
қайталайды.
Екіншіден-бесікке
салу рәсімі.Бесікке салу-нәрестені
алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ
өсірген қадірменді әйелге тапсырады.Осыдан кейін бесікті отпен
аластап,баланы бөлейді.
Көрініс: Бесікке
бөлеу.
Үшіншіден-тұсау
кесер рәсімі. Тұсау -сәби қаз
тұрғаннан кейін,тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын
ғұрып-ырым.Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп
аттамасын деген ұғымнан шыққан.Сол жіппен баланың аяғын тұсап,оны
жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады.
Көрініс: Тұсау кесу.
Осымен Қош
келдің,Әз-Наурыз атты мерекеміз
аяқталды.
Көже
ішу.
«Бекітемін»
Мектеп
директоры:
К.К.Байбатыров.
Базылбек Ахметов атындағы орта
мектеп
Шағын орталық
Ертеңгілік
Тақырыбы: « Қош
келдің,Әз-Наурыз»
Тәрбиеші:
У. С.
Кусаинова
Саратовка ауылы 2021
жыл