Материалдар / Тәрбие сағаты, 6 сынып

Тәрбие сағаты, 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұялы телефонның балаларға тигізер пайдасы мен зиянын анықтау. балалардың өз ойларын тұжырымдап айта білуге, өзгелердің пікірімен санаса отырып, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Білімділігі: балалардың ұялы телефонды пайдалануда ақпараттық мәдениетті болуын қалыптастыру. Телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2024
176
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ұялы телефонның пайдасы мен зияны

Мақсаты: ұялы телефонның балаларға тигізер пайдасы мен зиянын анықтау.

балалардың өз ойларын тұжырымдап айта білуге, өзгелердің пікірімен санаса отырып, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Білімділігі: балалардың ұялы телефонды пайдалануда ақпараттық мәдениетті болуын қалыптастыру. Телефонның денсаулыққа әсерін түсіндіру

Тәрбиелілігі:

ұялы телефонды тиімді пайдалануға тәрбиелеу. Топпен жұмыс жасай білуге, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

өзіне деген сенімділігін арттыруға ықпал ету.

Түзете-дамытушылығы:

есте сақтауын, қайта жаңыртуын және сөйлеуін дамыту. Сұраққа жауап беру арқылы зейіні мен ойлау қабілетін дамыту.



Көрнекілігі: интербелсенді тақта, АКТ технологиялар, слайд, үлестірмелі материалдар.

Ұйымдастыру кезеңі.

Нейрожаттығу арқылы көңіл-күйлерін көтеріп, белсенділіктерін арттыру.

«Бұл кім?» әдісі

Интербелсенді тақтадан Александр Беллдің суретінен балалар оның кім екенін ойланады. Балалар өз ойларын ұсынып, сыныпта талқылайды.

Бұл суреттегі адам- ең алғаш телефонды ойлап шығарған, Шотландия өнертапқышы- Александр Грэхем Белл.

Александрдың әкесі есту қабілеті нашар адамдарға естуге мүмкіндік беретін құрал ойлап тапқысы келіп ізденеді. Өкінішке орай ол қайтыс болады да, оның ісін ұлы- Александр Белл жалғастырады. Себебі оның анасы да, ғашық болып үйленген жары да құлақтары естімеген. Сөйтіп, жақын жандарына көмектесемін деп 1876 жылы телефон ойлап шығарады.

Экранға телефон суреті шығады.

Ұялы телефон эволюциясы. Слайдта көрсетіледі.

Алғашқы телефон салмағы 1015 гр

Қазіргі телефонның салмағын таразыда өлшеп тұздың салмағымен салыстырып көрсету. Балалар өздері өлшеп көріп, ойларын айту.

Міне, содан бері телефон көп өзгеріске ұшырады. Қазіргі заманда телефон өмірдің барлық саласында қолданылып, адамның ажырамас бөлігіне айналды. Оның ішінде керектігінің бәрі бар. Мысалы, сағат, оятқыш, қолшам, есептегіш, карта, фотоаппарат, диктофон, күнтізбе, жазу, сызу, кітап, тез арада хат алмасу, бейнеқоңырау міне осылардың барлығын бір ғана телефон алмастыруда (Заттарды көрсету).

Міне көрдіңіздер ме, ел игілігі мен байланыстың тиімділігі үшін шығарылған телефон қандай керемет! Ал енді ұялы телефонның Сіз білетін және білмейтін де зиянды жақтары бар екен. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбымен танысу үшін тақтаға назар аударайық. Тақырып: Ұялы телефонның пайдасы мен зияны.

Қалай ойлайсыздар, телефон пайдалы ма әлде зиянды ма?

Балалар ойы тыңдалынады.

Ендеше, ұялы телефон пайдалы деген оймен келісетін балалар қолдарыңызды көтере қойыңыздар.

Ал, ұялы телефон зиян деген балалар қолдарыңызды көтере қойыңыздар.

Олай болса, ұялы телефон пайдалы деп санаған балалар оң жаққа , зиянды деп ойлайтын балалар сол жаққа отыра қойыңыздар.

Ұялы телефонның пайдасы мен зияны туралы толық білу үшін ең алдымен «Адасқан әріптер» ойынын ойнап жіберейік.

Алдарындағы әріптер жазылған қағаздарды алып, рет-ретімен орналасу қажет, 5 секунд аралығында («Пайдалы» және «зиянды» сөздерін құрап орналасу ). Балалардың жылдамдығы мен зеректілігін мадақтап орындарына отыруларын сұрау.

1 ші топтағы балаларға сұрақ қою.

Не үшін ұялы телефон пайдалы деп ойлайсыздар?

1) Ата-анамыз біздің қайда жүргенімізді біле алады.

2) Өзімізге қажет ақпарат тауып алуға болады.

3) Естелікке сурет пен бейнероликке түсіп сақтауға болады.

4) Оқыс жағдайға   ұшырағанда (көлік апаты , ұрлық ,  кездесуге уақытылы  улгере  алмаған жағдайда,  өз  өміріңе- жақындарыңа  қауіп төнген жағдайда ) қажет болады.

5) Төлем жасап, бір-бірімізге ақша аударымын жасай аламыз.

6) Интернет арқылы тапсырыс беруге болады.

7)   Ата-аналармен, алыстағы тума-туыс, достармен бейне арқылы бір- бірімізді көріп сөйлесуге болады.

Балалар жауабы тыңдалынады. Сұраққа толық сөйлеммен жауап беруі мен өз пікірін еркін жеткізе білуі қадағаланады.

2 ші топ балаларына сұрақ қойылады.

Не үшін ұялы телефон зиян деп ойлайсыздар? Балалар жауабы тыңдалынады. Сұраққа толық сөйлеммен жауап беруі мен өз пікірін еркін жеткізе білуі қадағаланады.

1 ) Ұялы телефон зиянды сәуле тарататыны үшін өте зиянды. Ұзақ қолданылғанда зияны өте көп.

2) Ми, көз, құлақ, кеуде, жүрек және басқа да мүшелерде өзгерістер мен аурулар пайда болады.

3) Зиянды ойындар ойнау кезінде ойы мен тәрбиесі өзгеріп, ойынға еліктеп жағымсыз іс-әрекеттер жасап қоюы мүмкін.

4) Ойынға, әлеуметтік желілерге алаңдап сабаққа деген қызығушылығы төмендейді.

5) Үнемі үздіксіз қимылсыз отырғандықтан омыртқа мен арқасы қисайып кетеді

6) Алаяқтарға алданып қалуы мүмкін.

     Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру мақсатында қосымша сұрақтар қою. Қарсы топтың жауаптары туралы Сіз не ойлайсыз?

Жарайсыздар, балалар! Таяқтың екі ұшы бар секілді, ұялы телефонның да Сіздер айтқандай пайдасымен қатар зияны да бар екен. Ендеше , осы айтылған жауаптарыңызды топтасып постер бетіне нақтылап қорғап шығуларыңыз қажет!

Іске сәт ! Уақыт шектеулі.

Балалар өз жұмыстарын түсіндіріп береді.

Екі топтың да жауаптары керемет, түсінікті, нақты . Екі жақ та дұрыс айтады, қазіргі заман ағымына сай, әр адамда ұялы телефон болу қажет, бірақ қайткенде ол бізге зиянды болмайды?

Интербелсенді тақтаға назар аударайық. Ұялы телефонды пайдалану ережелері туралы әр бөлімді оқып, өз ойларымен жауап береді.

1. Қоңырауға 4 секундсыз жауап бермеу. Неліктен? Өйткені бұл уақыт аралығында электромагниттік толқындар әсері өте күшті болады және адам ағзасына тез тарайды.

2. Сөйлесіп болған соң телефонды құлақтың түбінде ұстап тұрып өшірмеу. Себебі өшірген кезде толқындар лезде құлаққа тарайды. Бұл құлақтың түрлі ауруларына әкеп соқтырады.

3. Найзағай соғу қаупі жоғары болғандықтан, мүмкін болса, жаңбырлы күні ұялы телефонды қоспау, магниттік күші көбейеді.

4.Телефонмен ең ұзақ дегенде 15 минуттай сөйлесу. 2-ші пункте айтып өткендей құлаққа зияны көп.

5.Ұйықтаған кезде 1,5 не 2м алыс жерге қою керек. Электромагниттік толқындарының әсер күшті болғандықтан, ұйқының бұзылуы мүмкін.

6. Қалтадан бөлек, сөмкеде ұстау немесе қалтаңыздан тастамайтын болсаңыз, қорғаныс қапшығына салып жүріңіз. Қазіргі уақытта жаңалықтардан талай жағдайларды көріп жатырмыз. Алдыңғы қатардағы, сәнді деген телефондарымыз адамға зияның тигізуде.

7.Сөйлесер кезде, құлаққаппен сөйлесу. Бұл телефонмен тікелей сөйлескенге қарағанда электромагниттік толқындардың аз таралуына бірден бір көмекші. Бірақта құлаққапты көп қолдануда зиян.

8.Телефон төсегіңізде жатпауы керек. Жүйке жүйесіне зиянды әсер етіп, ұйқыны бұзады. Таңертең бастың ауыратыны және белдің ауыратыны сондықтан, толқындардың әсер етуі.

9.Телефонды белде, кеудеге ұстауға әсіресе, шалбардың және пиджактың қалталарында салып жүруге болмайды. Толқындар ағзаның ішкі мүшелеріне зиянды.

10.Телефонды ойын ойнайтын ойыншық немесе уақыт өткізер құрал ретінде мүлдем пайдалануға болмайды..

Міне , көрдіңіздер ме, егер де ұялы телефонды пайдалану ережелерін сақтасақ оның зиянды әсерін азайтуға болады.

Балалар, бүгінгі тәрбие сағатынан айтылғандарды өмірімізде қолдану үшін әрі еске мұқият сақтау үшін «ақиқат» - «жалған» ойынын ойнаймыз.

1. Қоңырауға 4 секунд ішінде жауап беру керек. (Жалған)

2. Сөйлесіп болған соң телефонды құлақтың түбінде ұстап тұрып өшірмеу қажет. (Ақиқат)

3. Найзағайлы күндері телефонды пайдаланған дұрыс ( Жалған)

4.Телефонмен ұзақ сөйлескен зиян емес (Жалған )

5.Ұйықтаған кезде 2м алыс жерге қою керек ( Ақиқат )

6. Қорғаныс қапшығына салып жүрген дұрыс (Ақиқат)

7.Сөйлесер кезде, құлаққаппен сөйлеспеу керек ( Жалған)

8.Телефонды жастық астына қойып жатқан жөн (Жалған)

9.Телефонды адам денесіне жақын ұстап жүруге болмайды (Ақиқат)

10.Телефонды ойын ойнау үшін ойлап тапқан (Жалған ).

Балалардың жауаптарын тыңдау. Мадақтау.

Қорытынды:

Сонымен балалар, бүгін біз күнделікті өзіміз пайдаланып жүрген ұялы телефоннның шығу тарихын, даму кезеңін, пайдасы мен зиянын және де ең бастысы ұялы   телефонды қолданғанда өз ережесіне сай зиянсыз қолдануды үйрендік. Бірақ  сол  ережені сақтамасақ , көптеген  аурулардың иесі боламыз. Сіздердің алдарыңызға қойған арман-мақсаттарыңызға жетіп, бақытты болуларыңыз үшін ұялы телефонды тиімді пайдалану қажет.































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ