Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты "Абай дана - Абай дара"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«№35 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Тәрбие сағаты:
Абай Құананбаевтың 175 жылдығына орай
«Абай дара - Абай дана»
Дайындаған: Серікова М.Ж.
Семей қаласы
2019-2020 оқу жылы
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Абай дара - Абай дана»
Тәрбие сағатының мақсаты:
-Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,
шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп
айтқызу.
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете
отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу. Көркем
сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге
көмектесу.
- Адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру
Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту
Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар.
Техникалық жабдықталуы: ноутбук, проектор, бейнетаспа
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, неміс тілі,тарих, ән
Тәрбие сағатының кезеңдері:
1. Ұйымдастыру
2. Ой шақыру
II Сайыс 5 - бөлімнен
тұрады:
1. Абайдың қара сөзі;
2. Абайдың әндері;
3. Абайдың аудармалары
4. Өлең оқу;
5. Кім жылдам
6. Асыл сөздердің жалғасын тап.
Қорытынды
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеді.
Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі - Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер - Абайды оқымағандар».
- Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?
- Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен танысып жатырмыз.
Бүгінгі заман адамы «сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуі керек. Оның бастысы, біздер үшін- әдептілік.
Алинур: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң,арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар.
Қашқанға да қуғанға
Әділет, шапқан кімде бар.
Сол жарасар туғанға.
Бастаушы. Ой қозғау.
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлағандай, Абай
есімін естігенде есімізге не түседі?
Соны
мына күннің әрбір шапағына жазып көрсетейік.
Шығармашылық жұмыс
Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдері бар? («Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз»). Өлеңдерді мәнерлеп оқу. Үш тілде оқу.
Жаздыкүн шілде
болғанда,
Көкорай шалғын,
бәйшешек,
Ұзарып өсіп
толғанда;
Күркіреп жатқан
өзенге,
Көшіп ауыл
қонғанда;
Шұрқырап жатқан
жылқының
Шалғыннан жоны
қылтылдап,
Айым: Summer climbs the
mountains.
Flowers overcolour and
blanch.
Men leave the sun and
sit,
tree-tented, by the cold
creek.
Horses bray, each
apart
in the warm air, and the long
grass
whiffles in a lime
plain.
Амина: Летом, когда тенисты деревья,
И буйно цветут цветы на лугах,
И на широких речных берегах
Шумно раскидываются кочевья,
Так высока в степи трава,
Что спины коней видны едва.
Айбар:Абай Құнанбаев- қазақ халқының кемеңгері. Дана ақын – Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы – Ұлжан, әжесі – Зере.
Мансұр: Абай жас кезінен әңгімеге, өлеңге әуес болды. Ертегі, аңыздарды да зейін қойып тыңдай білген. Әсіресе әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі, аңыздардың Абай үшін маңызы зор болды.
Аида: Жастайынан халық ауыз әдебиетіне сусындап өскен Абай ақындық жолға бет бұрады. Абайдың өлеңдері жас ұрпақты еңбекке, өнер-білімге ұмтылуды үндейді. Алғашқы жазған өлеңі «Жасымда ғылым бар деп ескермедім »
Алдияр:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Адамның бір қызығы - бала
деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де баска шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс
көрмедім.
Абай өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер енгізуге қарсы болды. Абайдың күйлері бар. Абай ата – ақын, жазушы, философ, сазгер, аудармашы, данышпан, көсем, табиғат жыршысы, табиғат досы, қамқоршысы, суретшісі. Абай әндерін бала да,үлкен де, жеке дауыста да, трио, квартет те, хормен де сүйіп орындайды.
Ақмарал: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең,менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді-өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып.
Ән: «Желсіз түнде жарық ай»
Мұғалім: Абай атамыз орыс халқының классик ақындарының шығармаларын аударған.Пушкиннен «Татьянаның әні», «Қараңғы түнде тау қалғып» Лермонтовтан аударған, ол неміс халқының классигі Гетеден аударған.
Әрсен: Қараңғы түнде тау қалқып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт,дем-салғып,
Түн басады салбырап.
Шың шығармас жол-дағы,
Сыбдырамас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсақ азырақ.
Сондай – ақ, Абай атамыздың 45 қара сөздері бар. Абай ата 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық, ойшылдық және көбінесе адамгершілікке өсиет, толғауға арналған .
Мансур:
18- қара сөзінен үзінді: Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылыми, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де ақымақтық.
Ілиас: 33-қара сөзі: Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбеек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерлік- қазақтың әулиесі сол.
Жастайынан халық жағына шығып,олардың зар, мұңын ұға білген Абай қазақ халқының болашағы үшін күресті. Ел арасындағы дау-жанжалдардың әділ жолын көрсетіп, адам бойында кездесетін жаман мінез – құлықтарды ақыл, парасаттылығымен шеше білген.
«Кім жылдам?» (сөздік тесті) сөздердің ағылшынша, орысша баламасын табу
барымта – воровство - (ағылшынша – theft)
айырбас – обмен -(ағылшынша – exchange)
жәрмеңке – ярмарка (ағылшынша – fair)
тілмаш – переводчик – (ағылшынша – interpreter)
дарынды – одаренный, талантливый – (ағылшынша – talented)
зиялы – интеллигентный – (ағылшынша – intelligent)
талап – стремление – (ағылшынша – atbition)
Асыл сөздердің жалғасын тап.
Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық
---------------------- (Аздырар адам баласын)
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті
------------------------------------- (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп
--------------------- (Екі жаққа үңілдім)
Қайратсыз ашу – тұл
Тұрлаусыз ғашық – тұл
------------------------------- (Шәкіртсіз ғалым - тұл)
Мұғалім: Міне,балалар бүгін Абай атамыз жөнінде біраз мағлұмат алдық деп ойлаймын.Абай атамыз туралы кино бар.Онда Абайдың ролін Болат Әбдіманов ағамыз ойнайды. «Абай» атындағы опера-театры,Абай атындағы көшелер,музейлер,Абай ескерткіші,жоғарғы оқу орындары,мектептер,қала аттары бар. Бұл дегеніміз халқымыздың Абай еңбегін бағалап,мәңгі есте сақтайтындығымыздың куәсі.
Қорытынды: Абай жолы – халық жолы. Абай атамыз қашанда келешектің өлмес, өшпес күн шуағы. Әрқашанда жас жүрегіміз соғар Абай- деп ойлаймын. Сабағымызды Елбасымыздың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»