Материалдар / Тәрбие сағаты Абай-ұлы ақын 1-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты Абай-ұлы ақын 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты,қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу.Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2020
3670
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Искендер Нұржігіт

Түркістан облысы, Арыс ауданы, Теміржолшы шағын жинақты бастауыш мектебінің оқушысы

Тақырыбы: "Абай –ұлы ақын"

Мақсаттары:

1.Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қарасөздерімен таныстыру.

2.Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау,есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту.

3.Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты,қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу.Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.

Көрнекілігі: Абай суреті, нақыл сөздері, өлеңдерінен үзінді, Абай туралы кітаптар көрмесі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе бөлімі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Бүгінгі біздің "Абай –ұлы ақын" атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Ұлы   Абайға  175 жыл                                Абай-адамзаттың өркениет тарихындағы ұлы тұлға. Абай- қазақтың ғана емес,адамзаттың ақыны. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.







Келесі Абай Құнанбаевтың өміріне назар аударыңыздар.

Абай Құнанбаевтың өмірбаянынан үзінді.

1-ші оқушы:Абай- ұлы ақын, Абай –дана, ойшыл, замана суреткері.Абай-аудармашы.Абай- сазгер, композитор.Абайдың шын аты-Ибрагим.

2-ші оқушы: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845жылы тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.

3-ші оқушы: Абай Құнанбаев 1904 жылы, ұлу жылында 60 жасында Семей облысының Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан.

4-ші оқушы: Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болып сайланған.Атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Арғы атасы –Ырғызбай- билеуші сұлтаны болған.

5-ші оқушы: Абайдың әжесі –Зере.Абайды осы Зере деген әжесі тәрбиелеген.Әжесі Ибрагимді еркелетіп "Абай" деп атап кеткен.

6-ші оқушы: Абайдың анасы Ұлжан- ақылды, мейірімді кісі болған.

7-ші оқушы: Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуға түседі.Ол үздік оқушы атанады.

8-ші оқушы: Абай 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралған. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.

9-ші оқушы: 15 жасынана бастап, әкесіне көп көмегін тигізген. Ел-жұрт Абайды би етіп сайлады. 20 жасында Абай от тілді шешен болған.

10-ші оқушы: Абай – сазгер. «Айттым сәлем ,Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», әндері бар. Домбыра тартқан, 3 – 4 күйі бар. «Май түні», «Абай желдірмесі»

11-ші оқушы: 4 жылдық медреседе және 3 айлық орыс мектебінде оқиды. 15 жасында би етіп сайлайды.





 Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдері

(«Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз»).

Күз

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып ,дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басұан жері сақырлап келіп қалды.

Жаз

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда.

Жазғытұры

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.





1-ші бастаушы:

"Абай –ұлы ақын"Ақындардың ұстазы. Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегінен тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді. Абай өз өлеңдерінде жастарды өнер, білім алуға шақырды.Адал еңбек етуге,халқына пайда келтіруге үндеді.

2-бастаушы:

Оның әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп еседі.Жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні,Абай тынысы- заман тынысы, халық үні.

Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

1-ші бастаушы:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

2-ші бастаушы:

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

3-ші бастаушы:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

4-ші бастаушы:

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.

5-ші бастаушы: Достар, Абай атамыз туралы не білеміз?

Оқушылар жауабы: Біз Абай атамыздың өмірбаянымен туған жерімен таныстық.

Қазақ десе, Абай түсер есіңе...
Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.
Өлеңі бізге рухани азық секілді,
Абайдың биік тұлғаны қайдан табарсың?


Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің,
Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.
Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,
Қайғы - зарын жырлай білген даламның.

Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған,
Ән мен жыры ел назарсыз қалмаған.
Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып,
Жас қауымға сабақ етіп жырлаған.

Абай - дана, Абай - дара қазақта,
Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес ақын болмас қазақта.

Кеше өткен бұлдыр заман желегі,
Болашаққа Абай үнін тіледі.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Абай үні бізбен бірге келеді!

Абайдың қара сөздері:

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды

Толғайды қара мұңым менен зарымды

Абай сынды дана туған халықтың

Ұл-қызы да болу керек дарынды.

Келесі тамашалайтындарыңыз Көрініс. "Абай мен Әбіш"

Автор.Абайдың Әбдірахман деген баласы Петербургте оқып, жазғы демалыста үйіне келеді. Абай баласының алғырлығын сынап білейін деп былай дейді.

Абай. Қалқам, Әбіш, осы әлемдегі ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?

Әбіш. Ақ зат асыл ғой.

Абай.Неге, қара зат асыл емес пе?

Әбіш.(күліп).Әке, қараны қалай асыл дейсіз?

Абай. Балам, біріншіден,адам баласы барлық нәрсені көзбен көреді емес пе. Көздің ағы көрмейді,ортасындағы қарашығы көреді.Қараның асылына осы дәлел.

Екіншіден балам,қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне қара сиядан өнер-білім алады.

Үшіншіден. жас кезде адамның сақалы,шашы қара болады. Жас күнде адамда ақыл, білім,қайрат көп болады.Қартайғанда шаш, сақал ағарады. Қайрат та азаяды. Балам, сондықтан мен қараны асыл ма деп ойаймын.

Әбіш. Әке, оның бәрін қалай білдіңіз?

Абай.Ақылмен білдім, балам.

Әбіш.Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе!Екіншіден, ақыл-нұр, жарық зат. Ол да аққа ұқсамай ма.

Абай. Бәрекелді, балам. Ақылыңнан айналдым. (Баласының маңдайынан иіскп, сүйеді.)

Автор. Абай Әбіштің тауып айтқан сөзіне риза болды.

Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе,Абайды оқыңыз. Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.

Сабақты қортындылау Мынау тұрған Абайдың суретіме? Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне. Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған, Қарсы келер Абайдың кім бетіне.-деп жырлапты жыр алыбы Жамбыл Жабаев

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!