Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Адамгершілік – адам жанының айнасы»
Мақсаты: Қазақстанның бірінші
ханшайымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара
Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас
ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына,
жалпы адам атаулыға деген бауырмалдыққа, сүйіспеншілікке, махаббат,
достыққа беріктік секілді ізгі қасиеттерге
тәрбиелеу.
Оқытушы: 1. Армысыздар
қымбатты ұстаздар,оқушылар!
Бүгінгі «Өзін- өзі тану»
пәнінің негізгі авторы С.А.Назарбаеваның 80 жылдық мерей тойына
арналған «Адамгершілік – адам жанының айнасы атты тәрбие
сағатымызға қош келіпсіздер! Барлық баланың жүрегін жылытқан,
жүрегіне ана мейірімін ұялатқан, адамдық қасиетттерді дарытқан,
тәрбиелі де қасиетті, өнерлі де өжетті, білімді де зерек балалардың
көбеюіне ат салысқан еліміздің бас анасы Сара Алпысқызы «Өзін -өзі
тану»жобасын ұйымдастырып, әлемге мейірімін шашу арқылы
мұңайғанды қуантып, жылағанды жұбатып, барша халыққа күлкі сыйлады.
Осы жоба арқылы әр адамға өмірдің не екенің, адамның нені үйрену
керектігін, балаға нені үйрету керектігін түсіндіру
еді.
Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды
торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің.
Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе
берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу.
Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола
білу.
«Адам баласы өзінің жан
дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен
нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек», — деп Сара
Алпысқызы айтқан екен.
2.Ал енді
Сара Назарбаеваның өмір
жолы туралы бейнероликке назар
аударыңыздар.
3.
Адамгершілік - адам бойындағы
гуманистік құндылық, әдеп ұғымы, адамның рухани
байлығы. Адамгершілік әр адамға тән
асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-халқында, отбасында,
олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті
күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына
сіңіреді.Адамгершілік қоғамдық сананың
ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы,
іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен
сипатталады:
Олар адамды құрметтеу, оған
сену, әдептілік, кішіпейілдік және
қайырымдылық.
«Адамгершілікке арналған үш сауал
бар:
Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.» - дегендей ендігі кезекті
адамгершілік жайлы өлеңдерге берейін
1-оқушы
Адамзаттың қыры
адамгершілік
Ғаламаттың иесі берген енші қып
Адамдықтың тәрбиесін анықтар
Жұмсақ мінез сабырлық пен кісілік
Білім – ғылым жақсылыққа
бастаған,
Ар – ожданың адамдықтан аспаған.
Ақыл-сана аз да болса толар деп
Әр күн сайын жан кітабын жастанам.
2-оқушы
Ұмтылғайсың тек биікке белеске,
Ермегейсің қызық атты елеске,
Бойға сақтап әдептілік, ар-ұят.
Тыңда ұғын, құлақ асып кеңеске.
Сыйлағайсың ата-ана,бауырды,
Ана деген ұлағатты қауымды.
Төрелігін айтып саған әй дейтін,
Әке деген айбарыңды дауылды.
3-оқушы
Бойға керек намыс,ұят қасиет,
Аталардан қалған асыл өсиет.
Жігеріңмен жеңерсің бәрінде,
Болса санаң ,жүрегіңде ақ ниет.
Абай атам айтып өткен ақылды,
Жамбыл бабам жырлап өткен нақылды,
Бойға жинап тек биікке ұмтылу,
Әрбір жастың Алла берген бақыты
4-оқушы
Әр уақытта байыптылық керім
іс
Адамгершілік сапалы қыр сеніңіз
Абай айтқан бес асыл іс керегі
Жаныңызға рахаттана теріңіз
Адал еңбек қара термен келетін
Бейне құрал қажет жеміс беретін
Пайдаланар ұқыптылық олда ырыс
Адамдықтың жақсы ісі өнетін
Әдептілік адамдықтың айнасы
Адамгершілік адалдықтың пайдасы
Жөнді мінез досың болар жаныңа
Жөнсіздердің өтпесе егер айласы
5-оқушы
Ей, адамдар!
Асықпайық, кіналауға бірімізді-біріміз,
Бәрімізде періште емес, жаратқанның құлымыз.
Ең әуелі, біз өзіміз кішіпейіл болайық,
Иманды, адал болсын десек, қызымыз бен
ұлымыз!
Ей, адамдар!
Біз өзіміз мейірімді, қайырымды болайық,
Ата-анаға құрмет , ізет көрсетелік лайық.
Баламызға бүгін берген тәрбие мен тәлімің-
Ертең кері өзімізге қайтатынын ұғайық!
4.
Оқытушы:
Адам қайырымдылығымен,
адалдығымен, әділеттілігімен ардақты. Мұның бәрін адамгершілік
деген ұғым өзіне жинақтайды. Адамгершілік–адамның рухани арқауы,
асқақ табиғатының көрінісі
Бауыржан Момышұлы айтқандай:
«Адамгершілігі жоғары адамның алдында жат қылықтар жасауға ешкімнің
батылы бармайды. Себебі, оның мысы болады, жан жүрегі таза, рухы
биік адамды ешкім басына алмайды» дейді. Адамдық борышқа адалдық
адамның адамға және қоғамға қарым-қатынасында жақсы қасиеттер, игі
істер арқылы көрініп отырады.
Енді адамгершілік жайлы ұлы
адамдардың нақыл сөздеріне кезек
берейік:
1-оқушы
Адамның шын мағынасымен "Адам"
болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы
адамзатты сүюі шарт.
Мағжан
Жұмабаев
Кісі айыбын ашып айтқаннан,
жапқан жақсы.
Жүсіп
Баласағұни
Жүрегі таза адам қиянатқа
бармайды.
Шәкәрім
Құдайбердіұлы
Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
Адамның ұяты
бетінде,
Адамгершілігі
ниетінде.
Асыңа тойғызбасаң да,
Ақ ниетіңе тойғыз.
Су бермегенге, сүт
бер,
Ақ ниетіңді
білсін.
Қайырымдылық
жасасаң,
Қайырын өзің
көресің.
Ақылың болса, арыңды
сақта,
Ар ұят керек әр
уақытта.
Азаматтық жасай алмаған адам
–
Бұл өмірге келмеген адаммен
бірдей.
Ән хормен айтылады: Дос
туралы
5. Адал достық –
адамгершіліктің белгісі» Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе,
өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса
да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» Олай болса ендігі кезекте
барлығымыз хормен дос туралы әнді
шырқайық:
Оқытушы:
Қорытынды:
Әрбір адам өзіне, басқаларға
ата-анасына, халқына, оқу орнына, ұжымына, өз отбасына деген
міндеттері мен борыштары туралы есінен шығармауы тиіс. Бұл
міндеттер мен борыштарды әркім үлкен адамгершілікпен дұрыс, адал
атқаруы маңызды. Ол үшін адам өзіне қатаң талап қойып, дұрыс әрекет
етіп, уақытты бағалай білуі басты шарт. Осы тұрғыда Міржақып
Дулатов «Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл,
жапырақтар бір-ақ рет жасарады. Осы секілді адамның басына жастық
екі келмейді. Жастық біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін қалай
күз келеді. Сол секілді жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына
жинақты кісілер жаз күні қыстық азық-түлігін даярлап қояды. Адам да
жасында өнер-білім, жақсы мінездерді бойына жинауы тиіс. Мұнсыз ол
қартайған шағында рахат тіршілік ете алмайды»
дейді.
Адам болу-қасиетті атақ.
Адамға қойылатын басты талап-асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді
бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Адамгершілік,
азаматтық Отанды сүюден басталады. Отанымыздағы, еліміздегі барлық
ұлттар да бір жанұяның адамдарындай тату болайық. Мәңгілік ел болу
жолында, еліміздің көркейуіне, әркім өз үлесін қосады деп
сенеміз!