Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты "Әке, ана, бала" тәрбие сағаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Әкеге қарап ұл өсер»
Әкелер байқауы
Мақсаты:
Жанұядағы әке,ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, рухани ұлттық салт – дәстүрімізді жаңғырту мақсатында, әке мен ана орнының ерекше екенін ұғындыру. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Аға ұрпақтың ізімен жүретін намысшыл, ер мінезді ,жігерлі тұлғаны дамыту.
Түрі: сайыс
Қатысушылар: 2,3,4 сынып ата-аналары мен балалары
Көрнекілік:
Слаид, ата-ана, бала туралы мақал-мәтелдер.
Барысы:
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар мен оқушылар!
Әке – асқар тау,
Ана – қайнар бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ – деген мақал өмір шындығы екені анық. Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшырататын әке де қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған.
Олай болса біздің сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Әке, ана, бала» атты сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық, қошеметпен орындарына отырғызайық:
1. 2 «а» сыныбынан Дәлел отбасы
2. 2 «ә» сыныбынан Дәлелхан отбасы
3. 2 «б» сыныбынан Байсов отбасы
Жүргізуші:Сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар
1. Таныстыру
2. «Ұтымды жауап» ситуациялық жағдайлар шешу
3. «Өнерліге өріс кең» сайысқа қатысушы ата-аналар өз өнерлерін көрсетеді (өлең айту, билеу, қолдан жасаған бұйымы болса соны таныстыру, өлең оқу, шығарған өлеңдері болса оқу, баласының өнерін көрсетуіне немесе баласы екеуі бірлесіп өнер көрсетуіне болады)
4. «Жалғасын тап...» мақал мәтелдер айту
5. «Тауып көрейік» Дәптердегі жазуын табу
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып,
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық :
Жүргізуші
Әр бір отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана - отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Ата - анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата - ана болмасын баласының білімді, мәдениетті тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Ұлтымызда «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оған шимай қалай салынса, бала тәрбиесі де солай сияқты» деген Ж. Ж. Руссо.
1-кезең. «Таныстыру» Олай болса, мен кезекті сайысқа қатысушы әкелер мен балаларға беремін. Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер.
2-кезең. «Ұтымды жауап» ситуациялық жағдайлар шешу.
1. Балаңыз 13 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?
2. Балаңыз күнде 1 – сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
3. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Мінезіне де өзгерістер енгендей. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?
4. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: Түн неге қараңғы? Күн қайда кетті? Ұшақ қалай ұшады? Деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдары көп болса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
5.Кейбір ата - аналардың баласының әрбір істеген іс - әрекетіңе көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың?»- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс – әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
6. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
7.Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
3-кезең «Өнерлі өрге жүзер» сайысқа қатысушы әкелер өз өнерлерін көрсетеді (өлең айту, билеу, қолдан жасаған бұйымы болса соны таныстыру, өлең оқу, шығарған өлеңдері болса оқу, баласының өнерін көрсетуіне немесе баласы екеуі бірлесіп өнер көрсетуіне болады)
4-кезең «Жалғасын тап...» мақал мәтелдер айту (әкелер бала туралы, балалары әке туралы мақалдар айту жарысы)
Дәлел отбасы
Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – он пішер.
2.Бала жас шыбық сияқты (қалай исең солай иіледі)
3.Бала жақсы болса қуаныш– ( жаман болса – қиналыс)
Дәлелхан отбасы
1.Анасы қандай болса – (баласы сондай)
2.Әкесіне
қарап ұлын, Шешесіне қарап қызын
таны
3.
Ата-ананың
қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
Байсов
отбасы
1.Ананың
сүті—бал, Баланың тілі —
бал.
2.Атаңа не
қылсаң, Алдыңа сол
келер
3.
Болатын бала — пысық, Жауатын күн —
ыстық.
1.
Қарға баласын «аппағым» дейді, Кірпі баласын
«жұмсағым» дейді
2.
Әкесіне тартып ұл тумас, Шешесіне қарап қыз
тумас
3.
Ана жақсылығын, Ауырсаң білерсің. Қайын
жақсылығын, Қыдырсаң
білерсің.
5-кезен. «Тауып көрейік». Бұл кезеңнің мақсаты әр ата-ана өз баласының жазуын қаншалықты білетінін анықтау.
Жүргізуші:
Мұғалім: “Ертеде бір адам ғұламаға келіп:
- Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс? – деп сұрапты.
Ғұлама:
- Балаңыз қаншада? – деп өзіне сұрақ қояды.
- Бес – ақ ай толды, – дейді анау. Сонда ғұлама басын шайқап:
- Бес айға кешіккен екенсіз, – деген екен “. Халық арасына кең тарылған бұл аңыздың айтпағы баршаға түсінікті. Яғни, баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек.
Демек, бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен – ата – ана.
«Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі» дей отырып, баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру – бұлар әке мен ананың басты міндеттерінің бірі.
Әкенің ақылы керек екен,
Таптырмас ой-сана береді екен.
Алтыннан жасалған үш әріпке,
Өмірде еш нәрсе теңелмеген.
Марапаттау.
Бүгінгі сайысқа келіп, ой бөлісіп, өнерлеріңізді көрсетіп, ұтымды жауап айтып, балаға беріп жатқан тәрбиелеріңізбен бөліскендеріңіз үшін көп көп рахмет! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар.
«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп»
Сайыс сабақ
«Әкеге қарап ұл өсер»
«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп»
Ашық сабақ
«Ақиқат пен шындық»
2 «Ә» сынып
Тұмарбекова Д.Ж
Пәні: математика |
Мектеп: Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп КММ |
|||||
Күні: 14.12.2017 |
Мұғалімнің аты-жөні:Тұмарбекова Д.Ж |
|||||
СЫНЫП: 2 «Ә» |
Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
|||||
Сабақтың тақырыбы: |
57-сабақ Ақиқат және жалған пікір Менің өлкемдегі жануарлар әлемі |
|||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.4.2.1 Тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру. |
|||||
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Ақиқат немесе жалған тұжырымдар деген не екенін түсіну Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықтау. Оқушылардың кейбіреуі м ынаны орындай алады: ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру |
|||||
Бағалау критерийі |
Ақиқат және жалған пікірлерді ажыратуды үйренеді |
|||||
Тілдік мақсат |
Пəндік лексика жəне терминология: тұжырым , пікір, ақиқат, жалған. Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау. Саған тұжырымдардың ақиқат екенін бағалауға жиі тура келе ме? (мысалдар келтір). Пікірдің ақиқат екенін қалай анықтауға болады? |
|||||
АКТ қолдану |
Слаид |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
Қоршаған ортаны таза ұстауға, жануарларды қорғауға дарыту |
|||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, жаратылыстану |
|||||
Алдыңғы білім |
Жиындардың қиылысуы |
|||||
Сабақтың жоспары |
||||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Ресурстар |
||||
Басталуы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Қуанамын мен де , Қуанасың сен де. Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге. Міне, менің қолым бос, Жылуыма жылу қос! Қызығушылығын ояту Балалар біз қандай ортақ тақырыппен таныстық? -«Менің туған өлкем» -туған өлкеміз жайлы не білеміз. Оқушылар ойларын айтады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» мақаласында : «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматты намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» - демекші, туған жеріміздің көркеюіне ат салысайық. Сендер «Шындық пен өтірік» ойынын білесіңдер ме? Мен сөйлемдерді оқимын, ал сендер оның дұрыстығын анықтайсыңдар. Шындық болса - жасыл Өтірік болса - қызыл карточкаларды көтересіңдер. Түйе – Қазақстанда кездесетін жануар. Жираф – Қазақстанда кездеспейтін жануар. Мысық – үй жануары. «Адасқан сөздер» ойыны. Көшеде түтін тұр, Мұржасынан үй шығып. Шатырға шықты қасық, Үстелден құлады мысық. Бұл тақпақ шындыққа жанаса ма? Неліктен? Оларды дұрыс пікірге (тұжырымдарға) айналдырыңдар. Жауап: Көшеде үй тұр, Мұржасынан түтін шығып. Шатырға шықты мысық, Үстелден құлады қасық. |
Оқушылар билейді Рухани жаңғыру аясында слаид Слаид Қызыл, жасыл карточкалар |
||||
Ортасы 20 минут |
Білу Мақсат қою (проблемалық жағдаят). Сендер біздің сабағымыз неге арналатынын түсінген боларсыңдар? Оның тақырыбы қандай? Бүгінгі сабақта біз шындық, математикада оны «ақиқат» дейді, жəне өтірік – «жалған» деп аталатын түсініктермен танысамыз жəне «пікір» деген не екенін білеміз. |
|
||||
|
Түсіну (Т.Ж) 1 тапсырма. Суретте бейнленген жануарларды қандай топтарға бөлуге болады? Ақиқат па? І топ Суретте тек үй жануарлары бейнеленген ІІ топ Суретте тек жабайы жануарлар бейнеленген ІІІ топ Суретте жабайы және үй жануарлары бейнеленген |
Оқулық дәптерлер |
||||
|
(Т.Ж) 2 слайд. «Ойлан, тап!» ойыны. Бір жануарды таңдап алып, топ мүшелеріне жасыр. Қандай жануар екенін анықтау үшін, басқа топтың балалары 5 сұрақтан қоя алады. Сұрақтарға тек «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап беріледі. Содан соң әр топ қарсыластарының қандай жануарды жасырғанын анықтайды. Ереже: «Пікір» - дегеніміз-өмірдегі заттар мен құбылыстар туралы көзқарас, пайымдау. Ол ақиқат (шындық) немесе жалған (шындыққа жанаспайтын) болады. |
|
||||
|
«Ойлан – жұптас - бөліс» стратегиясы. (Ж.Ж)Әр жұп пікірді оқып, ақиқат немесе жалған екенін анықтайды Аю – жабайы жануар Сілеусін-үй жануары Қазақстанда кірпі тіршілік етпейді Сиыр сүт береді Ит үйретуге көнбейді. Жылқыдан қымыз аламыз. Мысық-төрт түліктің бірі Дарынды төрт оқушы өздері ақиқат немесе жалған пікір құрастырады. |
Жұптық тапсырма С деңгейі |
||||
Сергіту сәті 2 минут |
Сергіту сәті «Бет-әлпет» ойыны |
Қағаз, қарындаш |
||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Қолдану Дәптермен жұмыс Тапсырма. Ақиқат пікірлерді суретімен қос. Бұлан орманда тіршілік етеді. Қар басында – шөл даланың жануары. Түлкі – жабайы жануар. Ит – адамның досы. Аю – жабайы аң. Мысық тышқан ұстайды. |
Дәптер |
||||
|
Қалыптастырушы бағалау. Ақиқат пікірдің тұсындағы торкөзді ғана боя. Барлық құстар жыл құстары Кейбір құстар ұшпайды 100 және 58 сандарының айырмасы 22 тең Барлық жануар жабайы емес. 65 және 14 сандарының қосындысы 79 10-нан артық барлық сандар екі таңбалы Бағалау критерийі А қиқат және пікір дегеннің не екенін білемін А қиқат және жалған пікірді таба аламын. |
тапсырма |
||||
Кері байланыс 3 минут |
Рефлексия. Не білдік? Нені үйрендіңдер? «Менің көңіл-күйім баспалдағы» Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады |
Тақтада ілінген баспалдаққа стикерді іледі |
||||
Үйге тапсырма: аяқтау |
||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
|
|||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |