Материалдар / Тәрбие сағаты "Аспаптар еліне саяхат" 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Аспаптар еліне саяхат" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
2535
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: “ Аспаптар еліне саяхат”

Мақсаты:
1. Білімділік: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге үйрету.
2. Дамытушылық Қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы мәлімет беру, қазақ музыкалық аспаптарының түрлерімен таныстыру.
3.Тәрбиелік: Қазақ халқының ұлттық аспаптарына деген қызығушылық тарымен сүйіспеншіліктерін арттыру

Көрнекіліктер: Баян аспабы, слайд,қобдиша

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру: І. Мотивациялық қозғаушы күш.
Оқушылар марш екпінімен залға кіреді, ортаны айналып шығып шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады және әуенге (басқа көңілді әуен қосылады) әртүрлі қимылдар жасап билеп алады. ( балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында )

«Шаттық» шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Музыка жетекшісі: - Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер?
Балалар: - Музыка сабағына.
Музыка жетекшісі: - Музыка сабағында біз не үйренеміз?
Балалар: - Ән айтуды,баян тартуды үйренеміз.
Музыка жетекшісі: - Жарайсыңдар!
ІІ. Іздену - ұйымдастырушы кезең.
Музыка жетекшісі: Балалар, айтыңдаршы музыка шығару үшін ең алдымен бізге не керек еді сендер онымен таныссыңдар?
Балалар: Ноталар керек.
Музыка жетекшісі: Ия, дұрыс айтасыңдар! Олай болса балалар ноталардың атын айтып көрейікші, қане:





Бәрі бірге (тақтадағы сөздердің ішінен ноталарды аттары бар жерінің астын сызып көрсету). Домбырада – до, мерекеде - ре, Мираста - ми, фабрикада - фа, Галяда - ля,
Балалар ноталарды жазылған нотаның үстіне апарып жабыстарды.
Музыка жетекшісі: Ендеше, балалар бәріміз бірге айтып көрейікші:
бәрі бірге: до, ре, ми, фа, ля,
Балалар, бізде барлық нота толық болдыма?
Балалар: Жоооқ, бір нота түсіп қалған.
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар! Соль және си ноталары түсіп қалыпты, қәне соль, си ноталарын апарып үстіне жабыстырайық

Музыка жетекшісі: Ендеше, ноталардың алдында не тұруы керек балалар?
Балалар: Скрипка кілті тұруы керек.
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар, мінекей скрипка кілті де өз орнына келді.



Музыка жетекшісі: Жақсы балалар, ендеше ноталарымызды жабыстарған пойызға мініп саяхатқа шығайық «бірінші ауылға» келіп тоқтайды. (Ауылда қобдишаның ішінде хат жатады)

«До» ауылы

ІІІ. Негізгі бөлім.

Музыка жетекшісі: Балалар қараңдаршы мына жерде хат бар екен, оқып қарайықшы (Музыка жетекшісі хатты оқиды.)
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен музыка әлемінің Ханшайымымын. Менің әлеміме, яғни аспаптар еліне жету үшін сендерге әр ауылдарда түрлі тапсырмаларым бар.

Бірінші тапсырмам: Үй тапсырмасы .Оқушы үйге берілген тапсырмасын оқып береді.Яғни «Менің сүйікті аспабым» тақырыбында жазған эссе оқиды.



Музыка жетекшісі: Жарайсың . Ендеше тағы да пойызға отырайық, (музыка ойнап тұрады.) «екінші ауылға» келеді. «Ре» ауылы. Бұл жерде қандай тапсырма бар екенін хаттан оқып білейік:

Жаңа сабақ: «Аспаптар еліне саяхат»
Музыка жетекшісі: Балалар аспаптар ендеше аспаптар туралы айта кетейін. Мынау қандай аспап?Дұрыс айтасыңдар балалар .

Домбыра - Қазақтың ұлттық аспабы. Қағып , шертіп ойналатын ішекті музыкалық аспап. Ән – күй орындау дәстүрінде пайдаланады.

Тағы бір аспап ол - Қылқобыз.

Қылқобыз- ысқышпен ойналатын ішекті аспап . Мойыны имек келетін аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады . Аспаптың шанағы терімен қапталып , ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады . Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған . Қазір , ішектері сымнан жасалған төрт ішекті түрі бар- оны прима қобыз деп атайды.

Шаңқобыз- Көне тілшелі аспап . Ортасында сүйір тілшесі болады . Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан, темір текшелерден жасалған . Дыбысы ұзындығы мен қалыңдығына байланысты өзгеріп тұрады .

Жетіген- көп ішекті аспап . « Жетіген » - « Жеті қазына », « Жеті хан », « Жеті және ән » сөздерінің бірігуінен құралған деген пікірлер бар . Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып , шанағы көн терімен қапталады . Тиек орнына асық қойылады .

Ұрып ойналатын аспаптар – дауылпаз,дабыл,даңғыра. Аңға шыққанда, діни жоралғыларда, жауынгерлік жорықтарда пайдаланылған.

Сілкіп ойналатын аспаптар- асатаяқ,қоңырау, сақпан. Халық сілкімелі аспаптарды ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданған .

Үрлеп ойналатын аспаптардың мүйіз сырнай , ұран , сыбызғы , сазсырнай , тастауық , үскірік , желбуаз деген түрлері кездеседі .Сазсырнай – саздан жасалған , қоңыр үнді болып келеді . Үскірік үні құстың дауысына ұқсас . Бұл аспаптармен халық әндерін орындаған .

Балалар осы аспаптарға байланысты профессор, зерттеуші, оқытушы - Болат Сарыбаев деген аталарыңның «Қазақтың музыкалық аспаптыры» деген жинағы 1978 жылы жарық көрген. Балалар біле жүрейік.

Ендеше тағы да пойызымызға мініп жолға шығайық.Келесі ауыл- «Ми»ауылы.

Бұл ауылда біз ән тыңдап алайық. « Укаждого есть свой музыкальный инструмент» әні.

Енді келесі аулға барайық «Фа»ауылы.Бұл ауылда біз осы әнді үйренеміз. « Укаждого есть свой музыкальный инструмент» әні.Бұл ән 2/4 өлшемінде жазылған,яғни жәй өлшемде.Кездесетін нот

Әнді үйренбес бұрын т



Балалар, осындай тамаша көңіл - күймен соңғы аялдамаға жетейік,

Ханшайымның тапсырмасын шешейік.
(музыка ойнап тұрады, үшінші аялдамаға келіп жетеді)
Үшінші аялдама: Бұл аялдамада қандай тапсырма бар екен хатты оқып көрейік: Балалар, бұл аялдамада бір қорапша бар, қорапшаның ішінде заттар бар, сол заттарға байланысты сұрақтарға жауап берсеңдер мен сендердің жаныңыздан



табыламын; - деген. Балалар бәріміз қорапшаны іздеп көрейік (іздейді)
Мінекей, таптым апай;- деп, бір бала тауып алып келеді, ішін ашып сұрақтарды оқиды:
- Мынау қандай аспап? (Сазсырнай)
- Сазсырнай қалай шертіледі? (Үрлеп)
Музыка жетекшісі сазсырнайды үрлеп шертіп көрсетіп береді.
- Ол қандай топқа кіреді? (Үрмелі)
- Мынау қандай аспап? (Домбыра)
Музыка жетекшісі домбыраны шертіп көрсетіп береді
- Қай топқа жатады? (Ішекті)
- Мынау қандай аспап? (Шаңқобыз)
Музыка жетекшісі шаңқобызды шертіп көрсетіп береді. Балалар да қызығып ұстап, шертіп көреді.
Аспаптардың аттарын балалар тәрбиешімен бірге дұрыс табады. Тәрбиеші оларға аспаптарды танытырып, айтып өтеді. Балалар, тағы қарап көрейік басқа тапсырма барма екен.
(Осы уақытта залға Ханшайым кіріп келеді балаларға қарап)
Ханшайым: Сәлем, достар! Жарайсыңдар! Менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар.
- Сол үшін мен сендерге әдейі дайындап келген сыйлығымды беремін (музыка жетекшісіне нотаның суреті бар қорапша береді)
Мына қорапшада менің балаларға арнаған сыйлықтарым бар, оны балабақшаңызға барғаннан соң беріңіз, сау болыңыздар, балалар, менің әлеміме келіп тұрыңыздар! ( шығып кетеді.)
Музыка жетекшісі: Ноталар, яғни балалар: Біздің де балабақшаға қайтатын уақытымыз болып қалды. Мінекей пойыз да келді, қанекей кеттік. (музыка ойнап тұрады, залды бір айланып шығады)





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!