Материалдар / Тәрбие сағаты «Ата салтым – асыл қазына» 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты «Ата салтым – асыл қазына» 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне өажет болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2018
1253
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:12.04.2018жыл

Тақырыбы: «Ата салтым – асыл қазына»

Мақсаты:

1) Оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы түсінік беру, әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

2) Оқушылардың қазақ халқының салт – дәстүрлерін бойларына сіңіріп, білім мен білік дағдыларын дамыту.

3)Салт-дәстүрді сақтай білуге тәрбиелеу.

Түрі:сайыс сабақ

Сабақ барысы: 

Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім,

Мереке басы болсын берекенің

Сәнге толы қазағымның дәстүрлері

Сан ғасырдың ашылып тұр тұғыры.-дей отырып, құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар «Салт-дәстүр-асыл қазына» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Жолдау Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру түсінік беру

Психологиялық дайындық (Смайлик арқылы көңіл-күй білдіру)

Топқа бөліну ( суреттер арқылы ұлттық аспаптар,ұлттық ойындар)

Бейнефильм көрсету (Ой қозғау)

Кіріспе сөз: Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы — бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Өзін қазакпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек казақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге болуы керек. Ұлттық қадір-қасиеттер - ұлттық сана-сезімнің өзегі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының жемісі, кісілік қасиеттерінің жиынтығы. Қазақ халқы өз ұрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді ежелден-ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі мақсаты - халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын оқушы бойына сіңіру. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу - әрқайсымыздың борышымыз.

Мұғалім: Балалар, біз егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың ғасырдан — ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін білуіміз керек. Мен сендерге осы салт – дәстүрлерді қысқаша түсіндіріп кетейін.

1. Шілдехана: Бұл дүниеге жаңа келген нәрестенің құрметіне жасалатын ойын — сауық той.

2. Қырқынан шығару: 1. Егер ұл бала болса, 37 – 39 күнде шығару керек. Бұл ұл баланың қызға төлейтін қалың малы аз болсын деген ниетпен істейді екен.

2.Қыз баланы 40 күннен асырып, 42 – 44 күн толғанда шығару.

3. Баланы шомылдыру: 1. Ыдысқа 40 қасық су құйып, оған күміс теңгелер салып, шомылдырады.

4.Сүт тырнағын алу. Тырнағын алған соң оны адам баспайтын жерге апарып көміп тастайды.

5. Қарын шашын алу: Шашты шүберекке түйіп, тұмарша етіп тігіп, баланың оң жақ иығына қадайды.

3. Бесікке салу салты: 1. Бесіктің жабдықтарын салады.

2. Адыраспан түтінімен бесікті аластайды

3. Тыштырма ырымын жасайды.

4. Баланы бесікке бөлеген соң бесіктің

үстіне 7 түрлі нәрсе қояды.

4.Тұсаукесер: Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген

ниетпен жасалады.

5.Ат қою: Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.

6. Байғазы: Балалардың жаңа киімі, жаңа заты үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық.

7. Тілашар: Баласы 7 жасқа толғанда балаға жаңа киімдер кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап шағын той өткізеді.

8. Асату: Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал аталар табақта қалған етті жас балалар, жігіттерге асатады.

9. Ерулік : Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұрып жатқандар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.

10. Енші: Балалар ер жетіп, жеке үй болғанда ата – анасы дүние- мүлік мал беріп, отау тігіп жеке шығарады.

11. Сыбаға: Құрметті қонақтарға немесе өздерінің жақындарына сақтаған кәделі ет мүшелерін береді.

Оқушылардың тақпақтары ( Елнұр,Аймара.Айдана ,Ахмад)

Қаз-қаз, балам, қаз балам, ( Айдана)

Қадам бассаң, мәз болам,

Ала жіпті алайық,

Тұсауыңды кесейік.

Қадамына қарайық,

Басқаныңды санайық.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.



( Елнұр)

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

(Аймара)

Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған.

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

Сайыс шарттары:1.

Сұрақ-жауап Мына қоржынға асықтар салынған.Ол асықтар бетіне сан жазылған.Қоржыннан кез-келген асықты аласыздар.Шыққан сол санға байланысты

2«Сөздің көркі -мақал» жалғасын тап

3.Ырым-тыйымдар айту

4.Көрініс көрсету (« Ерулік» «Балаға ат қою»

1-сұрақ.

Жеті атаны айтып беріңіз?

(әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)

2-сұрақ

Үш мақсатты ата.

Жол мақсаты-жету.

Дау мақсаты – біту.

Сауда мақсаты – ұту.

3-сұрақ

Үш арсыз. (Ұйқы арсыз. Күлкі арсыз ,Тамақ арсыз.)

4-сұрақ Үш биді атаңыз?

Төле би Әйтеке би Қазыбек би.

4-сұрақ

Үш жүзді атаңыз? Ұлы жүз,Орта жүз,Кіші жүз.

5-сұрақ Қонақ түрлерін атаңыз? Арнайы қонақ,Құдайы қонақ,Қыдырма қонақ,Қылғыма қонақ.

6- сұрақ Төрт түліктің пірін атаңыз?Түйе пірі- Ойсыл қара,Жылқы пірі- Қамбар ата,Сиыр пірі- Зеңгі баба, Қой пірі- Шопан ата, Ешкі пірі- Сексек ата.

7- сұрақ.Бес дұшпан

Өсек.Өтірік,Мақтаншақ,Еріншек,Бекермал шашпақ.

8-сұрақ Бес асыл

Талап,Еңбек, Терең ой,Қанағат.Рақым.

2.Мақал-мәтел

  1. Жақсы байқап сөйлер,

Жаман шайқап сөйлер.

  1. Үйдің жылы - суығын,

Қыс түскенде білерсің.

Ағайынның алыс - жақынның,

Іс түскенде білерсің.

3.Алыстағы ағайыннан,

Ауылы бірге көрші артық.

4.Атадан жақсы ұл туса,

Есіктегі басын төрге сүйрер.

Атадан жаман ұл туса,

Төрдегі басын жерге сүйрер.

Көрініс көрсету (2 топ)

Сайысты қорытындылау (жеңімпаз топты анықтау)

Ән «Қазақы дастархан» хормен




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!