Тақырыбы: Ауғанның асуында
от кешкендер.
Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен
шығарылғанына 31 жыл толуына арналған Ауған соғысының
ардагерлерімен кездесу –
кеші
Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру,
ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер
ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге,
есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие
беру.
Көрнекілігі:
Слайд, видеолар, ардагерлердің суреттері.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
(Флешка)
Барысы:
Мұғалім
сөзі:
Құрметті қонақтар, Ұстаздар
мен оқушылар! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне
арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты тәрбие сабағымызға
қош келдіңіздер!
31 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес
әскерлері ауған жерінен біржолата шықты. Он жылға созылған бұл
соғыстан елге қайтқан жауынгерлердің көбі мүгедек болып оралды.
Талайы жат жер топырағын құшты. Бұл соғыста ТМД елдерінің 15000 –
жуық адамы құрбан болды. «Ерлік қашан да елге мүра, ұрпаққа - ұран»
болатыны белгілі.
Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар
Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. 14 мыңға
жуық кеңес жауынгерлері бұл соғыста үйлеріне оралмады. Олардың
ішінде қазастандықтар да бар еді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл
соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Ұрыста қаза тапқан
жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті
борышымыз. Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, мәңгілік алаулар
жағылады. Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз
екені баршаға аян. Осы тәрбие сағатымызға
ауылымыздың интернациолист жауынгерлері, ауған соғысының ардагерлері
Оспанов Қазбек ағамыз бен Әбілқасымов Серік ағаларымыздың жұбайлары
қонақта.
1 – жүргізуші
– Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
5 В сыныбының ұйымдастыруымен болып отырған
«Ауғанның асуында от
кешкендер» атты Ауған соғысының
ардагерлерімен кездесу кешін ашық деп
жариялаймыз!
2 –
жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар,
оқушылар!
Өткенін ескермеген өшеді,
Өткенін қастерлеген өседі.
1 –
жүргізуші:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен
үлгісін көрсеткен жерлестеріміз біздің
ортамызда.
2 –
жүргізуші
– 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан
жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс –
зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы,
нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған
соғысы.
1 –
жүргізуші
Статистикаға
сүйенсек:
10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған
жалпы адам шығыны – 14453 – ке жетті.
Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 924 – і
қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене
жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Сол оралмаған
жауынгерлерімізді орнымыздан тұрып еске алайық:
Еске алу (1 мин үнсіздік)
2 –
жүргізуші
Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің
басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу
туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы,
генерал – лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен
толықтай шығарылды” деп мәлімдеді.
Бүгінгі таңда елімізде 10000 – ға жуық ауған соғысының ардагерлері
бар. Олардың 3000 – дайы мүгедектер қатарында.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында
қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес
әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан
қасірет бар ма?» – деген ойлы сөзі бар.
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек
еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті
ашылды.
«Ауған соғысы» туралы
бейнебаяннан үзінді көріңіздер
1 –
жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын
болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпақтың арнауын
назарларыңызға ұсынамыз.
Оқушы
арнаулары:
Аяна:
Ауғанда сонау жылдар хат
келетін,
Қанармен хаттар тола қап
келетін.
Тыншымай тыпыршыған тола
солдат,
Хатты көрсе, топырлап тап
беретін.
Ауғанда сонау жылдар хат
келетін,
Ауылдың ақ сәлемін ап
келетін.
Күткенде жақсы хабар
жолдасының,
Қуантып құлағынан шап
беретін.
Аңсартып алты айда шақ
келетін.
Нұрай:
Жаулардан қарсы келген
жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне
мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге
боп,
Тарихта ардагерлер асқан
бағаң.
Қызығы балалықтың
тарқамаған,
Кезінде әр ауылдан, әр
қаладан.
Аттанып қан майданға сендерсің
ғой
Соғыстың бар азабын
арқалаған.
Айару:
Армысыңдар, ауғандық
жауынгерлер?
Жырым бар жараланған жаңыңды
емдер.
Өлгендердің жаннатта болсын
жаны,
Тірілерің мың жаса,
дәуірлеңдер.
Ерлік қылған аталарым аспан
асты, ер үсті,
Біз сәндікке кимейміз деп, -
шалбар менен бөрікті.
Отан – ана алдындағы өтеймін деп, -
борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар
соғысты.
Асылай:
Жастығыңмен жауға атылдың оқ
болып,
Әндететін кездеріңде ауылында төс
керіп.
Жаудың оғы сом мүшеңді төрт
бөліп,
Кейбіреуің кеттіңмүлде жоқ
болып.
Жау дейміз ау, қолдан жасап
жауыңды,
Саясаттың сайқалдағы ай уаландарған
тамырды.
Іңкәр:
Жетпесем де шегіне шын
арманның,
Қырқылғанша қанатымнан
самғармын.
Жалынжастан зарын тартқан
Ауғанның,
Тар жол тайғақ кешіп өткен
тарланмын.
Нуридин:
Айтқан сөзін екі етпеген
сардардың,
Дайын тұрар сайыпқыран
сарбазбын.
Өмір үшін өлімге де, сан
бардым,
Ал бармауға намыстандым,
арландым.
Бұл күндері ортасында
жанжалдың,
Ойым дал боп жауап қатпай
сандалдым.
Отанымды от кешсемде
қорғармын.
1-жүргізуші:
Би: «Вальс»
Орындайтын: 5 В сынып
оқушылары
Ән: «Егемен
Қазақстан».
Орындайтын: Бақыт
Айару
Ө.Балжан:
Көп аузынан
түспейтін,
Отан деген
немене?
Оның тұлға, түс,
кейпін
Достым, білгің келе
ме?
Отан – сенің ата –
анаң
Отан – досың,
бауырың,
Отан - өлкең,
астанаң,
Отан –
аудан,ауылың
Отан – тарих,
Отан-тіл,
Жасаған елің, өз
халқың!
Отан - өлең, Отан –
жыр
Көтерген көкке ел
даңқын.
Отан-осы достарым,
Көңілге мұны түйе
біл!
Отан деп өсіп жан –
жағың,
Оны ардақтап, сүйе
біл!
Аружан:
Әуелі Отан – ана
алды
Ауыл алды, аунаған шөптің
қасы.
Сағынғанда тым ыстық
көрінеді
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың
тасы.
Отан дейміз от жаққан
жерімізді,
Отан дейміз өсірген
елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай,
көлімізді.
М.
Балжан:
Сақтады олар елін, жерін,
қонысын
Ақтады олар азаматтық
борышын.
Шайқасты олар қасық қаны
қалғанша,
Бермек еді бейбіт елге қол
ұшын.
Ерман:
Сапқа тұр, ақ ниетті
адамдар
Кел, қосыл, бейбітшіл
шеруге!
Тыныштық жауларын
жеңуге
Бейбіт күн тулары
самғасын.
Тыныштық тулары
шарласын,
Жетім боп ана мен
балалар,
Ойран боп от басы
қалмасын.
Жол берме соғысқа
азамат
Сен ғана тыныштық
қорғаны.
2 –
жүргізуші: «Ерлік – жан дүниенің ұлы
қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі,
жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп,
тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан
майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз
үшін бір ғанибет. Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған
оқиғаларды өз басынан өткерген апаларымыз бен ағаларымыздың айтары
да, бізге берер тәлімі де мол. Ендеше, сөз кезегі өздеріңізде,
құрметті қонақтар!
Ендігі сөз кезегі алып
бәйтерек, ауылымыздың мақтанышы болып жүрген ауған соғысының
ардагерлерінің жұбайларына беріледі. (сыйлықтар
ұсынылады)
1 –
жүргізуші:
Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31 жыл өтсе де, сол
кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс
жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің
көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді
қадірлеп – құрметтеу – біздің
борышымыз.
Мөлдір:
Біз ауғандық
емеспіз,
Бастан аяқ
Кеңеспіз!
Отқа
оранған он жылды
Зая кетті
демеспіз.
Базбіреулер
айыптап,
Қалталарын
байытпақ.
Барған жоқпыз біз
онда
Қайту үшін
айыптап.
Отанымыз
бұйырды,
Қиып өттік
қиырды.
Сасқалақтап қашты
әуел,
Сақалдылар
үйірлі
Елдар:
Жастық шақта жалын жұтып, қан
кешкен,
Жарқын дүние жанарынан сан
көшкен.
Ардагерлер – естелігі
ерліктің,
Ұрпақтары ұмытпайды мәңгі
естен.
Мерей:
Туған жердей жат жердің болмайтыны –
ақиқат,
Оған әркез көңіліңнің толмайтыны –
ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұлбұл
құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны –
ақиқат.
Еркежан:
Қуанам адам болып
туғаныма,
Ата жолын, дәстүрін
қуғаныма,
Есімдері ескірмей жасай
берер,
Ұрпақтары артында
тұрғанында
Нұрбол:
Азат:
2 –
жүргізуші
Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
1 –
жүргізуші
Ерлік – елдің туы. Ер қуаты – қару болса, ел – қуаты батырлары,
сақадай сарбаздары мен сардарлары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын
пана тұтқан. Отан үшін күрес, ерге тиген үлес. Халықтың осы
даналығы қайда жүрсек те, қашанда жүрек дәптерінде, сана сахнасында
сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды
ұмытпас. Ауған қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп, рух
жасампаздығымен жаңартайық.
2 – жүргізуші
Кешіміздің қорытынды сөзін мектебіміздің
директоры Мейрқұлова Сұлушаш
тәтиге береміз.
Ән: «Егемен ел,
Қазақстан!».
Орындайтын: Бақыт
Айару
Қорытынды
сөз: Мұғалім
сөзі
Отан белгілі бір адам
үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып
қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес,
туған шаңырағы, ата – ана, бала – шағасы, жары, дос – жаран туысы.
Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы,
өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын
топырағы.
Ауғандық ардагер жауынгерлерді
қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. Сонау Ауған жерінде қару
асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін – бірі бауыр дескен
азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір – түкпірінде еңбек
етуде.
Барша елімізді қорғаған ер
азаматтарымыз, күндіз – түні шекарада кірпік қақпай тұрған
сарбаздарымызға мың алғыс
айтамыз.
Аспанымыз ашық болсын, бейбіт
өмір жасай берсін.
Міне, құрметті қонақтар,
«Ауғанның асуында от кешкендер» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
(Ардагерлерге сыйлықтар
ұсыну)