Материалдар / Тәрбие сағаты Берекелі алтын күз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Берекелі алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты Берекелі алтын күз 3 сынып Оқушылардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күз айларындағы мерекелі күндердің тарихын білгізу, күз байлықтары-астық, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2021
723
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Берекелі мерекелі күз келді»

Мақсаты: Оқушылардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күз айларындағы мерекелі күндердің тарихын білгізу, күз байлықтары-астық, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: күз мезгіліне байланысты салынған суреттер, жеміс пен көкөніс суреттері

Барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Кіріспе:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата аналар,ұстаздар

Берекелі алтын күз құтты болсын.Күз дегеніміз-байлық, молшылық, қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтін себебіміз, күзде егін, шөп, астық,көкөніс, жеміс-жидектер піседі. Ауа райы бұзыла бастайды. Аспан жиі бұлттанып, жел тұрады. Күн көзінің қызуы азаяды. Жылу жетіспегендіктен ағаш жапырақтары сарғая бастайды. Сарғайған жапырақтар сәл жел соқса үзіліп түседі. Астықтар сап-сары болып піседі.

Сондықтан күзді күз-береке, күз-мереке деп атаймыз.

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршыбалалар

Бұл қай кезде болады?

Бәрі: -Күзде

1 оқушы
Қош келдіңіз көрермен ,
Отырыңыз қол соғып ,
«Алтын күз» кешіне .
Шат күлкіге бөлене .
2 оқушы

Көбейді құт – береке ,
Құтты болсын мереке ,
Астық толы қоймамыз .
«Алтын күзді» тойлаймыз!

3 оөушы

Алтын, алтын сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Мектептегі дәстүрлі .

Мерекеміз бұл да бір.

2 оқушы

Берекесін сыйлауға ,

Өлкемізге күз келді.

Екеуі бірге:

Мерекені тойлауға ,

Шақырамыз сіздерді.

Сахналақ қойылым.

Сахнаның шетінде « Алтын күз» тақырыбына арнап шығарма жазып отырған оқушы отырады. Кітап, дәптерлерін ашып, сабақ қарайды.Кітап оқып, әрі , бері бері жүріп үстелге отырады.

1 оқушы:-Арман, мұғалім үйге күз тақырыбында шығарма жазуға берген.-Көмектесші.

2 оқушы:-Арсен, оған қиналатын несі бар Күз айы –өте бір тамаша мезгіл.Күздің бізге берер сыйы да мол. Өзің ойланып отырып жаз , содан кейін маған оқып бересің (Абдурахим ойланып жаза бастайды.)

Дауыстап оқып, отырып жазады.

1 оқушы: -Күз келді,күн суыта бастады.Ба-ла-лар да өз-де-рі-нің ал-тын ұя мек-теп-тер-іне о-рал-ды-ыыыы. –(деп ұйқыға кетеді.дауысы біртіңдеп бәсеңдейді)

(Абдурахим мен  Мариям сахнаға шығып аң - таң болады.Таңданып )

2 оқушы:-Біз қайда келдік?

(Күз киімін киген қыз бала келеді.)

Күз ханшайымы:

Береке бақ дарыған,

   Жомарт көңіл жарқын жаз

   Сары алтынға малынған

Алтын күз деген мен болам!

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен күзбін . Өте еркемін . Сәл нәрсеге ренжіп, бұртыйып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп , көз жасымды тыя алмай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақ көңілдігімді бәрі де ұнатады.

-Менің айларым –еңбек, ерліктің айы . Отан қоймасы , алтын астыққа толады. Диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы , молшылықты тойлайтын мереке айы . Сондықтан да мені жұрт « Алтын күз», «Жомарт күз» деп теңейді.

Бәрі:-Сәлеметсіз бе Алтын күз!

2 оқушы: - Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі.Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

-Балалар,күздің ең керемет байлығын білесіңдер ме?

-Ол не?

3- оқушы: -Ол деген егін . Егін дегенім-дән . Дән дегенім нан емес пе? Біздің бар байлығымыз- нан.

4 оқушы:Нан –бақытты өмірдің бастауы, нан ән мен жырдың өзегі . Нан -қасиет, нан -береке , нан-мереке емес пе !

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды. Өнім үйіп тастадық,

                                Оқуды да бастадық.

                               Берекелі алтын күз,

                            Ашық болсын аспаның.

Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

 Дариядай шалқар күз.

Ән: «Күз тамаша» Хор.


Күзім-ау, күзім-ау!

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

 Келгенің қызық-ау.

            Қарашы күз келді, күз келді,

                Сары алтын жауыпты іздерді

                Құс біткен керуен түзеді

        Көңілсіз неліктен күз енді.

  Қара бұлт қабағын түйеді,

Бұталар боз қырау киеді

Осы ма, осы ма күз деген

 Мектепке баратын бізбенен.

                                  Сары теңге жапырақ,

                                Бояған ба көл бетін?                                       

                                Тоңазыпты топырақ,

                                  Ызғарлы екен жел де тым.

Кездескен сон күзімен,

 Бұтағынан үзілген.

 Ай жапырақ-сары алтын,

Айналаның бәрі алтын

 

Гүл жайнаған даланың,

        Жапырағы солыпты.

        Таңырқадым, қарадым,

        Танымастай болыпты

  Алтын, сары, қызыл, көк,

  Алуан-алуан жапырақ.

  Күзгі бақта күлімдеп,

  Көз тартады атырап.

О, алақай, тамаша,

               Шашу шашады жапырақ.

                              Бақтың іші алаша,

                              Аунар ма еді жатып ап!


Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап

 Ағаштардан жамырап,

 Ұшты кенет жапырақ.

 Би: «Түймедақ»Қыздар тобы

Жүргізуші: -Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Ойын «Кім жылдам?»

Жүргізуші: Жемістер мен көкөністерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер мен көкөністер шығады)


Пияз: Асханадан шықпаймын,

Атым Пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарған,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.


Сәбіз: Өсіремін бойыңды,

Дамытамын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Қызанақ: Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен-Қызанақ,

Күнге қарап ұялып.


Қияр: Мен қиярмын, қиярмын,

Дәмділікті жиярмын.

Салаттардың сәнімін,

Қараңдаршы қандай сәндімін.


Картоп: Картоп біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.


Қарбыз: Көрсең егер бақшада,

Доп екен деп қалмағын.

Шөл қандырар Қарбызбын,

Ерте үзіп алмағын.


Алма: Нарттай қызыл Алмамын,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үиірем.


Өрік: Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде

«Менен аулақ жүр» деймін.

Уылжыған Өрікпін,

Мен бау-баққа көрікпін.

Шие: Шиемін мен, шиемін,

Піскенше тон киемін.

Бала келсе қасыма,

Басымды мен иемін.


Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын

                 Аузындамын бар жұрттың.

Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін

             Моншақ болып тізілдім .

. Би :Флешмоб

Мұғалім: Ендігі кезекті жұмбақтарға береміз.

 Жұмбақтар білесің бе?

1. Дөп-дөңгелек доптай,

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмді жоқтай. (Қарбыз)


3. Тәтті жемістердің бірі,

Қауақтың кішкентай түрі.

Айыбы бұтаққа ілінеді,

Айтыңдаршы кім біледі? (Алмұрт)


4. Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар. (Пияз)


5. Алма дерсің түсіне қарап,

Жүгері дерсің ішіне қарап,

Татсаң тәтті,

Бал шәрбатты. (Анар)


6. Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтпейді,

Қабат-қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді. (Капуста)


7. Бақшаның алып жемісі,

Қайнамай піспес келісі.

Қоңыр күзге сақтайды

Сары майдай ел іші. (Асқабақ)


8. Үстіне тігіп дәу шатыр,

Астында қызғылт дәу жатыр. (Қызылша)


9. Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. (Алма)


10. Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әкем бір күні. (Сәбіз)


Жүргізуші:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!