Тәрбие сағаты "«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» "

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» "

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға арналаған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ол кім? Бұл не?

Сынып: 4 «А»

Оқушылардың кітапқа құмарлығын арттыру, ой-өрісін,тілін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашыл, белсенді тұлға тәрбиелеу мақсатында 4 «а» сыныбында 20.04.21 күні «Ол кім? Бұл не?» сынып сағаты

23 сәуір Дүниежүзілік кітап күніне орай   сайыс түрінде өтті.

Кітапхана – кітаптар қоры. Осы жерден біз өзімізге керектің барлығын аламыз. Мысалы: күнделікті оқып жүрген пәндерімізге қажетті кітаптар, «Қиял – ғажайып ертегілер», «Батырлар жыры», «Мақал – мәтел», «Энциклопедия»,ақындардың әр түрлі әңгімелері, шығармалары – осы кітап қорының негізгі рухани байлығы.Дана халқымыз «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.

Кітап – заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, Отан, туған жер, ел ордамыз туралы сыр шертеді. Кітап –біздің ең жақын ақылшымыз.

1. кезең: «Кітап – рухани қазына» атты поэзияға көңіл бөлеміз, ақын, апа –

ағаларымыздың бір өлеңін айту.

2. кезең: «Энциклопедия әлемінен сұрақтар» атты сұрақ –жауап кезеңі

  1. Кітап неден жасалады? ( ағаш)

  2. Кітап қандай мағынаны білдіреді? (жазба)

  3. Абайдың өмір сүрген жылдары? (1845-1905)

  4. «Көксерек» шығармасының авторы кім? ( Мұхтар Әуезов)

  5. Астананың бұрынғы аты қалай аталады? ( Ақмола)

  6. Қазақ даласында мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)

  7. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991ж)

  8. Қазақтың үш биін ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

  9. «Кел, балалар, оқылық» өлеңнің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)

  10. Тудың авторы кім? ( Шәкен Ниязбеков)

3. Кезең: «Білім –кілті кітапта» мақал –мәтел, ребус шешу.

  1. Білім – (таусылмайтын ) байлық.

  2. Кітап –(білім) бұлағы,

Білім –(өмір) шырағы.

  1. Кітап –(алтын) қазына.

  2. Өнерліге нұр жауар,

  3. Өнер –ағып жатқан бұлақ,

Білім –(жанып) жатқан шырақ.

  1. Кітап –(алтын) қазына.

  2. Күш –білімде, білім –(кітапта.)

  3. Көп оқыған білмейді, көп (тоқыған) біледі.

  4. Наданмен дос болғанша, (кітаппен) дос бол.

  5. Оқу –білім азығы, білім –(ырыс) қазығы.

  6. Оқусыз білім жоқ, (білімсіз) күнін жоқ.

  7. Тіліңменен жүгірме, (біліммен) жүгір.

  8. Ғылым –теңіз,( білім) –қайық.

  9. Ұстаздан шәкірт (озар.)

  10. Ұстазды ұлы (әкеңдей) сыйла.

  1. кезең: «Біз кітаптан нені үйренеміз?» өз ойын жазу. 5 минут беріледі.


Қорытынды.

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін

Тәтті алмағы балашы

Кітабыңның әр бетін

- деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар – сендерге білім көзі рухани қазына. Бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені – кітапты көп оқуға шақырамын









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2021
1046
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі