Қызығушылықты
ояту.
Жұмбақ
шешу
Басты байлық не нәрсе?
(Денсаулық)
.
«Тазалық – денсаулық кепілі.»
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру
керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан
құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер
айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің
қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір
салтын сақтау.
Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам
үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің
соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға
тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп
ойласыңдар?
Әрине, Денсаулық.
Кластер құрастыру
1.Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс
істеуі.
2.Денсаулық дұрыс тамақтану.
3.Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен
миды тынықтырады.
4.Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
5.Денсаулық тазалық сақтау.
6.Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
7.Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды
жу.
Топтық жұмыс. «Мен саған,
сен маған» әдісі
І топ. 1. Дене шынықтырудың
маңызы қандай?
2. Спорттық ойынның қандай түрлерін
білесіңдер?
3. Өзі тоймастың, көзі тоймас – дегенді қалай
түсінесіңдер?
ІІ топ. 1. Жеке бас тазалығы деген
не?
2. Таза жүретін
баланы қалай атайды? Оның достары не? (сабын, паста, сүлгі,
су)
3. Тамақтың
пайдасы мен зиянын айт. Мысал келтір: сыра - сүт, алма -
кәмпит.
І ІІ топ. « Т» кестесі
әдісі.
Денсаулық Денсаулық
д остары қастары
тазалық, спорт, салақтық,
таза ауа, жалқаулық
дұрыс тамақтану, зиянды тағамдар
күн тәртібі.
Ой қозғау
Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс
тамақтанудың маңызы зор.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау
жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі
дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн,
сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс –
жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына
қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану
да зиян.(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
Сұрақтар.
1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану
алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар
алдында қолды жуу керек)
Жалғасын тап, Мақал-мәтел
1. Ас адамның
арқауы.
2. Ас иесімен тәтті
Табағымен жақсы.
3. Бал ұстаған бармағын
жалатады.
4. Өзі тоймастың көзі
тоймас.
5. Тәні саудың жаны
сау.
6. Көзің ауырса қолыңды
тый,
Ішің ауырса аузыңды
тый.
7. Тазалық - саулық
кепілі,
Саулық - байлық
кепілі.
8. Демі бардың – емі бар
.
9. Денсаулық – зор
байлық.
«Өз ойын айту»
.
Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау
қажет?
|