Материалдар / Тәрбие сағаты "Дін тәрбиенің рухани діңгегі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Дін тәрбиенің рухани діңгегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестер сабағымнан өздеріне керегін алар деген ойдамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2021
2121
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты

Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы

12 бастауыш мектеп

Тақырыбы: «Дін тәрбиенің -рухани діңгегі»
Мақсаты:
 Білімділік – ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, діни тәрбие берумен қатар бір Аллаға сенімдерін арттыру Ойлау қабілетін шыңдау, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі Нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Сабақтың жүрісі I. Кіріспе сөз

- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Дін тәрбиенің -рухани діңгегі» атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!

II. Мұсылман діні туралы
Ислам діні - әлемдік діндер ішіндегі ең кең тараған қасиетті дін.
Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп те атайды. Ислам дінін ұстанатын адамдарды мұсылман деп атайды. Діни ұғым бойынша Алла бар, ол біреу және бәрі соның қолында. Алладан басқа табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға табынуға, сыйынуға болмайды. Діннің басты негізі және мұсылмандықтың кілті – «Лә иләһа илла Аллаһ, Мұхаммад расул Аллаһ», яғни мағынасы «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөйлемде жинақталған. Мың жылдан астам уақыт бойына ата - бабаларымыз осы Ислам дінін ұстанып, жоғары бағалап, мұсылман атанып келеді. Рухани тазалықтың, ар - ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екенін сол қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адам білуі шарт. Сондықтан да имандылық пен адамгершілікті бір ұғым деп білген жөн. Күллі мұсылман қауымының шариғат заңдылықтарында, діни ғұрыптарында, тіпті күнделікті тіршілігінде басшылыққа алатын, аса киелі, қасиетті кітабын Құран деп атаймыз. Ол мұсылмандар ұғымында тура жол көрсетуші қасиетті кітап Құранда 144 сүре бар. Қасиетті Құран кітабын дәрет алып қолға ұстағанда «Биссмиллаһир - рахманир - рахим» деу керек. Құран кітапта жазылған аяттар адамды мұсылмандық жолға бастайды
Ислам діні адамның тән тазалығымен қатар ішкі жан дүниесін де таза ұстауға көмектеседі

Өзін мұсылман санайтын адам баласы 5 парызды ұстануы керек.
1. Аллаға сеніп, Мұхаммедтің үмбеті екенін мойындау.
2. Дәрет алу, күніне бес рет намаз оқу.
3. Рамазан айында отыз күн ораза ұстау
4. Қажылыққа Меккеге бару.
5. Жарлыға зекет беру (пітір - садақа беру)

/ Видеоролик «Иманға кел» /

Алла тарапынан білдірілген әмір, міндет және тыйымдардың жиынтығын дін деп атайды. Дін – үлкен ғылым. Ислам діні қоғамға және ізгі адам баласын адамгершілікке баулуға қызмет етеді.
Мұсылмандардың қасиетті үйі – мешіт. Мешіт – Алла үйі, қасиетті инабат, ғибадат орыны. Мешітке оң аяқпен сәлем беріп кіреді. Мұнда төрге, орынға таласпайды, әдепсіз сөйлеуге болмайды. Әр мұсылман Алла үйіне құрметпен қарауға міндетті.

Сонымен қатар, бүгінгі тақырыбымызға сай өз оқушыларымыз мұсылман діні туралы қандай ұғымдары біледі екен, соған кезек берелік.
III. Хадистер. Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы.
- 1. Ашуды тежеп ұста. Туыстардың қияңқы қылықтарын кешір.
- Бір - біріңе кек сақтама. Біріңді - бірің қызғанба. Біріңді - бірің мазақтама .-. Досыңды сыртынан жамандама
- Ұрлық жасама.
-. Заңсыз іске араласпа.
. Мұқтаждық үшін берген қарыздан өсім алма.
- Хайуанаттарға қатігездік жасама т. б.
2) Мұхаммед пайғамбар шындықтың адамдарды жақсылыққа жеткізетінін, ал өтірік күнәға батыратынын ескертеді. «Ей, адамдар, өтіріктен аулақ болыңдар!» деп үндеді. Адамның ең ұлы қасиеті – адалдық. Өмірді адалдық қана нұрландырады, жан тазалығына жеткізеді.
3) «Қайырымдылықты оң қолыңмен жаса, сол қолың білмей де қалсын» дейді екен пайғамбар. Бірақ қайырымдылық қайыр – садақамен ғана шектелмеген. Айталық: біреулердің басқаларға жылы шырайы, жолдан адасқанға жөн сілтеу, жол үстінде аяққа оралға шөп - шалаң, тас - кірпіштерді алыптастау, соқырды кедергіден өткізіп жіберу, тіл қатқан адамға сыпайы сөйлесу, әлде біреуді сабырға шақырып, сабасына түсіру.
4) Әке - шешені пайғамбар қатты құрметтеді. «Жұмақ ананың табанында» деді ол. «Әкенің ризалығы – Алланың ризалығы. Әкенің реніші – Алланың реніші».
Кім ата - анасына қандай жақсылық көрсеткен болса, соны өзінің бала - шағасынан көреді. Күнәлардың ең үлкені – ата - анаға лағнет айту. Ата - анаға ренжіп, кейіп, сөз қайтармауымыз керек, яғни ата - анамызды ренжітуден аулақ болуымыз керек.
5) «Білім іздеу - әрбір мұсылманның қиналғанда қуаткер, оңашада ой - серік, жалғыздықта жолдас, бақытқа бастар ақылшы, торыққанда таяныш, адамдар арасында айбар, жауға қарсы жебе – сол білім болмақ.
6) Әрбір мұсылман баласы ерекше таза киініп жүруге міндетті. Ислам қағидалары бойынша киім - кешектің екі түрлі қызметі бар: адам денесін ыстық - суықтан қорғайды, сондай - ақ адамға көрік, сән береді. Мұсылман баласы ерекше қымбат киімге әуес болмағаны дұрыс.
7) Жәрдем немесе қайыр садақа беруді ең әуелі өзіңнен баста. Артылғаның болса, отбасыңды жарылқа, тағы бірдеңең артылып қалса ағайын - туыстарыңа бер. Олардан да артылып жатса, басқаларға бер.
8) Адамдармен үнемі ұрыс - керіс жағдайында болу күнәһар атану үшін жеткілікті. Ашу қыса бастаса сабыр сақтау керек. Адамға ашу түрегеп тұрған кезінде келсе, дереу отыра қалсын. Егер ашуы сонда да басылмаса, жатып алсын. Оттың ағашты жалмағаны сияқты, ашу - ыза мен қызғаныш ізгілікті жояды.
9) Тістерің мен саусақтарыңды күтіп ұстаңдар! Өйткені олар – тазалық, ал тазалық имандылыққа шақырады, ал имандылық өз серігімен бірге жұмақта болады.
10) Қанша қауіпті болып көрінсе де сіз әрқашан ақиқатты қалаңыз, соңы сәтті болады. Құтқарушы адал сияқты көрінсе де өтіріктен аулақ болыңыз, аяғы қасіретке соғады.
IV. Мұсылман мейрамдары мен салт - жоралғылары.
Рамазан айт. Бұл мейрам мұсылмандардың ораза тұтатын Рамазан айы аяқталып Шәууал айының 1 - күні басталады. Ол үш күнге созылады. Мұсылмандар алғашқы күні айт намазын оқып, артынша амандық сұрасып, бір - бірін қонаққа шақырады, өзара жақсы тілектер айтып, ерекше қуанышпен атап өтеді.
Құрбан айт. Үш күнге созылатын бұл мейрам мұсылман күнтізбесі бойынша Ораза айтынан 70 күннен кейін Зұлхиджа айының 10 - ы күні басталады. Құрбан айтта мұсылмандар Айт намазын оқып, құрбан шалады.

Мәуліт мерекесі. Мәуліт – Мұхаммед пайғамбардың туылған күні. Мәулітте құран оқылып, Мұхаммед пайғамбарға салауаттар айтылады.

Қадір түні. Құран кітабы түскен, адамдардың күәсі кешірілетін, бір жылғы ырзығы белгіленетін, жақсылығының сауабы еселенетін, дұға тілегі қабыл болатын, Алланың мейірімі жауатын ең қасиетті түн. Қадір түні Рамазан айының 27 - түні болады. Бұл түнді мұсылмандар құлшылықпен, мінәжатпен өткізеді.
Құрбандық шалу – Жаратушыға жақындау үшін жасалатын құлшылық міндеттердің бірі, құрбандыққа негізінен түйе, сиыр, қой немесе ешкі сойылады. Құрбан етінің үштен бірі отбасына қалдырылып, 2 - бөлігі ағайын - туысқа, көршілерге немесе жолдас - жораларға беріліп, 3 - бөлігі тұрмысы төмен кедейлерге, жетім - жесірге таратылады

V. Имандылық туралы өлеңдер.

Құдайбердиев «Адамдық борышың»

Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл,
Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен.
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

Мақтанға салынба, мансабтың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе, басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап, жол көрсет келешек қамы үшін.

Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің
Барыңды, нәріңді, тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт – осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің


Ақиқат жолы (Ғ. Төлегенқызы)
Өміріме нұр құяр Құран шырақ.
Ойыма салмас ешбір тұман - сызат.
Айнымастан әрқашан сеніп өтем
Төрт шындықтың барына күмәнсіз - ақ
Ең бірінші сенемін – Жаратқанға
Екіншіден сенемін Хақ сөзіне
Үшіншіден сенемін Пайғамбарға
Бас иемін Алланың жарлығына.
Қанатын қырандардың қайырмағай
Сұмдық - қулық қоғамға жайылмағай
Жаратқаным жар болып бәрімізге
Ақиқаттың ақ жолынан айырмағай.
Имандылық туралы мақал - мәтелдер
1. Ата жолы - адамдық, ана жолы – адалдық.
2. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.
3. Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік
4. Алғыс алған алтынға жолығады.
5 Қарғыс алғанның аты жоғалады.
6. Алла деп бастаған іс алдымен бітеді.
7. Мал – бір жерге, иман бір жерге.
8. Ұяты жоқтың иманы жоқ.
9. Молда болғаннан, адам болған қиын.
10 Жалғыздың жары – құдай.
1
1 Әкбар бермейді – Алла береді.

Қорыту
- Мың жылдан астам уақыт ата - бабаларымыз ұстанып келген Ислам дінін құрметтеуіміз керек. Отан иманнан басталады демекші. Өз Отанымызды сүйген адал, иманды азамат болайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!