Материалдар / Тәрбие сағаты "Дос болам десең, досынды сыйла қымбаттым!" 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Дос болам десең, досынды сыйла қымбаттым!" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты 9 сынып Тақырыбы:"Мамандық таңдау-ертеңді ойлау" Тәрбие сағатының міндеті:мамандық таңдаудың басты шарттарын таныту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2021
1478
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мамандық таңдау-ертеңді ойлау»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығын түсіндіру және мамандығын айқын да, сенімді таңдауға бағыт беру.

Тәрбие сағатының міндеттері: Мамандық таңдаудың басты шарттарын таныту.

Білімділік: Берілген нақыл сөздер мен терминдердің мағынасын аша отырып,мамандықтар әлемі жайлы білімін толықтыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын және өзін-өзі тану аумағын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке,еңбекқорлыққа,еңбекті қадірлей білуге және табысты болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы, түрі: пікірталас

Сабақтың өтілу формасы: топтық

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,тест,сұрақ-жауап,жұмбақтар шешу,постер қорғау.

Техникалық жабдықталуы: телефон,ноутбук

Көрнекіліктер:суреттер,слайдтар,түрлі-түсті шарлар

Қажетті жабдықтар: А4 форматындағы қағаз, маркерлер



  1. Ұйымдастыру кезеңі 5 минут

- «Танысу тренингі» 5 минут

  1. Негізгі кезең 30 минут

-«Топқа бөлу» 1-2 минут

-«Психогеометриялық тест» 4-5 минут

-«Кел,ойнайық» 5-6 минут

-«Топтық жұмыс» 15 минут

  1. Қорытынды кезең 5 минут

-Рефлексия 5 минут


Тәрбие сағатының барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіздерме, оқушылар! Қалдарыңыз қалай? Көңіл күйлеріңіз қалай? Мен Семей қаласы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «шет тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы 24 топ студенті Әскерғазина Қарақат.Сіздермен тәрбие сағаттарын өткіземін және басқа тренинг, сауалнама, әдістеме педагогикалық-психологиялық зерттеу жұмыстарын (мінез, темперамент, қабілет, сынып ахуалын зерттеулер, т.б. жүргізетін боламын. Бүгінгі күнге барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй және сәттілік тілеймін.Тәрбие сағатын бастамас бұрын сіздермен тренинг өткізіп алайық.

Презентацияға сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/DJr2/HBLrhgvrC

  • «Танысу тренингі»

Бүгінгі тренингіміз «Есім және қимыл» деп аталады.

(Балалар шеңберде тұрады. Әр қайсысы кезекпен алға адымдап, өз есімін айтып, қандай да бір өзіне ыңғайлы қимыл жасайды. Ал қалғандары хормен аталған есімді  қайталап, жасаған қимылды орындап шығарып салады.)






  1. Негізгі кезең


  • «Тойбастар» әдісі

Балалар,сіздердің әрқайсысыларыңызға таратылған конфет түсіне қарай топқа бөлетін боламын.Егер саған жасыл түсті конфет түссе 1топқа,сары түсті конфет түссе 2 топқа,қызыл түстес конфет түссе 3 топқа барасыздар. (Балалар үш түрлі конфеттер арқылы,үш топқа бөлінеді.)


  • «Психогеометриялық тест»

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. 1978 жылы америкалық психолог Сьюзен Деллинджер жасаған мына психологиялық тестке назар салып,берілген бес геометриялық фигураның негізінде жасалған, сіз тек өз болмысыңызды ашатын біреуін таңдаңыздар. (слайдта көрсетіледі)

  • Дөңгелекті таңдасаңыз... 

Сіз үшін тұлғаралық қарым-қатынастың рөлі зор. Өз ортаңызда өзіңізді бақытты сезінуді маңызды санайсыз. Өзгелердің қуанышын да, қайғысын да өз басыңыздағыдай қабылдайсыз. Кейде өз-өзіңізден үйлесімділік таппайсыз. Сізге әртіс, маркетолог, мұғалім, тарихшы, мейрамхана иесі не үй қызметкері болу жарасады. 

  • Шаршыны таңдаған болсаңыз... 

Өте еңбекқор адамсыз. Бастаған істі орта жолда тастамайсыз. Төзімділік, жүйелілік, дәйектілік – жұмыстағы басты қасиеттеріңіз. Бірақ маңызды істерді шешерде ұсақ-түйекке шүйлігіп қаласыз. Миыңыздың сол жақ бөлігі жақсы жұмыс істейді, демек логикаңыз жақсы дамыған. Сол себепті жүректің емес, ақылдың айтқанына бағынасыз. Сізге есепші, бағдарламашы, банк қызметі, дәрігер, инженер, жүргізуші мамандықтары дәл келеді. 

  • Таңдауыңыз үшбұрыш болса... 

Сіз өте жақсы менеджерсіз. Жаңа ақпаратты бірден қағып аласыз да, талдап, сараптап, жіпке тізіп шығасыз. Біліктілігіңіз бойыңызға сенімділік ұялатады. Барлығын дұрыс жасауға талпынасыз. Қателік шықса, мойындағыңыз келмейді. Биік мақсатқа жету үшін өзіңізге деен тым сенімділік пен шыдамсыздық кедергі келтіруі мүмкін. Сәйкес келетін мамандықтар: архитектор, экономист, саясаткер, әскери қызмет, менеджер, қорғаушы, дизайнер. 

  • Дөңгелекті таңдасаңыз... 

Сіз өз өнеріңізді бағаламайсыз. Тіпті ештеңеге қабілетім жоқ деп ойлайсыз. Сондықтан өзіңізді іздегенде екі үстелге қатар отырғыңыз келеді, бұл мүмкін емес. Бұйырған кетпейді, осыны естен шығармаңыз. Жаныңыз сүйетін іспен айналысуда тәуекелге бел буыңыз. Сіз үшін бөлім басшысы, кәсіпкер не аниматор болған дұрыс. 

  • Таңдауыңыз ирек пішінге түссе... 

Сіз шығармашылық адамысыз. Өмірге әр қырынан қарайсыз, оның әрқайсынан ішкі сұлулықты көресіз. Қарқынды, сабырлы адамсыз. Бір орында отырып ұзақ жұмыс істей алмайсыз. Ең керемет, креативті идеяға байсыз. Оны жүзеге асыру үшін жүйелілік пен шыдамдылық жетіспейді. Өзіңізді зерттеуші, дизайнер, өнертапқыш, музыкант, жазушы не суретшілер арасынан іздеп көріңіз.


  • «Кел,ойнайық!»

Сіздермен «Кел, ойнайық!» ойынын ойнағым келіп отыр.Ойын шарты мынадай:әр топтан 1 бала шығып,шарды жару арқылы ішіндегі сұрақты алып,оған жауап беруі қажет. (Ойынға барлығы 3 бала қатысады.)





Сұрақтар:

  1. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

  2. Елімізді өркендету үшін бүгінгі таңда қандай маман иелері керек деп ойлайсыз?

  3. Бүгінгі таңда қандай мамандықтар сұранысқа ие?


  • «Топтық жұмыс»

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар.Ол мамандықтардың өз қиындықтары мен өз қызықтары болады.Мен әр топқа мамандықтарға байланысты жұмбақтар тараттым.Оны топ болып бірлесіп,жауабын шешіп,жауабындағы мамандықтың қызықтары туралы,оның жақсы жақтары туралы жазатын боласыңдар.



1 топқа:Жолының көп азабы,

Сондадағы тынбайды.

Жаңалықты жазады,

Көпшiлiктi тыңдайды.   (Журналист)


2-топқа:Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)


3-топқа:Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Ұстаз)


  1. Қорытынды кезең


  • Рефлексия «Табыс ағашы» әдісі

Балалар, сабағымызда өз мәресіне жетіп қалды.Сабағымызды «табыс ағашы» әдісі арқылы қорытындылайық.Берілген стикерлерге бүгінгі сабақтан не түйгендеріңді және сабақтан алған әсерлеріңді жазып,мына ағашқа жабыстыруларың қажет.Егер сабақты толық түсінсеңдер ағаш жапырақтарына,ал сабақты түсінбесеңдер тамырына стикерлерді жабыстырасыңдар.

«Өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспе. Біріншісі - жар таңдауда, екіншісі – мамандық таңдауда» деген құнды болар сөздермен сабағымызды аяқтағым келіп отыр.Алдағы уақыттағы емтихандарыңа және болашақ мамандықтардыңды күдірмей таңдауда сәттілік тілеймін!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!