Материалдар / Тәрбие сағаты "Ел бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Ел бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағаты. Тәрбие сағаты барысында Желтоқсан оқиғасында қаза болған қазақ жастары, Қазақ елінің Тәуелсіздік алу жолындағы қиындықтары жайлы ақпарат ала аласыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2018
478
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ел бақытын тербеткен-Тәуелсіздік!Мақсаты:1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.Тәрбиелік:Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.Дамытушылық:Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.1. Жүргізуші. Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның,Желтоқсанда шындық әнін шырқаймын деп шарқ ұрдың!Желтоқсанда егеменді ел болса деп талпындың.Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,Ешқашанда еңкейуге тиісті емес жалауы!2-жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ел бақытын тербеткен-Тәуелсіздік! » атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.1. Жүргізуші. Шарықта, шарла көкті көк байрағым,Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.Мен сенің салтанатты сағатыңаӨлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.Ал самға, әлем кезіп, ӘнұранымҚалықта Елтаңбасы- шаңырағым. Қазақстан Республикасының Әнұраны2. жүргізуші Бұл кешіміз 1986 жылы 16-17 желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан сонымен тарихта аты калған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады.1. жүргізуші. Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістіңбірі. Желтоқсанда қаза болған құрбандарымызды бір минуттық үнсіздікпен еске алайық.Желтоқсан құрбандары бір минуттық үнсіздік интерактивті тақтада сағатпен көрсетіледі. 2 жүргізуші: Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі де бірегейлері отан үшін от кешкендер, кемелді болашағы үшін, бостандық үшін, егемен ел үшін, жарқын жас ұрпақ үшін бастарын садағаға сыйлаған азаматтарымыз бүгінде біздің есімізде.1 оқушы «Желтоқсан жаңғырығы» өлеңіКөрмедік біз желтоқсанның жанға батқан жарлығын Естімедік есілдердің ел деп айтқан зарлы үнін Білерім тек олар мәңгі тәуелсіздік жолында Тәуекел деп жүрегімен таңдап кеткен тағдырынЕнді біздер солар жайлы жазып жүрміз жыр дастанШүкір шүкір бақыттымыз төбемізде нұрлы аспанЖелтоқсанда жәбір көрген ағалардың арқасыҰрпақ үшін ұлан ғайыр жұмбақ толы сырды ашқан Тарихтардың беттерінде сақталатын тұмарлыХалқымыздың қаһарманы тірі деп ем бұлардыӘттең қазақ тірі кезде ардақтамай асылынӨлгеннен соң өксейтұғын жаман әдет шығарды1986 қайғы жатыр бұл сандаҰмытпаймын пәс кеудемнен жүрегімді жұлсаң даТірісінде ардақтайық арта туған ұлдардыАртық емес олар үшін қанша құрмет қылсаң даБіздер екен болашақтын қыраны мен сұңқарыБіздер екен уайымсыз атып жатқан нұр таңыБіздер екен желтоқсанда жалындаған жастаар менҰлы Отанда ұлтым деген ұлылардың ұрпағыСол үшін де талай ұлың туылады батыр бопСол үшін де мінберлерде сөйлеп жүрміз ақын бопТегіміздің түп тамыры тектілерден тарағанЕнді мүлдем әлсіздікті танытуға хақын жокЕліміздің жылдар санап артып жатыр қарқыныЕлтаңбасы, Әнұраны желбіреген бар ТуыЕлім деген есіілдердің ерлігіне тәнті бопТәуелсіздік Жаратқанның бізге берген тартуыТәуелсіздік Қайраттардың қаныменен жуылған Тәуелсіздік Ләззаттардың арыменен буылғанКөрмесем де білмесем де ұрттап ішіп уынан Жылап тұрып Желтоқсанның боздақтарын еске алыпҚұлап тұрап Қазақстан сүйем сенін туыңнан.2-оқушы: Жас арудың жанарында – Желтоқсан,Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.Қаралы өмір қайыстырған халқымның,Қара тұман қабағында – Желтоқсан.Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.Жазықсыздың көз жасына жуынып,Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.Намысымның шырағы да – Желтоқсан,Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

3 оқушы:Желтоқсанзаман толғағы байтақ даланыңШарпыған сәті үміт пен күдік қаланың ЖелтоқсанҚайрат, Ләззат, СабираҚұрбаны болған жаланың Ал қоғамның адамнан бар ма асылыКеткенде жоқ құлақтан зар басылып,Бұғаудағы боздақтары кете бардыБірі атылып, ал бірі дарға асылыпӘн: «Желтоқсан желі»1 жүргізуші. 1986 жылы 17- желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары назарылықтарын білдіріп, шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деп тілек білдірді. 2 жүргізуші Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге тоғытылды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар» «нашақорлар» деген кінә тағылды. 1-жүргізуші: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым Бет бағдарын бақиға бұрғандарым, Қаралы жылдардай боп қарауытып, Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым

Видео дыбыспен «Болмыс-желтоқсан»1-жүргізуші: 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі туралы тарихи шындықты халыққа, ұрпаққа ашық айтар кез келді,еліміздің ертеңі ел билер жастарына, жеткіншек ұрпақтарымызға Отансүйгіш, ұлтжанды патриоттық тәлім тәрбие беру бүгінгі тәуелсіздік төрінде. 4 оқушы: Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмырКөлеңкеміз күннен де тимейді нұр.Колбин деген кім екен, қайдан келген?Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,Бізге оны ешкім аяп бермейді.Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.2-жүргізуші: Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үздіИә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.Соның бірі «Менің тағдырым».5-оқушы: Өмір бойы жолым болып көрмеді,Жылап келем бұл дүниеге келгелі.Қайғы шаңы басты менің денемді,Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.Жолдаған сәлемімді дос алмады,Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.Айта берем, айта берем қайбірін,Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.Тағдыр мені аямады, қорлады,Жалынсам да, жыласамда болмады.Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,Армандаған ақ сәулеге жетпедім.Көрініс: Желтоқсан6-оқушы: «Ақтың сөзің не? деген,Бүгін қойды сот сұрақ.Айтайын оны халқыма,Жоқ пиғыл менде жасымақ.Қорлай да беріп қайтадан,Титыққа орыс жетпесін.Туған жердің намысы,Бөтен қолда кетпесін.Салт – санадан айырылып,Арақтан ұрпақ азбасын.Қызғаныштан тозбасын,Қолдаушысыз болмасын.Барлық ұлтпен тең болып,Ешкімнен көңілің қалмасын.Ендігі жерде басыңнан,Бірлік пен бақ таймасын.Осы айтылған ақтық сөз,Туың болсын әрдайым.Мойным алып жаланы,Мен болайын құрбаны!17 жыл мен жатырмын,Ақ жазыңтың түбінде.Мені өлтірген таксист жігіт,Тірімісің бүгінде?Тірі жүрсің өткен күнді,Еске алғанның несі бар?«Желтоқсанда» құрбан болған,Ляззат қызды есіңе ал!Халқым, саған ризамын!Батыл бас аяқты, жас достар,Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар,Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр,Бұл жерде - өрімдей… қыз жатыр.Бұл жерден мәңгілік аттанған,Халқымның есінде сақталған! 7-оқушы: Тұрса да биік өр басын,Қазаққа бақыт орнасын.Сексен алтыншы жылғыдай,Желтоқсан желі болмасын!Күн кешіп лапылдаған жастарым,Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.Жерді, дінді, тілді баба дәстүрінҚорғау үшін көтерді олар бастарын. 1-жүргізуші: Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын беріп, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті. Тәуелсіздікке жетудегі ауыр жолды есімізге алсақ 1. Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 26 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз. 2. Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ. 3. 1925-1933 жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды. 4. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз. 5. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б. 6. 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар. 7. Озбырлық күшпен тұншығып, Үміттің оты өшкен күн. Жанына тапай бір шындық, Ер Қайрат қыршын кеткен күн. Қайғы езіп елдің еңсесін, Жаншыды-ау жанын батпан күш. Енді қайтіп келмесін, Сол бір қарғыс атқан күн!

8. Өткен шақта Қазақстан ғасырларға теңесетін ғажайып жолды жүріп өтті. Бұл жолда бәрі де болды: бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстары үзіліп, шығарған өнімдерін өткізе алмай дағдарған кәсіпорындар, алты айлап айлық, жылдап зейнетақы ала алмай, егемендіктің елең-алаңындағы еңсені езер қиындықтардан қажыған жұрт, кеңбалақ қазақтың базар психологиясына бой үйрете алмай асып-сасуы, ала қапшық арқалап, отбасын асыраған әйелдер, жекешелендіру жанталасы, реформалардың алғашқы нәтижелерін беруі, әлеуметтік саланың еңсе тіктеуі, халықтың көңіл-күйінің қалпына түсуі, елдің ертеңіне сенімнің орнығуы, инвестициялардың келе бастауы алғашқы онжылдықтың жемістері. 1 жүргізуші: Әр қазақтың есінде сақталады, Желтоқсандық өркендер ақталады Ер намысын қорғаған сарбаздарым Ерліктерің мәңгілік сақталады.Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16 жұлдызы Қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл міне 26 жыл толып отыр.Тәуелсіздік бұл басымызға қонған бақ. 8 оқушы: «Тәуелсіздік-тұғырым»9 оқушы: Тәуелсіздік. Тәуелсізбін  мен бүгін, Келді, міне азаттығым, теңдігім. Бостандықта байлығым мен ендігім, Шешіл енді шемен болған шерлі үнім! Өзіңдікі -Елің де, Өзіңдікі – Жерің де Өзіңдікі өзің еткен Бақ- Тәуелсіздік төріңде! Қанатыңнан қайрылып, Қыр -арқаңнан айрылып Қонақ- Тәуелсіздіктен, Қала көрме айрылып! Ән: «Алға Қазақстан!»1 жүргізуші: Ел болдық ерік алдық астаналыЕнді кімнен қазағым жасқанады?Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,Нұрсұлтанның атымен басталады.1-жүргізуші: Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан, Шеңгелін сала алмас ешбір дұшпан. Жасай бер еркіндікке қолы жеткен, Тәуелсіз егеменді Қазақстан!Сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына беріледі.1-жүргізуші: Осымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне, елім деп тәуелсіздік жолында ерен ерлік көрсеткен азаматтарымыз бен азаматшаларымызға, желтоқсанда жанын берген боздақтарға арналған тәрбие сағаты өз мәресіне жетті. Хош сау болыңыздар. 2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Бейбіт заман болсын! Қазақ елінің туы әрқашан көкте желбіресін!«Көк тудың желбірегені» әні





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!