Материалдар / Тәрбие сағаты "Еңбексүйгіштер елінде"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Еңбексүйгіштер елінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға,тәрбиешілерге арналған.Балаларды еңбек етуге,еңбексүйгіштіке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2021
408
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:13.03.2020ж.

Топ: ІV-жоғарғы топ тәрбиеленушілері.

Тәрбиеші: Ибраева М.Р.

Тақырыбы: «Еңбексүйгіштер елінде»

Мақсаты:Балаларға адам өміріндегі еңбектің ұғымын түсіндіре отырып, еңбексүйгіштік қасиеті туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

Коррекциялық-білімділік:Балаларға адал еңбек ұғымын түсіндіре отырып, еңбексүйгіштік қасиеті туралы түсінік беру.

Коррекциялық-дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ой-өрісін,логикалық ойлауын,шығармашылық қабілетін,еңбек етуге қызығушылықтарын оята отырып өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын дамыту,ұсақ қол моторикаларын дамыту.

Коррекциялық-тәрбиелік: Жас ұрпақты адамгершілікке, ұлтжандылыққа, салт-дәстүрді құрметтеуге, еңбексүйгіштікке,төзімділікке тәрбиелеу.

Ашық тәрбие сағатының әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелесу, көрсету, түсіндіру.

Көрнекілігі:Ноутбук,мультимедиялық қондырғылар,слайд «Еңбексүйгіштер елінде»,Еңбексүйгіштер елінің картасы.

Барысы:

І.Ұйымдастыру:

1.Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері

Тәрбиеші:

-Армысыздар қонақтар мен оқушылар!

- Балалар, мен сендерді бүгінгі ашық тәрбие сағатында көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын.

14 наурыз —(Амал мерекесі) Көрісу мейрамы екен. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысып,отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді екен.Қанекей бәріміз көрісіп, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Оқушылар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, бүгінгі күнге тілек айтып, орындарына жайғасады.
2.Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау.

Тәрбие сағатымыздың тақырыбын ашып, мақсатын айқындау үшін дәйексөз келтірейін,экранға назар саламыз.

Дәйексөз 

«Еңбек - қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап» деп ,Абай Құнанбайұлы атамыз айтқан екен.

Мақалдың мағынасы не жайында айтылған балалар,кім айтады?

Еңбек жайлы.

Дұрыс айтасыңдар, еңбек жайында айтылған.

Қазақ халқы дәстүрлі тәлім - тәрбие беру жүйесінде баланы жас кезінен бастап еңбекке баулыған. Жалқау, еріншек болма, еңбек ет, ата - анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Адам ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, epіншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Сондықтан да ұлы Абай атамыз «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» деп айтқан екен.

-Биыл Абай Құнанбайұлының неше жылдығын тойлаймыз?

-175 жылдығын тойлаймыз.

(оқушылар жауаптары тыңдалады, өзім толықтырып айтамын )

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз еңбекпен байланысты болғандықтан тақырыбы – «Еңбексүйгіштер елінде» деп аталады.

Мақсатымыз:Еңбексүйгіштер еліне саяхатқа шығып,әр түрлі тапсырмалар орындап, еңбектенуді үйренетін боламыз.

Балалар, жер бетінде біз білмейтін бір ел бар екен,ол «Еңбексүйгіштер елі» деп аталады.Осы Еңбексүйгіштер еліне еліміздің түкпір-түкпірінен балалар еңбектенуге барады екен.Бізде бүгін Еңбексүйгіштер еліне барып еңбектеніп қайтсақ қалай қарайсыңдар.

Еңбексүйгіштер еліне саяхатқа шығу үшін көлік керек.Ал кандай көлікпен баратынымызды білу үшін сұрақтарға жауап берулерің тиіс.(Көлік суреті сұрақ астында жасырылған)

Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі.

1 сұрақ: -Еңбек дегенімізді қалай түсінесіңдер?

Еңбек дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін қажетті іс - әрекеті.

2 сұрақ: -Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Адамның өмір сүруіне қажетті тағам,киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.

3 сұрақ: -Еңбексүйгіш деп қандай адамды айтамыз?

Еңбекті сүйетін,үнемі еңбек ететін адамды айтамыз.

4 сұрақ: -Еңбек бізге не береді?

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.

Бүгін бізде еңбексүйгіш, еңбекқор,ізденімпаз, тапқыр,шебер қолды балалар жиналып отыр деп ойлаймын.

Қанекей саяхатымызды бастайық,ат арбаға жайғасыңдар.

I. «Білімділер» ауылы.

Шарты:Ауылға кіру үшін жабық тұрған кигіз үйдің есігін жұмбақ шешу арқылы ашу керек.Жұмбақтың жауабы сол ауылда орындайтын тапсырма.

Жұмбақ: Өзі қысқа,

Өзі нұсқа.

Сөз қаймағын есіңде сақта. (Мақал-мәтел)

Жұмбақ шешу арқылы кигіз үйдің есігі ашылады.

Тапсырма:Балалар еңбек туралы мақал-мәтел айтады.


Еңбегі аздың өнбегі аз.

Еңбегіне қарай — құрмет,

Жасына қарай — ізет.

Еңбегінен ел таныр.

Еңбегің болмаса елге өкпелеме,

Ықтасының болмаса желге өкпелеме.

Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.

Еңбек етсең емерсің 

Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.

II. «Еңбекқорлар» ауылы.

Шарты:Ауылға кіру үшін жабық тұрған кигіз үйдің есігін жұмбақ шешу арқылы ашу керек.Жұмбақтың жауабы сол ауылда орындайтын тапсырма.

Жұмбақ

Гүлдiң нәрiн жинайды,

Адамға бал сыйлайды,

Ұнатады бiрлiктi,

Қоғамдасқан тiрлiктi.

Еңбекқорды аялайды,

Ерiншектi аямайды.   (Ара)

Тапсырма: Бейне роликті талдау.

III. «Тапқыштар» ауылы.

Шарты:Ауылға кіру үшін жабық тұрған кигіз үйдің есігін жұмбақ шешу арқылы ашу керек.Жұмбақтың жауабы сол ауылда орындайтын тапсырма.

Жұмбақ

Адамның сәні,
Онсыз мәні жоқ.(Киім)

Тапсырма:Сөрені реттеу. Киім бүктеу.Бір бала ортаға шығып киім бүктеуден лайфхак көрсетеді.

IV. «Шеберлер» ауылы.

Шарты:Ауылға кіру үшін жабық тұрған кигіз үйдің есігін жұмбақ шешу арқылы ашу керек.Жұмбақтың жауабы сол ауылда орындайтын тапсырма.

Жұмбақ:Өрнектеп, сәндеп,

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігетін. (Тігінші)

Тапсырма:Қоржын жасау.

Қазақ халқының көшпелі тұрмысында киіз үй ішінде қолданылатын бұйымдар өте көп. Қазақ халқында ыдыс-аяқ сақтайтын қазіргідей ағаш жиһаздары болмағандықтан,бұйымдарды мал терісінен, жүннен киізден дайындап, дәл сол кездің тұрмысына лайықтап жасаған. Күнделікті тұрмыста, көшіп-қонғанда ер-тоқымға арта салуға қолайлы болу үшін бұйымдарға құлақбау таққан.

Қоржын – иірілген жүннен тоқылған бұйым. Ертеректе түрлі заттар алып жүруге пайдаланған. Жай жолақты немесе түрлі өрнекті, сондай-ақ түкті кілемше түрінде болады. Басында тұрмыстық зат ретінде кәдеге жараған . Қоржын бүгінде қазақтың той-томалағының барлығында кездеседі. Бесік тойдан бастап, үйлену тойына дейін. Дегенмен, той түрлі болғанымен, қоржынның атқарар міндеті бір. Ол – арнайы сыйлықтың «сандықшасы» іспетті. 


V. «Еңбексүйгіштер елі»

Шарты:Еңбексүйгіштер еліне кіру үшін барлығымыз жұмыла киіз үй құруымыз керек.Ол үшін дөңгеленіп тұрып, қимылдарды жасаймыз.

Тапсырма:«Менің еңбегім» кластер құру. Өзіңнің күні бойы жасайтың еңбегіңнің тізбесін көрсет. (Киімдерді реттеп қою,ертеңгі жаттығу жасау, тіс тазалау, ойыншықтарды жинау, гүлге су құю, ыдыстарды жинау, есіктің алдын сыпыру, т.б. жұмыстар, жағымды іс-әрекеттер баланың еңбегіне жатады.)


«Сиқырлы қоржын» ойыны


Балалар қоржынның ішінен шыққан сұрақтарға жауап береді.

-Балалар біз бүгін қайда саяхатқа бардық?

-Еңбексүйгіш деп қандай адамды айтады?

-Еңбек дегенді қалай түсіндіңдер?

-Бала еңбегіне қандай іс-әрекеттер жатады?

Киімдерді реттеп қою,ертеңгі жаттығу жасау, тіс тазалау, ойыншықтарды жинау, гүлге су құю, ыдыстарды жинау, есіктің алдын сыпыру, т.б. жұмыстар, жағымды іс-әрекеттер баланың еңбегіне жатады.


Рефлексия.Бағалау: «Жамба ату» ойыны арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

Жасыл түсі–түсіндім;

Сары түсі – қиындықтыр кездесті;

Қызыл түсі -түсінбедім:

Тәрбие сағатынан алған әсерін нысанаға жебе қадау арқылы білдіреді.

Балаларды мадақтау.

Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды.

11.Қорытынды: Балалар, сендер болашақта ата –ананың үмітін ақтар, еңбекқор саналы азамат болатындарыңа сенімдімін. Сендердің қазіргі міндеттерің жақсы оқып, тәртіпті болу. Жақсы оқудың да өзі де еңбек. 

Гүл өсірсең терлеп ,
Мұның аты - еңбек 
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек
Қырға шықсаң өрлеп,
Мұның аты – еңбек
Қиындықтың бәрін 
Еңбек қана жеңбек, -деп ашық тәрбие сағатымды аяқтаймыз. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!







































«Еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау.

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.

Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіріледі.

Қорыта келгенде балалар осы жерден әрі тоқтап қалмау керек. Олардың білімін әрі қарай шыңдай түсуіміз керек. Өзіне-өзі қызмет еткізіп үйрету керек. Шығармашылық жұмыстарға көп көңіл бөлген дұрыс

VІІ.Қорытынды бөлім:
-Сонымен балалар, еңбектің пайдасы қандай?
Тәрбиелейді
Қуантады - Еңбектің пайдасы - жігерлендіреді
Бақытты етеді - үнемшіл болуға үйретеді - өмір сүруге үйретеді 
Жалқаулықтың зияны қандай?
Жалқаулықтың зияны
Ұқыпсыз – еріншек – тәртіпсіз - ұйқышыл
Жаттығу: доппен қолға массаж жасау.
Добым добым дөңгелек
Тоқтамайсың дөңгелеп
Оңға бір, солға бір.
Қолдарыңда дөңгелет.
Балалар қолдарына доппен массаж жасайды.



Мақал-мәтел

Еңбек даңқыңды шығарады,

Ал,жалқаулық жолыңды кеседі.

Алдымен еңбек ет,

Сонан соң мақтан.

Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.

  1. Адал еңбектің абыройы жоғары 
    2. Еңбек сүйген еш уақытта кеш болмас 
    3. Еңбек еткен мұратқа жеткізеді. 
    4. Еңбекке бейім болсаң қатарыңнан кем болмайсың. 
    5. Еңбегі өнімді болса, көңілі сенімді болады. 
    6. Еңбекпен тапқан 
    Шекер балдан татқаның 
    7. Еңбек етсең емерсің 
    8. Еріншекке есік те асу болар. 
    9. Еңбек етсең ерінбей, 
    Тояды қарының тіленбей. 



БСабақтың  тақырыбы : Мен еңбекқор баламын 
Ма
қсаты :
                   Білімділігі : ба

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!