Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты "Ертегілер елінде"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сыныптан тыс жұмыстар
Тақырып: Ертегілер елінде Күні: 26.02.2020 Сынып: МАД тобы |
Мектеп: №167 жалпы орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Оразәлі М.Н. |
||||
Мақсаты |
|
||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Музыка, Әдебиет |
||||
Ресурстар |
Ертегінің желісіне сай суреттер, аудиожазбалар |
||||
Сабақтың барысы |
|
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
І. Ұйымдастыру кезеңі |
Ертегі туралы түсінік Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың мүң шері, арман-мұраты бейнеленген. Аңдар мектебі ертегісі Бір күні аңдар жаңа дәуірге байланысты мектеп ашады. Оқытылатын пәндер тізіміне жүгіру, терекке өрмелеу, жүзу және ұшуды кіргізеді. Барлығы да жалпы бағдарламамен оқи бастайды. Үйрек – керемет жүзеді, ұшудан да жақсы. Ал жүгіруге келгенде еңсесі түсіп, қалып қояды. Соған бола ылғи сабақтан соң мектепте қалып, жүгіруден жаттығу жасап, жүзуді мүлде тастайды. Үйрек байғұс жүгіргені соншалық, табаны тозып кетеді, соның себебімен жүзе алммай төмен баға ала бастайды. Бағаларына үйрек қатты қапа болады. Ал, көжек болса, жүгіруден үздік еді, бірақ жүзуге келгенде жүйкесі сыр береді. Тиын болса бұтақтардан керемет өрмелеп, жоғары баға алып жүреді. Ал, ұшуға келгенде мұғалім тиынға жоғарыдан төмен емес, төменнен жоғары қарай ұшуды талап етті. Оны үйренбекші болған тиынның шаршағаннан қол-аяғы құрысып, ең төмен дәрежеге түседі. Бүркіт – өте қиын оқушы болды және оны күрделі әдістермен тәрбиелеуге тура келді. Жыл соңында, жылан балық – керемет жүзетін, жүгіретін, теректерге өрмелейтін, кішкене ұшатын мектептің үздік оқушысы атанып, бітіру кешінде қоштасу сөзіне ие болды. Ал, иттер болса оқудан бас тартып, мектеп әкімшілігінен жыл бойы жер қаздырғаны үшін ақыларын талап етті. Сөйтіп, күшіктерін борсық пен аламанға оқуға беріп, өздері жекеменшік табысты мектебін ашады. |
Интербелсенді тақты |
|||
ІІ. Психологиялық дайындық |
Ән: «Әжем айтқан ертегі»
Ерте, ерете, ертеде деп басталды кешегі, Тұн ұйықыға кетерде әжем айтқан ертегі. Ұып тыңдап жатыр ем қызық ертегі екен деп, Көзім ілініп кеттіпті әжеме мен еркелеп. Қ-сы: Ей, әжем айтқан ертегі, Биіктерге ертеді. Бақытты жан етеді. Сол ертектін жалғасын анық көрдім түсімде, Түсті көріп болғасын, қайран қалдым күшіме. Ғажап әнге шертеді, ұнап бала көңілге, Әжем айтқан ертегі қайрат берді өмірге. |
Аудиотаспа
|
|||
ІІІ. |
1-оқушы Кел, балалар, тұрмаңдар Бізде қызық, думан бар Атамыздың алуан Ертегісін тыңдаңдар 2-оқушы Бір үйдің бір мысығы, Болады екен күшігі |
|
|||
ІV. Мақта қыз бен мысық ертегісі (көрініс) |
Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да мысықты шақырады. Мысық, келмейді. Қыз: — Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп: — Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: — Ендеше қатығыңды төгем! – дейді. Мақта қыз: — Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: — Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді. Мақта қыз: — Менің қатығымды төле! – дейді. Мысық сиырға барады. — Сиыр, маған қатық берші! – дейді. Сиыр: — Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді. Мысық ағашқа барып: — Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді. Ағаш: — Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді. — Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді. Қыздар оған: — Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады. — Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді. Дүкенші: — Маған жұмыртқа бер, – дейді. Мысық тауыққа барады. — Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді. Тауықтар: — Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді. Мысық: «Енді не қыламын?» – деп, бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады. — Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді. Тышқан қорыққанынан: — Үйімде бір табақ тарым бар, – дейді. Мысық: — Маған бір уыс тары бер, – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырағын береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді. |
Қатысушылар Мақта қыз – Айару Мысық – Ханифа Сиыр – Алихан Тал – Али Қыздар – Дана, Дүкенші – Алихан Тауық – Қажықан Тышқан - Сұңқар
|
|||
V. Ертегі құрастыру |
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Шалқан», «Бауырсақ» Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Бауырсақ Ерте-ертеде бір шал мен кемпір
болыпты. Шалы бір күні кемпіріне: Кемпірі қалақша қолға алыпты, қамбаның түбін қағыпты, елеушпен елепті, табақшаға салыпты, екі уыс ұн болыпты. Қаймаққа ұнды илепті, дөңгелектеп алыпты, ыстық майға салыпты, Бауырсақты піскен соң, атай баппен жейді деп, суытуға қойыпты. Бауырсақ суып жатыпты, жатып
ойға батыпты, қашайын деп осы үйден, бір ойға нақ бекіпті.
Жақтаудан түсті сәкіге, сәкіден түсті еденге, табалдырықтан
секіріп, жетіп барды сенекке. Сенектен сыртқа беттеді, аулаға шығып
кетеді, аулаға шығып алған соң, домалап соқпақ жолменен, ұзай-ұзай
кетеді. – Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, - депті. Бауырсақ оған былай дейді: – Жей көрме мені, Қояным, ән айтып берем, тыңдағын, - дейді. – Жарайды, ендеше, айта ғой, -
дейді Қоян. Әжейден де сытылдым, Қоян сенен құтылу, Қиын емес – бұл маған! Бауырсақ зыр домалап жөнеледі, зыр домалап Бауырсақ келе жатса, алдынан Қасқыр кездеседі. – Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, - дейді Қасқыр. – Қасқыр, мені жемеші, ән салып берем, тыңдашы, - деп Бауырсақ әндете жөнеледі. Атайдан да құтылдым, Әжейден де сытылдым, Қояннан да құтылдым, Қасқыр сенен сытылу, Қиын емес – бұл маған! Бауырсақ ары қарай домалады, аңырып қасқыр жолда қалды . Домалап Бауырсақ тағы жөнеледі, алдынан Аю сонда кез келеді: – Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, - депті Аю. – Жей көрме, Аю атайым, тыңдашы саған айтайын, - деп Бауырсақ әнін бастайды: Менің атым – Бауырсақ, Қызарып пістім – көңлім шат. Қамбаның түбін қырнаған, Елеуішпен елеген. Қаймақпенен илеген, Күйдірмей майға пісірген. Атайдан да құтылдым, Әжейден де сытылдым, Қояннан да құтылдым, Қасқырдан да құтылдым, Аю сенен сытылу, Қиын емес – бұл маған! Осылай деп, Бауырсақ домалады, аңырып Аю маймақ жолда қалды. Бауырсақ домалаумен келе жатты, осылай талай-талай белден асты, домалап жол үстінде келе жатса, қу Түлкі жылмаң етіп келе қапты. – Бауырсақ, домалап қайда барасың, - депті сонда Түлкі. – Жол жүріп кетіп барамын, - депті Бауырсақ. – Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеп қоям! - депті Түлкі, – Жемеші, Түлкі, ән салып берем мен саған! – депті Бауырсақ сонда: Атайдан да құтылдым, Әжейден де сытылдым, 770 ₸ - Сатып алу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |