Материалдар / Тәрбие сағаты. "Ғажайып ғарыш."
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты. "Ғажайып ғарыш."

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп ұстаздарына балабақша тірбиешілеріне көмегі тиеді.Материалда ғарыш туралы балаларға түсінік берген.Ғарыш деген не т.б
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2019
2822
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғажайып ғарыш


Мақсаты:Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу.Арман мақсатқа жету жігерлігін ояту,тәрбиелеу
Көрнекілігі:интерактивті тақта, зымыран макеті, үн таспа,жұлдыздар,плпнета,ғарышкерлер суреті
Әдіс - тәсілдер:Жұмбақ шешу, тақпақтар, ойын, сұрақтар.


Жүру барысы:


Т.Төрәлінің «Байқоңырым» атты өлеңімен балалар билеп кіреді.
Тәрбиеші:-Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?
-Ал көктемнің қай айы?
-Сәуір айында қандай мерекелер бар?
-Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір ғарышкерлер күні, биыл ғарышқа ұшқан күнге 58 жыл болды. Бүкіл халық бүгін мерекені тойлап жатыр. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.


Жерде болса тұрағым,
Марсқа ұшып тұрамын.
\ғарышкер\


-Ең бірінші біз ғарыш дегеніміз не ?Ол қандай?Ол жерде не бар екенін білгілерің келе ме ?

-Онда бәріміз мүқият тақтаға қарайық.Мен сендерге арнайы осы ғарыш жайлы видео ролик дайындап алып келдім.Кәне көрейік.


«Ғарыш әлемі қандай?» видеоролигін тамашалау.

Ғарыш дегеніміз не? (видеороликке түсініктеме балаларға айту)

-Міне көрдіңдер ме балалар ғарыш әлемі қандай екенін.Көптеген сиқырға толы әлі де адамзат білмейтін қырлары көп екенін.

Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздарды бар. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағы отқа ұқсайды. Жұлдыздар жерден өте алыс қашықтықта орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге  кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Шынында да олардың әрқайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған, орасан зор газ шарлар .Ең ірілері күннен ондаған, тіпті жүздеген есе үлкен.Мөлшері жермен қарайлас шағындары да бар. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен үш мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алынғандардың саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша , жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді.: Күн Жерге ең жақын жұлдыз Күн.Оның төңірегінде Жерді қоса  есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүреді. Олар планета деп аталады.

Планеталар өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Планетаның олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан болады.

Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық, аспан денелерінің бір бірінен қашықтығын Жердегі өлшеммен, айталық километрмен өлшеу мүмкін емес. Бұлай өлшеу Жер шарындағы қалалардың ара қашықтығын миллиметрмен  есептеумен бірдей болар еді. Сондықтан ғарыштағы  қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады.

Ғарыш құрамдас бөліктеріне :жұлдыздық жүйелер галактикалар, олардың аралықтарындағы әлемдік бос кеңістіктер, әлемдік шаң тозаң мен газ шоғырлары , әлемнің түкпір түкпірінен  тасқындап таралатын түрлі сәулелер жатады.

Жер де Әлем денесі. Оның Әлемдегі орнын қысқаша былай өрнектеуге болады.

Жерді қоршаған бүкіл дүние Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Адам ерте кезден ақ Әлем денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп, білуге тырысқан. Ол әзірге Жер төңіреігндегі жақын ғарышқа аяқ аттап басты.

Ғарышқа жол 1957 жылы 4  қазанда ашылды.  Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағындағы Жердің жасанды серігі ұшырылды.  Ал 1961 жылы 12 сәуірде  адам баласы тарихында  бірінші рет  Ю Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты.

12 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні»   деген атпен енді. Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Аз ғана уақытта  Жер төңірегінде  екі мыңға жуық  жасанды серік ұшырылды. Солардың ішінде  адам ұзақ уақыт тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық  станциялар да бар.

Ғарыш құрал жабдықтары Жердің табиғи серігі Ай ды да зерттей бастады. Автоматтардың көмегімен адамдардың қатысуынсыз ақ  Айдың топырақ үлгісі алынып, Жерге жеткізілді, бедері суретке түсірілді. Адам айға тікелей барып та қайтты. Автомат станциялар Күн жүйесінің алты планетасына  жіберіліп ,олар туралы ғылыми деректер алынды. Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына  үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын  күн ілгері болжауға , аса апатты  құбылыстардан

(сұрапыл дауыл құрғақшылық) алдын ала сақтануға мүмкіндік береді.

Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі,алыс жерлермен радио телефон байланыстары жүргізіледі. Олар жердің ішкі құрылысын зерттеуге, дәл географилық карталар жасауға  пайдалы қазбалар іздеуге  егіннің шығынын өлшеуге тағы көптеген жұмысқа кеңінен пайдаланды.


-Кім осы ғарыш жайлы тақпақ дайындап келді екен?Ортаға шыға қойыңдар.

Ғажайып сәт

(Зымыранмен топқа ғарышкер ұшып келеді)

-Сәлеметсіңдер ме балалар?Мен ғарышкермін.Ғарыш әлемінен әдейі сендерге қонаққа келдім.Бүгін сендермен бірге ғарыш әлеміне саяхат жасауға көмектесемін.

-Ал енді балалар осы ғарыш әлемін зерттеп бізге таныстырып алғаш рет көрсетіп әлемге танытқан кім екенін білесіңдер ме?

-Олар ғарышкерлер.Ғарышкерлер ғарыш әлемін зерттеушілер.Міне бүгін бізге қонаққа келген ғарышкер өздері жайлы видеоролик дайындап келіпті.

Соны көріп тамашалайық.
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?
Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі планетанызерттеп ашық аспанда жүреді.

(Ғарышкер жайлы слайд)

-Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз?
-Балалар ғарышқа не үшін ұшады?
-Иә, аспан әлемін, планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.
-Ең бірінші болып ғарышқа кім ұшты:
-Юрий Гагарин (слайд)
-Ал қазақ жерлерінен кімдер ұшты?
-Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев (слайд).
-Ал балалар ғарышқа не арқылы ұшады?
-Зымыран қалай ұшады? (слайд )
-Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.
-Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не жейді, от жағып пісіре ме?
-Жоқ оларға әдейі арналған зымыранмен тамақ әкелінеді, тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қорапта беріледі, шай, суда солай әкелінеді, соны сығып жейді. Балалар сендер ғарышкер болғыларың келеме?

-Ғарышкерлер жайлы кім тақпақ біледі?
-Білесіңдер ме ғарышкер болу үшін ең алдымен шынығу керек дейді, енді бәріміз орнымыздан тұрып жаттығу жасап алайық.
Әуен арқылы жаттығу жасату.

Ән «Мен ғарышкер боламын!»
Ал, екіншіден өте білімді болу керек екен, мен сендердің білімдеріңді тексеремін, ол үшін мынадай ойын ойнаймыз.
Ойын: «Ғарыш әлемі»

Балаларды екі топқа бөлу.

Бір топ: Плакатпен жұмыс

Екінші топ:Гратажбен сурет салу

Қорытындылау.



«Ертөстік» бөбекжайы-бақша

Тексерілді:

Әдіскер: Ж.Тәженова










«Ғажайып ғарыш

әлемі»















Тәрбие сағаты






«Ақкөгершін» ортаңғы тобы










Тәрбиеші: Досжанова Қ.И.












Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!