Тәрбие сағатының
тақырыбы:"Жақсы деген немене, жаман деген
немене"
Мақсаты:Балаларға жақсылық пен жамандық туралы түснік
қалыптастыру.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата
отырып, баланың жан-жақты ойлау қабілетін ,тіл байлығын
дамыту.Адамгершілікке, ұқыптылыққа кішпейілдікке
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер
I.Ұйымдастыру
бөлімі:
Сәлеметсіздерме оқушылар,
қонақтар! -Балалар, бүгін бізде
ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар
қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы
көңіл-күймен өткізейік.
Біздің бүгінгі тәрбие
сағатымыз «Жақсы деген немене, жаман деген немене » тақырыбында
өрбімек.
Балалар әркімнің өзінің
бойында жақсы қасиеттер бар. Соны атымыздың басты әрпімен
байланыстырып айтайық.
Нұрдәрия -нәзікпін
|
Алинұр – ақ
пейілдімін
|
Іңкәр-ізеттімін
|
Ерасыл – еңбекшіл
баламын
|
Арлан-
ақылдымын
|
Айбек-арманшылмын
|
Малика –мейірімді
жанмын
|
Аяжан- аппақ
арудаймын
|
Кәусар-сыпайымын
|
Гүлдана–гауһар тастай
қымбаттымын
|
Арлан-
адамгершілмін
|
Кәусар-көріктімін
|
Абдурахим-
асылдымын
|
Абдулахад -
ақылдымын
|
Мариям-мықтымын
|
Айару
- ақ
көңілдімін
|
Арман- қамқоршымын
|
Наиль-
намыстымын
|
Бекарыс-
білімдімін
|
Айханым-ақ
ниетімін
|
Арайлым-ажарлымын
|
Жасмин- жарық
жұлдызбын
|
|
|
Қане, балалар, мен сендерге
сұрақ қояйын.
— Жақсы деген немене?
-
Гүл
өсірген жақсы.
-
Ағаштарға, гүлдерге су құйған
жақсы.
-
Үлкендерге көмектескен
жақсы.
— Дұрыс айтасыңдар.
Ал, жаман деген
немене?
-
Салақ, кір – қожалақ болған
жаман.
-
Ағаштың бұтағын сындырған
жаман.
-
Кішкентай балаларды жылатқан
жаман.
—
Дұрыс айтасыңдар,
балалар.
Ендеше,
балалар біз бүгін “Жақсы” деген немене?, “Жаман деген
немене?”сұрақтары төңірегінде жақсы әрекеттер жасау,жақсыдан
үйрену, жаманнан жирену, адамды айналасын зор қуанышқа бөлеп,
бақытқа жетелейтіні туралы айтамыз.. — Жақсылық жасау дегеніміз
өздерің айтқандай, адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен
қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді.Адамдардың бір –
біріне жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады.
Олардың бір – біріне деген сыйластығы
артады.
1- оқушы
Жақсы бала құлақ
сап,
Айтқаныңды
ұғады.
Төсегінен тұра
сап,
Таза ауаға
шығады.
2 –оқушы:
Жақсы бала, ол
анық,
Істемейді
шалалық.
Тап – таза боп
жуынып,
Алады ол
таранып.
3 – оқушы
Жаман бала
құрысып,
Өз – өзінен
тырысып.
Түске дейін
жатады,
Шешесімен
ұрысып
4-оқушы.
Анау бала, қолын
қара,
Кір қожалақ қап
–қара.
Тырнағы өскен, шашы
көптен
Алынбапты –ау
масқара!
Көрініс:
«Аталар сөзі – тәрбие
көзі».
1-ші
бала:
- Ата сәлеметсіз
бе? Айтыңызшы жақсы
деген немене?
- Амансың ба,
балам? Жақсы дегеніміз мыналар:
- Талап, еңбек,
терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз. Өмірде
осы бес істі орындаған, өзінің қажетіне асырған адам – жақсы адам,
балам. Жақсы дегеніміз осы.
2-ші
бала:
- Ассалаумағалейкум, ата
!
- Айтыңызшы, жаман дегеніміз
не?
- Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал
шашпақ, бес дұшпаның білсеңіз. Өмірде осылардан аулақ болсаң, сенің
жақсы азамат болғаның, балам.
Демек, адам
бойында жақсы - жаман қасиеттер болады екен. Ал біз жақсы
қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз.
Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, ұнамсыз қылықтардан аулақ
болуға тырысады. Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы
керек?
5– оқушы.
Жақсы бала әрдайым
,
Деп «Ұятқа
қалмайын»
Сабағына
барады,
Күнделікті дап –
дайын.
6 –
оқушы.
Үлкенді де
сыйлайды,
Достарын ол
жинайды
Әлсіздерге қамқор
боп,
Жамандыққа
қимайды
7– оқушы.
Бақшамызға
барғанда,
Жолыққан бар
жандарға
Ертемен ақ
пейілмен:
«Қайырлы таң!» - деймін
мен.
Күндіз де елді
елеймін:
«Қайырлы күн!» -
тілеймін.
Үйге кешке
келемін,
Не дерімді
білмеймін:
«Кеш жарық!» - деп
кіремін.
8– оқушы
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда –
Жасы үлкенге жол
берем.
Алдын орап
кісінің
Кесіп өтпей
көлденең,
Ізетімен
кішінің
Сәлемдесіп қол
берем.
Сиқырлы
сөздер: Мұғалім: Балалар кез-келген жағдайда адам бойына ашу
шақырмай сабырлы болған жөн. Қатты ашуды тарататын сиқырлы сөздер
болады екен. Олардың қандай сөздер екенін бірлесіп
іздейік
(6-7 бала футбол ойнап жүреді.
) көрініс
Мұғалім:
Балалар жүр
көшеде
Естіледі шу –
айқай.
Ербол шықты
елеңдеп,
Қағып кетті
көршіні
Қапылыста
байқамай.
Мұндайда не деу
керек?
Оқушылар:
«Кешіріңіз» деу
керек.
(Мұғалім мен Ербол
оқушы)
Мұғалім:
Ерте тұрып,
мектепке
Ербол келді
сабаққа.
Қарсы алдынан
кезігер
Ұстазы оның әр
уақытта.
Ұмытты Ербол бұл
кезде
Ұстазына не
дейді?
Мұндайда не деу
керек?
Оқушылар: «Сәлеметсіз бе» деу
керек
Мұғалім:
(Ауыр сумка арқалап әже өтіп келе
жатады).
Ауыр сумка
көтеріп,
Белі кеткен
иіліп,
Келе жатты қарт
ана.
Ербол қарсы
кезікті,
Өте шықты
жанынан.
Мұндайда не деу
керек?
Оқушылар:
«Көмектесейін» деу
керек.
Мұғалім:
(Апасы базардан келе жатыр, Ербол қуанып
алдынан шықты)
Апаң сенің
базардан
Алма сатып
әкелді.
Ең үлкенін
жақсысын
Саған таңдап
әперді.
Мұндайда не деу
керек?
Оқушылар:
«Рахмет»деу
керек.
9 – оқушы
Қанағат, рахым, терең
ой,
Талап, еңбек –
өркенді,
Бәрі саған керек
қой,
Ұлы өмірің –
ертеңгі.
Бес асыл іс – бұл
арлы,
Үлгі болған
ғасырдан.
Қастер тұтып
бұларды,
Ардақтап өс
жасыңнан.
10 –
оқушы
Бес жаманнан қашық
боп,
Армандайық
алысты.
Бес асылға асық
боп,
Қамшылайық
намысты.
Есте ұстап
аруақты,
Өсиетін
атаның.
Көбейтейік әр
уақта
Әдептілік
қатарын,
11–
оқушы
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі – жиі жуын сен.
Таңертен де, кеште де,
Жуын күндіз, түсте де.
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында.
Жуын ұйықтар кезінде,
Жуын тұрған мезгілде.
Су мен сабын - бір жолдас,
Жоймас олар кір болмас.
Мұғалім:
. Поэзия
минуты. Не жаман , не
жақсы? Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді
үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға
тырысуы
керек.
12-оқушы.
Біріншіден не
жақсы?
Биязы мінез тіл
алғыш
Бал - бұл жанып
жүретін
Бауырмалдылық сол
жақсы
13-оқушы.
Екіншіден не
жақсы?
Ерте жатып
мезгілмен
Ерте тұрып
төсекті
Ерінбей жисаң, сол
жақсы
14-оқушы
Үшіншіден не
жақсы?
Үйдің ішін
тазалап
Үстіне де
қарайлап
Үлгере алсаң сол
жақсы
15-оқушы.
Төртіншіден не
жақсы?
Тал шыбықтай
таңертең
Тамаша әдет сол
жақсы
16-оқушы.
Бесіншіде не
жақсы?
Былдырламай
көбірек
Байыпты да
байқағыш
Бала болсаң сол
жақсы
17-оқушы
Біріншіден не
жаман?
Беті - қолың кір-кір
боп,
Берекесіз
ыржақтап
Бейбастық өссең, сол
жаман
18-оқушы
Екіншіден не
жаман?
Ессізденіп,
желпініп,
Екіленіп,
ерігіп.
Ерке боп өссең, сол
жаман
19-оқушы