Материалдар / Тәрбие сағаты Жақсы мен жаман
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Жақсы мен жаман

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Жақсы мен жаман әдет-қылықтарды ажыратуды,адамгершілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету. 2. Балалардың ертегілерге байланысты білімдерін толықтыру және бекіту. 3. Балалардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ойлану, көру, сезіну қабылеттерін дамуыту. 4. Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге, ұлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2019
2700
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жақсылық пен жамандық»

Мақсаты: 1. Жақсы мен жаман әдет-қылықтарды ажыратуды,адамгершілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

2. Балалардың ертегілерге байланысты білімдерін толықтыру және бекіту.

3. Балалардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ойлану, көру, сезіну қабылеттерін дамуыту.

4. Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге, ұлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Андар бейнеленген бас киім. Ұлттық киімдер.

Сөздік жұмыс: Қасиетті күн. Адыраспан, аластау, мейірбан, жақсылық, жамандық.

Балалар мен тәрбиеші(ұлттық киім киіп) топқа кіріп қонақтармен амандасады.

-Балалар, қане, бір-бірімізбен амандасып жақсы, жылы лебіздерді білдірейік.

-Армысың шұғылады алтын күн!

Армысың мейірімді жер-ана!

Сәлеметсіздерме, қонақтар!

Бәріміз күндей жарқырайық!

Бәріміз тату дос болайық!

Балалар дөңгелектеп төсекшеге отырады.

Іздену — ұйымдастырушы

-Балалар біз қандай елде тұрамыз?

-Қазақстан елі немен танымды?

Қазақ елінде өте жақсы дәстүр бар, ол «Қонақ күту» Мынадай мақал да бар «Қонақ келсе-күт келер» Ал сендер қандай мақал білесіңдер?

-Балалар біз не себептен бүгін киім кигенбіз?

-Балалар айтындаршы мұндай әдемі киімді қандай халық киеді?

-Дұрыс бұл киім, қазақтың ұлттық киімі болып саналады. Біздің елдің тек-ғана осындай әдемі киім емес, сондай-ақ әр-түрлі әдемі аңыздар, өлеңдер, ертегілер де бар.

-Ертегілердің бір өзіндік өзгешеліктері бар «Мақтаншақ, сарандық, ақымақтықты әшекерлейтін, ал жақсылық, достық, сүйіспеншілікті мадақтайтың» қазақ ұлттық ертегілері өте көп.

-Балалар ал сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

-Жарайсыңдар көрдіңдерме ертегілер өте көп.

Ендеше «Жақсылық пен жамандық» туралы ертегіні тамашалайық. Сендер мұқият тыңдандар.

Ертегі «Жақсылық пен жамандық» Инсценировка

(Ертегі жөнінде әңгімелеу)

1. Балалар кәнеки еске түсірейіұші ертегі қалай аталады?

2. Ертегідегі кейіпкерлердің қандай қасиеті бар?

3. Ертегі кейіпкерлері кім?

4. Жақсы адамға қандай қасиет тән?

5. Жаман адамға қандай қасиет тән?

6. Ертегіде не женді?

-Жарайсыңдар балалар, көрдіңдер ме жақсы адамның бойында көптеген қасиеттер бар. Жақсы адам болу үшін біз үлкен кісілерден көп біліп үйренуіміз керек.

-Балалар бәріміздің отбасымызда ұстанатын салт-дәстүрлеріміз бар. Кім айтады қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

-Жарайсыңдар көп дәстүр біледі екенсіңдер. Ал кім біледі «Қасиеті жұма күнін» ол күні аналарымыз, әжелеріміз не істейді екен?

-Дұрыс балалар, жұма күні еліміздің барша адамдары шелпек пісіріп, мешітке барып, садақа береді.

-Шелпек пісіргенде майдың иісі жамандықтың бәрін қуып жібереді. Жұма кұні адамдар ұрыспай, қайта бір-бірінен кешірім сұрап, жақсылықтар жасайды.

«Қонаққа әже келеді»

Әже: Амансыздар ма балалар және қонақтар. Ізгі ниеттеріңіз қабыл болсын.

-Сәлеметсізбе әже, жоғары шығыныз, қадірлі қонағымыз болыңыз. Әже бүгін жақсы дәстүрлер туралы әңгімелеп отырмыз, біздің балалар өте көп дәстүр біледі екен. Ал сіз бізге дәстүр туралы әңгімелеп беріңізші.



Әже: Жарайды менде бір өте жақсы дәстүр бар. Бұл дәстүр жамандықтан сақтайды. Бұл «Аластау»

Әже: Алас-алас жамандықтан алас.

Алас-алас тіл көзден алас.

Алас-алас барлық пәледен алас.

Алас-алас жамандықтан алас.

Әже: Мынау адыраспаның иісі жамандықтын бәрін қуып жібереді. Жамандық бізден алас жұретін болады. Сосын тағыда мен сендерге бір дәстүр туралы әңгімелеп берейін. Бұл дәстұрде жамандықтан сақтайды. Ол жеті шелпек пісіру. Балалар сендер білесіңдер ме киелі жеті сан туралы?

Әже: Жарайсындар балалар киелі жеті туралы көп біледі екенсіңдер. Осы жеті шелпекті жұма күндері пісіреді. Мен сендерге осы шелпек неден жасалатыны туралы айтып берейін.

Әже: Ең алдымен бізге ұн қажет.

1)Ұн- молшылық, береке белгісі.

Жер мен күннің сыйы.

Келесі бізге тұз қажет.

2)Тұз- үйдің берекесі.

Тағыда ең қажетті бізге су.

3)Су- ол өмір көзі.

Осы үш ең керекті тағамннан біз шелпек жасаймыз.

Әже:Бүгін біз шелпекке не қосатыны туралы әңгімелестік, келесі келгенімде мен сендерге шелпектің жасауын көрсетем. Ал балалар Батамды берейін жолға шығатын уақытым келді.

«Бата» Бата беру.

Әже:Дастарханнан дәм кетпесің

Көніліннен сән кетпесің

Ұрпақ ұлыс, ел аман бол

Өмірінне мән кетпесің

(Әже кетеді)

-Қазақстан елінде.

-Кең байтақ жерімен, қонақ жайлысымен, дәстүрлерімен.

1.-Жақсы туса ел ырысы.

Жаңбыр жауса жер ырысы.

2.-Жақсы болса алғаның.

Үйіңнен кісі кетпейді.

3-Жақсыдан үйрен.

Жаманнан жирен.

-Өйткені бүгін ерекше күн.

-Қазақ халқы.

-Үйшік, Бауырсақ, Бір қазан сүт, Түлкі мен тырна, Алдар Көсе, Қуырмаш, Кемпірқосақ.

-Жақсылық пен жамандық.

-Жақсы мен жаман қасиеті бар.

- Жақсы адам мен жаман адам, арыстан, түлкі, қасқыр, бай қыз.

-Ақылды, жақсы, сабырлы, мықты.

-Алдауықщы, мақтаншақ, сарандық.

-Жақсылық.

-Шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, қыз ұзату, құда түсу, бет ашу.

-Шелпек пісіреді, құран оқытады,садақа береді, мешітке барады.

-Иә, білеміз.

-Жеті қазына.

-Жеті керемет.

-Жеті ата.

-Жеті жұт.

-Аптада жеті күн.

-Әумин.


Рефлексивті коррекциялаушы

1.Балалар біз жақсы адам болып өсу үшін бойымызда қандай қасиет болуі тиіс?

2. Жұма қасиетті күн деп аталады, бұл күнге байланысты не біліп үйрендіңдер?

3. Ал шелпек пісірген майдың иісі неден сақтайды?

Енді балалар бәріміз тату, жақсы адам болып өсейік. Ал жақсы істеріміз үшін үлкен кісілерден бата алуға тырысайық.

-Жақсылық, сүіспеншілік, адамгершілік.

- Бұл күні ұрыспау керек, мешітке барып садаққа беруіміз керек, шелпек пісіру керек, мейірбан болу керек.

-Жамандықтан.















































Shape1

Пән: Ертегілер



Тақырыбы:

«Жақсылық пен жамандық»








Shape2











2018-2019 ж





Picture 28




































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!