Материалдар / Тәрбие сағаты "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды шындыққа,тәртіпті болуға үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
4133
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен. Мақсаты: 1.Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болу керектігі туралы біліктерін қалыптастыру. Қойылған сұраққа ойланып, толық жауап беруге үйрету. Балаларға күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу. 2. Оларды бір-бірімен достық қатынаста болып, үлкенді сыйлауға, ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, кішілерге қамқор болуға үйрету. Олардың бір-бірімен шынайы да қайырымды, иманды болуға баулу. 3. Оқушыларға адамгершілік жайлы түсінік беріп, жауапкершіліктерін одан әрі дамыту. Таным белсенділіктерін арттырып, балалардың сөздік қорын байыту. Сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру. Сабақтың әдіс-тәсілі: Көрсету, түсінік беру, ойындар, әңгіме,мақал-мәтелдер, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, баяндау, ой толғау, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.т.б. Ресурстары: нақыл сөздер, мультимедиялық көрсетілім, слайдтар, өлеңдер жинағы, ойын-парақшалар т.б. І.Ұйымдастыру бөлімі. - Қайырлы күн, балалар! ІІ.Психологиялық дайындық. - Егер көңіл күйлерің жақсы болса, бастарыңды сипаңдар. - Егер сабаққа дайын болсаңдар, қолдарыңды шапалақтаңдар. – Өте тамаша, енді мына суреттерге назар аударайық. IIІ. Кіріспе бөлім: 1. Сурет бойынша жұмыс. Бұл баланы кім дейді? 1.Үлендерді сыйлаймыз, Айтқандарын тыңдаймыз. Кішіге ағамыз, Құшаққа аламыз. Еңбекті сүйеміз, Бақытқа ие біз. Бұл баланы кім дейді? (әдепті бала) 2 . Өзінен үлкен кісіні, Сыйлауды ол білмейді. Шықпай жатып көшеге, Үсті басы кірлейді. Бұл баланы кім дейді? (салақ бала) - Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызда «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен» тақырыбында ой бөлісіп, өзара пікір алысып, әңгімелесетін боламыз. Сабағымыз ойын-тренинг түрінде өтетін болады. 1. - Балалар сендер сөзжұмбақ шешуді ұнатасыңдар ма? Ендеше сөзжұмбақ шешейік. 1.Жылт-жылт етіп төбемде, түсе алмай тұр төменге.(жұлдыз) 2. Аяғымда Басы қайқы қос сырық. Таяғым да Қуады оны састырып.(шаңғы) 3. Қазір қандай мезгіл. (қыс) 4. Мұртын сипап күн бойы, бетін сусыз жуады. Тысырды аңдып түн бойы, тышқанды көп қуады.(мысық) 5.Кесе, шыны, пиала – Оларсыз шай құяма? Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді? (ыдыс) Балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты? - Жақсы деген, өте жақсы! Айналада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау. (жұмыртқа) 2.Қорқақ сөзіне қарама қарсы сөз. (Батыр) 3. Даусы бар,жаны жоқ, шертсең күйі әні көп.(домбыра 4.Мінсем, төменге зу етем. Өрлесем, оны өзім сүйретем.(шана) 5. Қасиетті тағам. (нан) - Балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты? - Жаман деген, өте жақсы! - Балалар, менің сұрақтарыма жауап беріңдерші? - Жақсы деген немене? (Оқушылардың пікірлерін тыңдау) - Гүл өсірген жақсы. -Ағаштарға, гүлдерге су құйған жақсы. -Үлкендерге көмектескен жақсы. - Ал, жаман деген немене? - Салақ, кір-қожалақ болған жаман. - Ағаштың бұтағын сындырған ман. -Кішкентай балаларды жылатқан жаман. III. Негізгі бөлім: 3 . Поэзия минуты. Не жаман , не жақсы? Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.(өздері білетін өлеңдерін айтады) Не жақсы? 1.Біріншіден не жақсы? Биязы мінез тіл алғыш Бал-бұл жанып жүретін Бауырмалдылық сол жақсы. 2.Екіншіден не жақсы? Ерте жатып мезгілмен Ерте тұрып төсекті Ерінбей жисаң , сол жақс3.Үшіншіден не жақсы? Үйдің ішін тазалап Үстіне де қарайлап Үлгіре алсаң сол жақсы. 4.Төртіншіден не жақсы? Тал шыбықтай таңертен Тамаша әдет сол жақсы 5.Бесіншіден не жақсы? Былдырламай көбірек Байыпты да байқағыш Бала болсаң сол жақсы 6.Алтыншыдан не жақсы? Ашу деген бәледен Алшақ жүріп жанаспай Ақылды болсаң сол жақсы 7.Жетіншіден не жақсы? Жауқазындай жайраңдап Жұрт ісіне қайран қап Жатса шіркін, сол жақсы. 8.Сегізіншіден не жақсы Саспай, жастай өнердің Сүйсен бәрін беріліп, Сан істерден сол жақсы 9.Тоғызыншыдан не жақсы? Тәтті досқа сөз беріп Танып жүрмей артынан Табынды болсаң сол жақсы. 10.Оныншыдан не жақсы? Ойлап істеп ісіңді Озып шықсаң ортадан Бәрінен де сол жақ1.Не жаман? Біріншіден не жаман? Беті –қолың кір-кір боп, Берекесіз ыржақтап Бейбастық өссең ,сол жаман. 2.Екіншіден не жаман? Ессіз деніп, желпініп, Екіленіп, ерігіп. Ерке боп өссең , сол жаман 3.Үшіншіден не жаман? Ұшып қонып жүретін Шегірткедей жеңілтек Ұшқалақ болсаң , сол жаман 4.Төртіншіден не жаман? Төменде тұрған өздерің Төбеде тұрған алмаған Талассаңдар, сол жаман. 5.Бесіншіде не жаман? Бар кітабың шашылып Берілген сабақ оқылмай Екі алсаң сол жаман 6.Алтыншыда не жаман? Ата-ананың ақылын Ала білмей кезінде, Ақымақ болсаң ,сол жаман 7.Жетіншіде не жаман? Жиренішті әдеттен Жирене білмей кезінде Жетесіз болсаң ,сол жаман 8.Сегізінші не жаман? Соқтықпай күнде ойнайтын Серік таппай қиналып Сергелден болсаң сол жаман 9. Тоғызыншы не жаман? Топ ішінде мақтанып, Төбелесіп жұртпенен Таяқ жесең сол жаман 10.Оныншыдан не жаман? Ойын қуып жасыңда, Оқусыз өтсен, балақай Бәрінен де сол жаман 4. Ойын: Болады, болмайды Сабақтан кешігуге... Үлкен адамдардың әңгімесіне араласуға... Таңертең ерте тұруға... Қыздардың шашынан тартуға... Үлкендерге көмектесуге... Партаны сызуға... Даурығып сөйлеуге... Сабақ үстінде тыныш отыруға... Кішілерге қамқор болуға... Бір-біріңе көмектесуге... Мектепте жүгіруге... Бір-біріңді арыздауға... Біреудің затын рұқсатсыз алуға... Үзілісте кітапханаға баруға... Демалыста тауға шығуға... Көшеде түкіруге... Мәдениет үйіне баруға... 5. Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту. *Әдепті бала- арлы бала, Әдепсіз бала- сорлы бала. *Әдептілік белгісі, Иіліп сәлем бергені. *Ашу- дұшпан, ақыл- дос, Ақылыңа ақыл қос. *Сіз деген- әдеп, Біз деген- көмек. * Ұлық болсаң- кішік бол. * Кішіден ізет- үлкеннен құрмет *Әдепті бала ата- анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар. *Жақсы адам ай мен күндей Әлемге бірдей. *Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп, Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп. 6. Сиқырлы сөздер: Мұғалім: Балалар кез-келген жағдайда адам бойына ашу шақырмай сабырлы болған жөн. Қатты ашуды тарататын сиқырлы сөздер болады екен. Олардың қандай сөздер екенін бірлесіп іздейік

7. « Ақиқат немесе жалған» ойыны Шарты: Айтылған пікір ақиқат болса, қол соғыңдар, айтылған пікір жалған болса, аяқпен жерді тарсылдатыңдар. Пікірлер: Үлкендердің алдынан кесіп өтпеймін, Мен ұрлық жасағанды ұнатамын Ініме оқку үйретемін, Кішкентай баланы ұрмаймын Итті аяғыммен тебемін, Ойыншығымды ешкімге бермеймін Сабақтан кешікпеймін, Досыма көмектеспеймін Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын Бас киімді доп қыламын, Анама ренжітіп сөздер айтамын Дәптерлерімді, кітабымды таза ұстаймын, Әкемнің айтқанын тыңдаймын. Үлкендерге сәлем беремін, Ешкімнің айтқанын тыңдамаймын Күлді баспаймын, Жақындарыма көп жақсылық жасаймын Жарайсыңдар сендер ізетті баласы екенсіңдер, жарайсыңдар! ІV.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ. Не үйрендік? Не білдік? (ой түю) «Жақсы болу - өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар.Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеті жоқ. Адамның жақсы істерге,жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылықты жақсылардан үйренуі өзіне байланысты. Сонымен біздер жақсыдан үйрен,жаманнан жирен атты тақырыпты қарастырдық. Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар. Жақынды,досты аяла, қанатың сонда талмайды. Барыңды жұрттан аяма, жақсылық жерде қалмайды. «Жақсының жақсылығын айт нұры тассын» — дегендей сіздер әрқайсысың мектеп мақтанышы болыңыздар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!