САБАҚ БАРЫСЫ
-
Ұйымдастыру
кезеңі.
№
1
слайд
- Балаларды психологиялық
дайындау.
А)
1. Ынталандыру:
№2
слайд
- Берілген әріптерден сөз
құрыңдар: а, с, ж, л, ы.
2.Психологиялық
тренинг.
№ 3
слайд
1.«Медитация» стратегиясы. Балалар,
бастарыңды төмен түсіріп, көздеріңді жұмыңдар. Адамдар мекендемеген
планетадасыңдар деп елестетіңдер. Кенет сендердің жүздеріңде күлкі
ойнады. Неліктен күлкі ойнады? Сендер не көрдіңдер? Көңілдеріңді не
көтерді?
2.
Балалар автор
орындығында отырып, өздерінің елестеткен
бейнелері туралы айтып береді.
Б) қызығушылық
тудырту.
№ 4
слайд
1. «Жасыл» сөзі орысша қалай
болады? (зеленый). Ал ағылшын тілінде
қалай болады? (green).
2. Осы сөзбен сөз тіркестерін
құрыңдар (жасыл өскін, жасыл (көк) шөп, жасыл планета және
т.б.)
№
5
слайд
II. Шақыру
кезеңі.
- Жылдың қай мезгілінде
табиғат көктей бастайды? (көктем)
- Көктемде қандай құбылыстар
пайда болады? (табиғат оянып, жаңа өмірін
бастайды)
- Жасыл сөзі нені білдіреді
деп ойлайсыңдар? (жаңа өмір)
- «Жасыл» сөзімен байланысты
қандай сөздер естеріңе түседі (мұғалім «өмір» сөзіне сәйкес келетін
сөздерді таңдап, қайталайды)
№ 6
слайд
- Енді біз «Жасыл – яғни
үнемді» деген сабақ тақырыбына да
жеттік.
- Топтарға
бөлу(мұғалім сыныптың сандық және сапалық
құрамына қарай балаларды 2-4 топқа
бөледі).
III. Түсініп алу
кезеңі.
– Ауызсу туралы не
білесіңдер?
А)
-
«Алма» ойынмен
модельдеу: планетадамыздағы су мен
құрлықтың ара салмағын көрнекі түрде
көрсету.
Мұғалім қолына алма алып, «Осы
алма – бұл біздің Жеріміз». Құрлық бетінің төрттен үш бөлігін су
алады (осы сөздерді айта отырып, мұғалім алманы төртке бөліп, үш
бөлігін алып тастайды). Жер бетінің төрттен бір бөлігі –
құрлық.
- Балалар ғаламшардағы су
қорының көлемі туралы қорытынды
шығарады.
№1
бейнеролик «Су»
-
Блиц-турнир: балалар мұғалімнің сұрағына
жарысып жауап береді және су ресурстарын, атап айтқанда ауызсуды
үнемдеу қажеттілігі туралы қорытынды
шығарады.
- Жер бетінің қанша бөлігін су
алады? (3/4)
- Адамның қанша бөлігі судан
тұрады? (3/5)
- Тұщы су дегеніміз не?
(тамаққа қолдануға болатын су)
- Тұзды су дегеніміз не? (адам
мен жануарлар үшін зиянды)
- Тұщы су қайда бар? (өзендер,
көлдер, батпақтар,мұздықтар)
- Тұзды су қайда бар?
(теңіздер мен мұхиттар)
- Жер бетінде қандай су көп?
(тұзды су)
- Тұщы су қалай тазартылады?
(зауыттарда, тазарту жүйелері
арқылы)
- Тұщы су бітпеу үшін не істеу
керек? (крандарды жауып отыру, сумен ойнамау, ауызсуды мақсатына
қарай ғана пайдалану, яғни үнемдеу
- үнемдеу сөзін тақтаға
жазу керек)
Б)
Жаттығу
№ 7
слайд
- «Болады, болмайды»
ойыны: балалар дұрыс немесе бұрыс
пайымдамаларды таңдап, қозғалу ережелеріне сәйкес қажетті
қимылдарды жасайды (дұрыс пайымдама болса – алақандарын соғады,
бұрыс болса – аяқтарын
тыпырлатады).
1. Тоққа қосылған электр
фенімен ойнауға бола ма (аяқтарын
тыпырлатады).
2. Тоққа қосылған үтікке ылғал
қолмен тиюге бола ма (аяқтарын
тыпырлатады).
3. Бөлмеден шыққанда жарықты
сөндіруге бола ма (алақандарын
соғады).
4. Қосылып тұрған теледидарға
жақын отыруға бола ма (аяқтарын
тыпырлатады).
5. Ұйықтаған кезде компьютерді
қосылған күйінде қалдыруға бола ма (аяқтарын
тыпырлатады).
6. Керек болмаған кезде үтікті
тоқтан ажыратуға бола ма (алақандарын
соғады).
№2
бейнеролик «Энергия»
-
Ой-талқы: 1 минуттың ішінде роликтен
естілген немесе роликте көрсетілген сөздерді жазып
алу.
Әрбір командадан бір оқушы
шығып, команда жазып берген барлық сөздерді оқып шығады, кейінгі
команда әлі айтылмаған сөздерді ғана оқып береді. Ең көп сөзді
жазып алған команда жеңімпаз болады.
- Мәнді-мағыналы
сұрақтар:
- Әрбір команда 2 минуттың
ішінде біздің жаңа ғана қараған бейнематериал бойынша сұрақтарды
дайындауы қажет.
Командалар бір-біріне сұрақ
қойып, энергия мен энергия ресурстарын пайдалану және үнемдеу
проблемасына назар аудару қажеттілігі туралы қорытынды шығарады. Ең
көп дұрыс жауап берген команда жеңімпаз
болады.
- Бізге тоқ не үшін қажет?
(құралдарды пайдалану үшін)
- Тоқты қайдан алады?
(зауыттарда, электр станцияларында)
- Ондай зауыттар қандай зиян
келтіреді? (табиғатты ластайды)
- «Табиғатты ластау» дегеніміз
не? (бұл табиғаттың ластанып
жойылуы)
- Тоқты тағы қалай алуға
болады? (күннен, желден, судан)
- Тоқ алудың қай әдісі ең
жақсы? (екіншісі)
- Бұл әдіс қалай аталады
(жасыл энергетика)
Біз енді тағы
да жасыл
сөзіне
тоқталдық (сөзді тақтаға үнемдеу
сөзінің алдына жазу керек).
4.
Рефлексия.
А) Қорытынды
шығару
- Тақтаға жазылған сөздермен
қандай сөз тіркесін құрастыруға
болады?
№ 8
слайд
- «Жасыл экономика» деген
сөздерді қалай түсінесіз? (балалар жауаптарын берген соң мұғалім
ЭКСПО-2017 көрмесімен байланысты ақпаратты қолданып, терминологияға
түсініктеме беруі қажет)
Б) №3
бейнеролик «Қоқысты бөліп
жинау»
- «Кім тезірек болады?»
атты жарыс» (әрбір команда пакет түсіне
сәйкес келетін қоқысты жинауы тиіс, мұғалім командаларға түрлі
түсті пакеттерді үлестіріп береді, алайда қай пакетке не салу керек
екенін түсіндірмейді: 1-команда – қызғылт сары пакет – батарейкалар
мен лампочкалар, 2-команда – сары пакет - пластик, 3-команда – көк
пакет – қағаз).
-
Мини-диспут: балалар өз таңдауының
дұрыстығын дәлелдеп, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Диспутты
өткізу барысында балалар екі негізгі сұрақтың жауабын табады:
Экологиялық із дегеніміз не? Және экологиялық мәдениет дегеніміз
не?
№ 9
слайд
- Сабақтың басына оралу:
«Медитация» стратегиясы.
Балалар, бастарыңды төмен
түсіріп, көздеріңді жұмыңдар. Енді сендер біздің планетамыздасыңдар
деп елестетіңдер, бірақ осы арада 100 жыл өтті. Кенет сендердің
жүздеріңде күлкі ойнады. Неліктен күлкі ойнады? Сендер не
көрдіңдер? Көңілдеріңді не көтерді?
5. Үй
тапсырмасы.
№ 10
слайд
Покетмодты бояп
шық.
- Балалар, ресурстарды үйде
қалай үнемдеу керектігі туралы ақ-қара покетмодты жаднама мен түрлі
түсті қарандаштардың көмегімен
толтырындар.