Материалдар / Тәрбие сағаты: Жаяу жүргінші әліппесімен

Тәрбие сағаты: Жаяу жүргінші әліппесімен

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты: Жаяу жүргінші әліппесімен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2018
1307
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жаяу жүргінші әліппесіменМақсаты: Оқушыларды жол ережесін білуге үйрету. Бағдаршам белгілері бойынша білетіндерін дамыту. Жол ережесін сақтауға, жарақат алған адамдарға көмек көрсетуге, әрдайым сақ болуға, абай болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері.Әдісі: Ойын жарыс түрінде өтеді. Балаларға тест таратылады, сұрақтарға жауап бере отырып «Жаяу жүргінші әліппесімен» танысады.Барысы:Мұғалім: Балалар, егер өз өмірлеріңді, денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе әрқашан жолда жүру ережесіне сақ болыңдар. Демек жаяу жүргіншілерге қойылатын талаптарды бұлжытпай орындаңдар.«Жаяу жүргінші әліппесі»1.Жаяу жүргінші- бұл:а.Жолда жұмыс істеп жатқан адам.б.Тротуармен жүріп келе жатқан адам.2.Қай жағдай жол апатына әкеліп соғуы мүмкін?а.Жолда ойнау.б.Машина жүретін жермен жүру.3.Жаяу жүргіншілер колоннасы жолда қалай жүру керек?а. Келе жатқан транспортқа қарсы жолдың сол жағымен.б. Келе жатқан транспорт бағытымен, жолдың оң жағымен.4.Шананы, шаңғыны қай жерде тебуге болады?а. Жаяу жүргіншілерге арналған жолда.б.Парк, стадион, жолға шығып кетпейтіндей жерлерде.5.Тротуар дегеніміз не?а. Көлік жүретін жол.б.Велосипед жүретін жол.в.Жаяу жүргіншілер жолы.6.Тротуар шетімен жүрген қауіпті ма?а.Қауіпті емес, себебі тротуар жаяу жүретін жол.б.Қауіпті емес, себебі көлік тротуарға жақын жүрмейді.в.Қауіпті, себебі тротуарға жақын келе жатқан машина сүйкеп өтуі мүмкін.ЖұмбақтарАрқаным бар тым ұзын,Ала алмайсың бір үзімТапшы мұны мысығым. (Жол)2.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,Ескеріп ешбір адам емдемейді.Жүк емес жануарға жүз адам да,Шылбырын сымға байлап тез жөнейді. (трамвай)3.Екі ағасы қашады,Екеуі қуады.Бұл не? (машина дөңгелектері)4.Бұйырмапты бас та, ауыз, құлақта,Бақырайған үш көзі бар бірақта. (бағдаршам)АвтомультиЕртегілер мен мультфильмдер кейіпкерлерінің мінген көліктерін еске түсірейік.1.Үйдің төбесінде өмір сүрген Карлсон өзінің моторын немен майлады ?(варенье)2.Пошташы Печкинге дядя Федяның ата-анасы нендей сыйлық сыйлады? (Велосипед)3.Ертөстіктің жанындай жақсы көрген көлігі? (Шалқұйрық)4.Ертөстікті жер асты хандығынан жер бетіне шығарған не? (Қарақұс)5.Жалмауыз кемпір көлігі?(келі, сыпырғыш)6.Мысық Леопольдтің сүйікті көлігі? (велосипед)7.Өтірік өлеңде Тазша бала көшкен көлік? (инелік)8.Тазша бала қоянды нендей көлікпен қуып жетіп алады? (ақсақ қоңыз)Сөйлейтін белгілер1.Жол белгілері нешеге бөлінеді? (7)2.Негізгілерінің аттарын ата1.ескерту белгілері.2.басымдылық белгілері.3.тыйым салу белгілері.4.нұсқау белгілері.3.Ескерту белгілерінің белгіленуі. (қызыл жиекті, ақ түсті үшбұрыш).4. Басымдылық белгілері:( үшбұрыш, ромб, квадрат, дөңгелек,алтыбұрыш).5.Тыйым салу белгілері.(шеті қызылмен жиектелген қызыл, ақ, көк дөңгелектер)6.Нұсқау белгілері. (көгілдір түсті дөңгелектер)Қорытынды: Бүгінгі сабағымыздан не үйрендік?Ия, дұрыс балалар, жаяулар жүретін жол туралы көп балалар біле бермейді, бірақ біз енді білеміз және ұмытпайтындарыңа сенеміз. Жолда жүру ережесін білу әр адамға міндет пен талап.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ