Тәрбие сағаты
Мақсаты:
Оқушыларды жолда
жүру
ережесімен таныстыру, оқушылардың жол
қауіпсіздігін есте сақтауға, дұрыс
жүруге
сұрақтар қою, жұмбақ, өлең айту арқылы ойларын
дамыту, жол ережесін білуге,
сақтауға, тәртіптілікке, тазалыққа
тәрбиелеу.
Көрнекі
құралдар: Көше ережелерін сақтау тақырыбына салынған әр
түрлі суреттер, жол
белгілерінің суреттері, қолдан жасалған
бағдаршам.
Барысы:
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.
Жол тәртібін бұзба, қатер
тұрғызады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбіне
балалардың жол бойында қалай
болса
солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні,
жүріп бара жатқан машинаға
жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін
салдарынан бұзылады. Жол
тәртібін
бұзғандықтан кейбіреулері машина дөңгелегіне
ілініп қаза тауып,
кейбіреулері
жарақат алады, ал кейбіреулері өмірлік мүгедек
болыа қалады.
Бағдаршам
–
өмірімізді жазымнан сақтандырып көмекшімізү оның
сырын біліп, тілін алу
баршамызға
керек.
Оны дұрыс
білу үшін мен сендерге жол белгілері туралы
ертегі айтып берейін.
Ерте,
ерте,
ертеде, ешкі жүні келтеде сиқырлы түстер деген
жанұяда үш ағайынды түс өмір
сүріпті. Олар ылғи кім күшті деп бір-бірімен
айтысады екен.
Қызыл түс Гүлнұр
айтады: «Мен күштімін, от сияқты қызылмын. Отсыз
адам өмір сүре алмайды», -
дейді екен.
Сары түс Исламнұр
айтады: «Мен күштімін – күн сияқты сарымын. Сенен
мен күштімін», - депті.
Жасыл түс Айгерим
айтады: «Мен күштімін – шырша сияқты жасылмын», -
депті.
Үшеуі
шешімге
келмеген соң сол кезде бағдаршам патша болыпты.
Содан ақыл сұрап барады.
Сонда
бағдаршам патша айтыпты: «Үшеулерің де
күштісіңдер, ешкім де жаман емес.
Менің
уәзірлерім боласыңдар. Менімен бірге патшалық
етесіңдер» - депті.
Содан бері
жүздеген жыл өтті. Бағдаршам машина, адам жолдан
өткенде, жүргенде бағдаршам
мен уәзіріне бағынады.
Енді біз
өз
уәзірлермен патшалық еткенде қандай жұмыс
атқаратынымен танысайық.
Қызыл түс – тоқта.
Сары түс – дайындал.
Жасыл түс – жүр дегенді білдіреді
екен.
Гүлнұр
: Қызыл көзін ашқанда
,
Сынық
сүйем баспа алға !
Исламнұр
:
Сары көзін ашқанда
,
Қарап
қалма аспанға !
Айгерим: Жасыл көзін ашқанда
,
Өте
бергін , жасқанба !
Оқушылар бағдаршам сигналдарын
қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп
тұрады.
Ән «Жол тәртібін
білейік» (Жақсы көрем атамды»
өлеңінің әнімен)
Жол тәртібі
біздерді,
Апаттардан
қорғайды.
Адамдардың
өмірін,
Полиция
қорғайды.
Қайырмасы:
Бағдаршамға
қарайық,
Ережені
сақтайық.
Жол тәртібін
білейік,
Аман-есен жүрейін!
Сахналық
көрініс: «Маймақ аюдың
достары»
Нұрәділ инспектор
:
Медбике
апамыз бәрімізді емдейді ,
Ауырса
адамды, аңды да емдейді .
Отырған
мынау Медбике апаға
Айтыңдаршы
, кане кімдер келмейді ?
(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған ,
сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе
жатады)
Нұрәділ
Инспектор :
Апа,
қараңыз мына сұмдықты ,
Маймақты
кім қыңжылтты ?
Аружан
Мед.бике:
Маймағым,
не болған өзіңе,
Көкпеңбек
ісінген бас – көзіңде ?
Ақбаян Аю:
Айтайын
мен жасырмай шынымды – ай,
Сақтап қал
, апа жанымды шыбындай.
Жармасып
бал тасыр машина үстіне
Домалап
түсіп шыңғырдым құлындай.
Аружан
Мед.бике:
Бір асар
тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұздың қарынның қамы
үшін.
Міне,
енді еңіреп тұрғаның ұят –
ақ,
Тәртіп
керек , біліп ал , жан үшін !
Ақбаян Аю.
Медбике
апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын.Кешіріңіздер
мені!
Мұғалім
: –
Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз
?
Егер
өтетін жерде бағдаршам болмаса
көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.
Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз
саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса ,
өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына
жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді
көрейік.\
Сахналық көрініс: «Қасқыр мен
Қоян»
Қоян:
- Ой, Қасқыр саған не болған?
Қасқыр:
- Ештеңе болған жоқ.
- Онда неге аяғың ақсаңдап қалған?
- Ой, Қоян, сенен ешнәрсе де жасыра алмайды екенсің. Көлікке
жабысамын деп...
- Сен не көлікке жабысып жүрсің бе?
- Иә
- Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға болмайтынын білмейсің бе?
- Баратын жеріме тез жетейін деп...
- Тез жетейін деп өзіңе не болғанын көрдің бе?
- Көрдім
- Көшеде қалай болса солай жүруге, көліктерге жабысуға болмайды
ғой.
- Ал егер асығып тұрсам ше?
- Қаншалықты асығып тұрсаң да, жол ережесін сақтау керек.
- Жол ережесін?
- Иа, жаяу жүріп бара жатқан адамдарға, жүргізушілерге арналған
ережелер болады. Сол ережелерді сақтау керек.
- Ал сол ережелерді сақтамасаң не болады?
- Жол ережесін сақтамағандарға айыппұл салады, ең қорқыныштысы сен
сияқты жарақат алады.
- Қоян, жол ережесі деген не ол?
- Ал сен оның не екенін білмейсің бе?
- Жоқ. Ендеше « Бір дерек» айдарын көрейік. Сонда жол ережесін
білетін боласың.
Бейнеролик тамашалау.
Инспектор Нұрәділ:
Көреген,
дәу қырағы.
Көшемізде
тұрады.
Оның аты –
бағдаршам,
Жол
сілтейді әрқашан.
Ол
бергенде команда,
Бағынамыз
әмәнда.
Аяжан
Бағдаршам:
Тұрамын
көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп , ешқандай
сұрақтан.
Белгісі
жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап
көрінер түнде де жырақтан.
Әділ
Бағдаршам
Дәурен:
Ашса кезек
үш көзін,
Айтты деп
ұқ үш сөзін.
«Тоқта,
сақтан, жол ашық!»
Жүрме
жолға таласып.
Сақтандыру , ескерту белгісі
Гүлнұр :
Қып –
қызыл үшбұрыш,
Қауіптен
сақ бол деп сәт – сапар
жолдаған.
Аман – сау
жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген
белгіні сақтаған , қолдаған.
Аружан Тыйым салу белгісі :
Қызылмен
боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл
белгімін , қаталмын салмақты
.
Мен тұрған
жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып
жан – жақты.
Міндеттеу белгісі Аружан :
Белгімін көрсетер жылдамдық
бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе
қауіпті.
Барлығын
анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол ,
шартыңды міндетті орында !
Ңұсқау
белгісі Исламнұр:
Баратын
жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн –
түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап
тұрамын.
Күндіз
де , түнде де от болып
жанады,
Көк
түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта
қолданылатынын білдік.
Қорытындылау :
Мұғалім
: Балалар,
бүгінгі сабақты қорыта келе «Бал
балалық» әнін
айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман –
есен жүрелік. Қорыта келе:
Ән: (“Атамекен” әуенімен)
Көшеде біз сақ болайық, жас достар
Қаймықпасын ата - анамыз біз үшін
Жол ережесін сақтап жүріп әрдайым
Жас ұландар атына сай болайық
Жолда жүру әліппесін
Білген жөн ғой бес саусақтай
Сонда ғана жүре аласың
Сен өзіңді сау сақтап
Бүгінгідей мерекеде достар - ау
Болғанменен көп айтар ән әліде
Ережені кел екеуміз бірігіп
Жаттайықшы қайта - қайта қайталап.
Ирек –
ирек көшелер,
Көше деген
мың ирек.
Қиындыққа
әйтсе де,
Үйренесің
біртіндеп.
Барар
жерге асықпа,
Бәйге
алмайсың бұрын кеп.
Абай негізгі
мектебі
3-4 «А» сынып
Өткізген : Уразакова А.М
2017-2018 оқу
жылы