Тәрбие сағаты "Жолда аман жүрейік"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Жолда аман жүрейік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға жол ережесін білуге көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының жоспары

Дайындаған: Ибадулла Ақбота

Мектеп:

Мерзімі: 24.11.2020жыл

Сынып:2 «Б»

Тақырыбы: «Жолда аман жүрейік»

Мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру;жол белгілерін толық үйрету мақсатында жұмыстар жүргізу.

Тәрбиелік: оқушыларды жолда жүру ережесін мұқият сақтауға көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп,сақтыққа тәрбиелеу;Отанын сүйіп қорғай білуге тәрбиелеу; 

Дамытушылық: есту,көру арқылы өз бетінше логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: бағдаршам, жол қауіпсіздігі туралы суреттер

Формасы: Топтық

Тәрбие сағатының барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі;

-амандасу

-оқушы назарын тәрбие сағатына аудару



Кіріспе бөлім: Біздің елімізде әртүрлі көліктер жылдан жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен жолаушы адамдардың саны да көбейіп келеді.Жол көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде.Сондықтан да жүргізуші мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпке және мұқият болуы қажет.Жол көлік оқиғаларының зардабын балалар тартады.Оның себебі көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін нашар біледі.Міне осы мақсатта біздің сыныбымызда да «Жолда аман жүрейік» тәрбие сағатын өткізбекшіміз.

Негізгі бөлім: Бағдаршам туралы не білеміз?Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Бағдаршамның үш көзі – үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыс жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. – Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер соқтығысып, жол апаты көп болар еді. Біздің өмірімізді сақтайтын осы бағдаршам. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай болған жөн. Көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға болмайды. 

Сергіту сәті:Қызыл көзін жағады. (қозғалмай тұру) Сары көзін жағады. (қол шапалақтау) Жасыл көзін жағады. (бір орында тұрып жүру.) 

Топтық тапсырма: Оқушыларды 3 топқа бөліп,әр топ екі жұмбақтан шешуі керек.

І-топ.         

1.Көзін ашып жұмады.

Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)

2.Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам. (Автоинспекция қызметкері)



I I-топ.

1. Арқаным тым ұзын.

Ала алмайсың бір үзім. (Жол)

2.Сөйлегенде білмейді

Бірақ «Тоқта, жүр»-дейді. (Бағдаршам)

I I I-топ.

1. Екі аяқты бір ізді,

Үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмен ол менің,

Аяғымды жүргізді.  (Велосипед)

2.Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)



Қызықты деректер:

1.Скандинавияда, тіпті, күндіз жағылмаған шамсыз жүруге рұқсат етілмейді.

2.Кипрде көлік тізгінінде ішуге болмайды. Тіпті, судың өзін! 

3.Егер сіз Жапонияда біреу-міреуді көлік дөңгелегіңіздің астындағы шалшық сумен былғар болсаңыз, онда қомақты мөлшерде айып төлеуге дайындала беріңіз! 

4.Қытайдың Пекин қаласында жаяу жүргінші жолының өткелдеріне тоқтауға қатаң тыйым салынады.

5.Таиландта көлік тізгініне көйлек-жейдесіз отыруға болмайды.

6.Манилада дүйсенбі күндері көлік нөмірлері бірлікпен немесе екілікпен аяқталатын жүргіншілерге жүруге рұқсат етілмейді.

7.Сауд Арабиясында жол үстінде сізді кесе-көлденеңдеп полицияның құрықтап жатуына дайын болыңыз, егер сіз әйел болсаңыз. Ол жақта әйелдерге көлік тізгінінде отыруға болмайды.



8.Оңтүстік Африкада жануарларға жол беруге міндеттісіз.

9.Егер Бразилияда кімде-кімді жол үстінде басып кетер болса, онда ол бәрібір де заң бойынша қан құрамындағы алкогольді анықтау тексерісінен өтуі тиіс.



Дидактикалық ойын:

«Қандай белгі екенін тап?»


Мақсаты:Жол белгілерін ажырата білуге, балалардың жолда жүру ережелері жайында білімдерін бекіту; күнделікті өмірде алған білімін өз бетінше қолдана алуға тәрбиелеу.



Қолданатын көрнекіліктер: Сақтандыру, тыйым салу, көрсеткіш және қызмет көрсету: жол белгілері желімденген текшелер.

Ойын барысы:



1-ші нұсқа. Жетекші текшелер жатқан үстелге кезекпен шақырады. Бала текшені алып, белгіні атап, сондай сияқты белгілері бар балаларға барады.



2-ші нұсқа. Жүргізуші белгі көрсетеді. Балалар осы белгіні өздерінің текшелерінде табады, көрсетеді және оның не білдіретінін айтады.



3-нұсқа. Ойыншыларға текшелер таратады. Балалар оны мұқият зерттейді. Әрі қарай әр бала өзінің белгісі туралы атын атамай айтып береді, қалғандары оны шешу керек.

Қорытынды:Үлкен жолдың үстінде,

Әмірші де, күшті де.

Бағдаршам екенін,

Есте сақта достарым!

Бұл сақшының үш көзді

Үш көзден, ұқ үш сөзді

Ашса бұл, дәу үш көзін

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Топырлама таласып.

Бәрі: – Ұлы сөзді тыңдаймыз

Жол тәртібін сақтаймыз! Сонымен балалар,бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз аяқталды.Жол ережесін білейік,аман есен жүрейік!!!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2020
601
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі