Материалдар / Тәрбие сағаты Ж.Сүлейменов атындағы №70 ЖОМ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Ж.Сүлейменов атындағы №70 ЖОМ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге тәрбие сағаттарын ұйымдастыру үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2020
561
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Тақырыбы: Еркіндігі елімнің – Тәуелсіздік.
Мақсаты:
1.Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен
ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын
жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.
Тәуелсіз Қазақстанның 28 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен
таныстыру.
2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей
білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.
3. Оқушылар бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан республикасының картасы,Еліміздің туы, Елтаңбасы
мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.
Техникалық құрал: мультимедиалық қондырғы.
Барысы:
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік
мерекесіне арналады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік Декларациясы
қабылданып, Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады. «Еркіндігі
елімнің – Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке
жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі Қазақстанның жетістіктеріне
арналады.
Кіріспе
Еркіндігім.
Қасиетім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
Қош келдің! Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті –
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атқан жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!


Page 2

Есте даңқы қыршындарың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе – ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшенді!?

Уа, еркіндік,
Құның немен өлшенді!?
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын –
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

Қ. Сарин

1-жүргізуші:
Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы
мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын - қыстау,
даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні
өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік
болсын.

2-жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Еліміздің тәуелсіздік алауы - халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін
ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз
бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ
шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

1-жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!

Әнұран орындалады.

2-жүргізуші: Қазақ халқы азаттык үшін талай қиындықты бастан кешірді.
Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл
сенді. Тарихқа назар салайық.


Page 3

1-жүргізуші: Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта
аты шулы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қаралы атқа ие болған
1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.
Қазақ жерінің, қазақ елінің ең сұрапыл қасіреті — Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама оқиғасы болды.
2-жүргізуші: Мың жеті жүз жиырма үшінші жылдың көктемінде қазақ елінің
қас жауы жоңғарлардың жеті түмен әскерімен басып кірген еді. Бейбіт өмір
сүріп жатқан халықты талан-таражға салып, азық-түлік, мал-мүлкін тартып
алуды көздеді. Қысты әрең қыстап шыққан қазақтар шетінен қырғынға
ұшырады. Барлық қазақ жан-жақа тарап, кейбірі Самарқанқа, кейбір тайпа-
рулар Қызылқұмға, Қарақұмға өтеді. Осы кездегі бар қалған қазақтың
қасіретін «Елім-ай» әні баяндап дүниеге келеді.
1-жүргізуші: Өз күшіне бірте-бірте енген қазақтар мың жеті жүз жиырма
алтыншы жылы үш жүз батырлары, қолбасшылары бірігіп, құрылтай
өткізеді. Осы құрылтайда әр рудың басшылары жауға қарсы аттануға бел
буып, шешім қабылдайды.
2-жүргізуші: Сол кездегі қазақ батырларының көрсеткен ерліктері, қазақ
халқының бірлігі «Аңырақай» шайқасында жеңіске жетуге себеп болды. Бұл
оқиға қазақ есінде мәңгі қалатын өшпес із болмақ.
1-жүргізуші: Жойылып кетушілік қауіпі қазақ халқын біріктірді. Қазақ
қоғамында ерекше бірігу рухы пайда болды. 1723-1724 жылдардағы ірі
жеңілістерден соң асығыс түрде жер-жерде жасақтар құрыла бастады, оларды
халық арасынан шыққан мықты батырлар басқарды. Осындай қиын кезеңде
Абылай, Әбілқайыр хандардың, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің, талантты
қолбасшылар — Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Наурызбай, Малайсары
және Жәнібек батырлардың даңқы шықты.
2-жүргізуші: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-
азаттық көтеріліс.
1836-1838 жылдардағы Ішкі Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы бастаған
ұлт-азаттық көтеріліс. Бұл көтеріліс Ресей патша үкіметіне қарсы
бағытталды. Қазақ шаруаларының жерлерін тартып алып , орыс
шаруаларына үлестіріп берген олар халықтың ашу-ызасын тудырды.

1-жүргізуші: 1917 ж. бастап қазақ елі кеңес елінің құрамында болды. 1925-
1933ж.ж. Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп , «Кіші
Октябрь» саясатын жүргізді. Елді аштық тығырына тіреп негізгі күн көрісі
мал болған қазақтар екі-үш жылда малдарынан түгел айрылып, Қазақстанда
тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды.


Page 4

2-жүргізуші:1937ж. асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде
жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды.

1-жүргізуші:ХХ ғасырдың басындағы Алашорда зиялылары, Кеңес үкіметі
орнағаннан кейінгі коммунистік партия қатарында болып, “ұлтшыл,”
“оңшыл” атанған ұлттық зиялылар қазақ халқы мүддесі, ізгілік пен
әділеттіліктен өзгені мақсат етіп қойған жоқ. Оған А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Т.Рысқұлов іспеттес
біртуар дарындардың шығармалары білім мен танымның асыл қазынасы
болып табылатыны дәлел

2-жүргізуші: 1937-1938 жылдары 1 миллион адам атылып, 2 миллион адам
тұтқында өлген. М.Тәтімов «Зұлматтың ауыр зардабы» атты еңбегінде 1937-
1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмеде, ал оның 22 мыңы
атылған деп айтады. 1936-1938 жылдар арлығында 29 әртүрлі
“контрреволюциялық ұйымдар” ашылып, 1937-1938 жылдары 160 мың адам
қуғын-сүргінге ұшыраған.

1-жүргізуші: Қазақстан 1932-1933 жылдары бұрынды-соңды болмаған
қоғамдық апатты басынан кешірді. Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың
орта кезінде А.Байтұрсынов, С.Асфендиияров, Х.Досмұханбедов,
Т.Жүргенов, О.Жандосов және басқа аса көрнекті қоғам қайраткерлер,
ғалым, педогогтердің өмірі қиылып кетті.

2-жүргізуші: 1937- 1938 жылдардағы тоталитаризм құрығының құрбандары,
дүние жүзіне әйгілі жазушылар мен ақындар М.Б.Жұмабаев, С.Сейфуллин,
І.Жансүгіров, Б.Майлин, дарынды оқымыстылар А.Байтұрсынов,
С.Д.Асфендияров, ірі мемлекет және қоғам қайраткерлері, шаруашылық
жетекшілері, өндіріс саласындағы озаттар да болды.

1-жүргізуші: 1941-1945ж.ж. адамзат тарихында болмаған алапат соғыста
бірлік жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты
қорғап ерекше ерлік көрсетті.
Екінші дүниежүзілік соғысқа 3447600 адам қатысты. Қан майданға
Қазақстанның әрбір бесінші азаматы аттанды. 601815 жауынгер оралған жоқ.

2-жүргізуші: 1986 жылы 16 желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу
басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден
еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек», -
деген ұрандар айтылды.
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен
алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға аймақтардан әскердің арнайы
бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан
жастарға «Ұлтшылдар», «Нашақорлар», «Бұзақылар», - деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге жабылып, оқу орнынан шығарылды.


Page 5

Тәуелсіздік жолында қазақ жастары қайсарлықпен ерлік ерлік көрсетіп,
құрбан болы.

Зарина: М. Шаханов « Төрт ана»
«Тағдырыңды тамырсыздық
індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға
келер ортаға,
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Демеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері- түп қазығы айбыны,
Туған тілі- сарқылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап
сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайды
қалмаған.
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана -
тағдырымның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес-тердің
ұлысы!»

Ернұр:
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алты басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.

1-жүргізуші:1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз
Республика болып жарияланды. Еліміздің тәуелсіздік алуы - халқымыздың
тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп,
серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ
тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.


Page 6

Гүлназ: Азаттықтың ақ таңы
Көне күннен суырсам сыр сабақтап,
Шер қозғалып кетер ме екен, мадақ
қап.
Жұмыс басты не алман деп
пендеге,
Түркі сөйлеп кетер ме екен, Қазақ
қап.
Тәуелсіздік! Тұрақ болған құтыма,
Тайқы маңдай, шыда заман
жұтына.
Қайың шанақ, қос ішектен күй
сауып,
Қайқылардай егіліпті Сыпыра.
Бастан бұлбұл дәурен ауған шағы
ма?!
Асқан дүлдүл, ерек жұрттан бағы
да.
Қазтуғаннан қоныс болмай алаң
жұрт,
Қайран Еділ.. Қалған бір кез адыра.
Тәуелсіздік! Тәтті ұғымсың
сезгенге.
Салмағың бар салынбайтын
безбенге.
Алты Алаштың басын қосқан Әз
Тәуке,
Ел шетіне қалмақ тиген кездерде.
Халық едік жаннан көрі ар баққан,
Зорлық көріп отырар ма қалмақтан.
Қабанбай мен Бөгенбайым
күркіреп,
Наурызбайдың найзасына қан
қатқан.
Саумал күннің сипатынан күй
ұққан,
Төле, Қазбек, Әйтекедей биік бар.
Үш арысқа Абылайды, хан болған,
Бұқар жырау ақылына ұйытқан.
Ыстық қайрат от жүрекпен қатар
кеп,
Тағдыр, бірақ, осыншама қатал ма
ед.
Жау қолынан өлу жазбай, дүние-ай,
Жарқ етті де өтіп кетті Махамбет.
Бағын деген бұйрық келген сәтінде,
Бас ұра алмай, құлақ аспай жат
үнге.
Иса, Досан халық туын көтерген,
Қылыштарын сермеп өткен кәпірге.
Жалғыз кеме қарсы жүзген ағысқа,
Ұлтым үшін мыңмен жалғыз
алысқан.
Қанат байлап дүлдүл Қызыл
Жебеге,
Тұрар көкем самғап кетті ғарышқа.
Тәуелділік бұғау ма еді тағылған,
Үміт өшпей жүрген халық
жадында.
Менің дағы кеудемде жүр бір
ұшқын
Желтоқсанда мұзда жанған
жалыннан.
Қазақ барда өшпек емес аттары,
Бірлік барда белгілі ғой бақ бары.
Барлық қазақ біріккенде атқанын,
Ұмытпайық! Азаттықтың ақ таңы!
Би: «Толғау» ұлдар биі


Page 7

2-жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2 400мың шаршы
шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті
мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия,
Португалия, Испания ,Италия . Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемелекеттің
ішінде 9-орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес. Олар: Ресей,
Қытай, Өзбекстан,Қырғызстан,Түркменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі
тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Елордасы– Астана.

1-жүргізуші:
Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемелекет. Бізде алтын, темір,
мырыш, күміс,көмір, газ, мұнай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев
кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі.

Ақарыс:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.
Желдей еркін, түздей кең қандай
азат,

Мен қазақпын дегенде қандай
ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын
Жетер сан жыл шеккен азап.

Бақберген:
16 желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн,
Үміті болып елінің.
Жарқарап атар таңы бар,

Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!
Жүрегі толы отпенен
Арманмен өсіп көктеген
Ертеңге нұрлы беттеген
Айналдым сенен Отаным!


ӘН: Зарина: «Тәуелсіз қазақ қызымын» Мұратбек: «Тәуелсіздік -тірегім»


Page 8

Жарылқасын:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.

Көк аспанда қызыл күн,
Көк аспанда жас қыран.
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан.

Жанатындай өзі отша,
Жалын шарпып бетіңді.
Туымыз да қазақша
Сөйлеп тұрған секілді.

Туымызға жас тұнған
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз!
Балжан:
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
Тәжім етіп бас иер,
Туы елімнің егемен.
Тұтастығым куәсі

Туғандай бір енеден.
Елдігімді әлемге
Паш ететін байрағым,
Тұнық менің көгімдей
Әуемде мәңгі жайнаған!


Ән: «Мен Қазақпын» Жанатбек, Асылжан



Би: Қыздыр тобы - «Қамажай»


Page 9


1-жүргізуші:
Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 28 жыл. Осы аз уақыт ішінде еліміз
көптеген жетістікке қол жеткізді.
(Слайдтар көрсету)

Асылжан:
О, Отаным сен маған,
Өмір бердің шуақты,
Білек бердің талмаған
Жүрек бердің қуатты.
Сол қуатпен от қоссам,
Өзіңнің бір шоғың боп,
Керек етіп оқтасаң
Атылам бір оғың боп.
Біздің қазақ мықты ғой,
Тәуелсіз ел атанған.
Желтоқсан деген көтеріліс
Жан аямау Отаннан.

Жәудір: Желтоқсан жыры

Әйгілей ме үніңді асқар далам,
Қайран жүрек, неден де
жасқанбаған?!
Қасиетін қалқалап қанатына
Қасіретін көтерген қасқалдақ ән!
Желді тоқсан...
Қан тоқсан...
Қаралы күн,
Жұдырықтай жүректің жанары
мұң.
Көкіректе сыздаған із қалды,
Кім қайтарар жандағы жара құнын?
Сексен алты – дәуірдің дүрбелеңі,
Дүрбелеңмен дүр шындық
түргеледі...
Бастау алған баянды болашаққа,
Баспалдақтар қалдырған дерегі.
Жауыздықтың шек бар ма
кермегінде,
Желкен сенім желге апат көнбедің
бе?
Пейіш-нұрдан жаралып, мен сол
уақыт
Періште оймен сезіндім жүрегімде.
Салқындықтан санада сыз бар әлі,
Сарқын бұлттар күз қаланы.
Қайсар рухпен аңсаулы таң
атырған,
Қанды жылдың мен де арман
мұзбалағы.
Шүкір, шүкір,
Таңы аттың еркіндіктің,
Азат ұлдың айнымас сертін күттім.
Жан жарасы жазылар...
Уақыт-өлшем,
Ар жарасы айықпас дертіңді
ұқтым.
Сезіміңнен кіршіксіз сыр ұқтырып,
Семсер Ождан бұлқынды,
Суытты үміт.
Арман болып аспанға ұшып кеттің,
Ақтық рет ақ таңға күліп тұрып.


Page 10



Жәудір: «Желтоқсан жыры» Ән: «Батырлар ұраны» Жарылқасын,Бақберген


Көрініс: «Мен Қазақпын» Аружан: «Туған жер»




Қорытынды: Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік - ең
алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар


Page 11

рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші-ең қадірлі күш.
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.
Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін,
жері, халқы бай ел.
«Білектің күшімен, найзаның ұшымен» жеткен Тәуелсіздігіміз мәңгілік
болсын! Еліміздің болашағы – сендерсіңдер! Демек, Тәуелсіздіктік туын
биікте ұстау сендердің қолдарыңда. Елімізді, туған жерімізді, табиғатымызды
сүйіп, тілімізді, дінімізді,салт – дәстүрімізді дәріптейік.

Тәуелсіздік шежіресі.
1991 жылы Қазақстан егеменді ел болды. Еліміздің Тәуелсіздігін ең алғаш
болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, екінші
Қытай, содан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия,
Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады.
Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті
мойындады» деген сөз ақиқат болмай шықты. Түркия алғаш болып
Қазақстанда өз елшілін ашқан, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші
болды. Бұл деректі Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін
атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған
Вячеслав Ғиззатов айтты. Сонымен қатар осы жылдың 2 қазанында қазақтың
тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар
шекті.
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі
атанды. Осы жылы мемлекеттік рәміздер — Әнұран, Елтаңба және Туды
жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында Тұңғыш
Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы»,
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы», «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік әнұраны туралы» заңға қол қойды.
1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы
қабылданды. Осы жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз - теңге айналымға
енді.
1994 жылдың 16 ақпанында Елбасы Н.Назарбаев Ядролық қаруды таратпау
туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп Қазақстан өз еркімен қуатты қарудан бас
тартып, ядролық қаруы жоқ ел ретінде осынау зұлматпен күрестің алғашқы
баспалдағын қалады.
1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде Қазақстан
Республикасының Ата Заңы қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.
Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.


Page 12

1996 жылы Қазақстанның араласуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының
құрылды. Осы ұйымның құрылуына сол кезде біраз жұрт күмәнмен
қарағанымен, ШЫҰ өзінің шынайылығын, қажеттілігін танытты. Бүгінде бұл
ұйымның әлемдегі беделі айтарлықтай жоғары.
1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа
астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. Осы жылдың 8
қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін
Алматыдан Ақмолаға шығарып салу рәсімі өтті. Сондай-ақ, 3 желтоқсанда
Премьер-Министрдің кеңсесі Ақмолаға көшті.
1998 жылы елордамыз Ақмолаға Астана аты берілді. Сондай-ақ осы жылы
елімізде зейнетақы реформасы басталды. Мемлекет зейнетке шығу жасын
әйелдер үшін 58 және ерлер үшін 63 жасқа дейін ұзартты.
2000 жылдың 10 қазанында Астанада халықаралық экономикалық ұйым
ретінде кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. Аталған қоғамдастықты
құру туралы келісімге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және
Қырғызстан мемлекеттері қол қойды. Кейін Еуразиялық экономикалық одақ
құрылып, қоғамдастық алынып тасталды.
2001 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын
атап өтті. Осы жылы көптеген ауқымды шара ұйымдастырылып, Рим папасы
Иоанн Павел II Астанаға келді.
2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтой ЮНЕСКО көлемінде
аталып өтті. Сонымен қатар осы жылы киелі Түркістанда Дүниежүзі
қазақтарының екінші құрылтайы өтті.
2003 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші
құрылтайы өтті. Тарих жүзінде бұған дейін дәстүрлі үш бағыттағы дін
басшыларының бір жерде бас қоспағанын ескерсек, бұл Қазақстанның басты
жетістіктерінің бірі саналары анық.
2004 жылы 24 желтоқсанда «Ақорда» резиденциясыны ашылды.
Ғимараттың жалпы ауданы 36 720 шаршы метр. Сонымен қатар осы жылы
Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі
ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонат бар.
2005 жылдың желтоқсанында Конституция шеңберінде Президенттік сайлау
өтіп, ел өзінің басшысын таңдады. Сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев
қатысушылардың 91 пайыз дауысын алып, ел сеніміне ие болды.
2006 жылдың қаңтарында мемлекетіміздің жаңа Әнұраны қабылданды.
Әнұран негізіне Ж.Нәжімеденовтің сөзіне жазылған композитор


Page 13

Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні алынды. Қолданыстағы Әнұран
мәтініне Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың енгізген өзгерістерін Парламент
қабылдады. Әнұранның заңды авторларының бірі - Н.Ә.Назарбаев;
2007 жылы Қазақстан халқы үшін аса маңызды «Мәдени мұра»
бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асырыла бастады. Мемлекеттік
бюджеттен аталған бағдарламаны жүйелендіруге, сақтап және дамытуға 4
миллиард теңге бөлінді. Алғашқы кезеңге 2,7 миллиард теңге, соңғысына 5
миллиардтан аса бөлінді.
2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде
жаңа мейрам - 6 шілде - Астана күні тарихқа енді. Сонымен қатар елордадағы
«Қазақ елі» монументі ашылды.
2009 жылы Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтті. Ел тәуелсіздік
алғалы бері екінші рет өткізіліп отырған ұлттық халық санағы Қазақстан
тұрғындарының саны 16 миллион 4 800 адам болғандығын көрсетті.
2010 жылы Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына
төрағалық ете бастады. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанда саммит
өткізілді.
2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті.
Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70 медаль иеленді. Олардың
32-сі — алтын, 21-і — күміс және 18-і — қола.
2012 жылдың 22 қарашасында Қазақстан 2017 жылы елде әлемдік көрме
өткізу құқығына ие болды. Халықаралық көрме бюросы мүшелерінің
қатысуымен Астана 103 дауыс жинады.
2013 жыл Тұңғыш Президент жариялаған «2050 Стратегиясы - қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдау бойынша жұмыстардың қолға
алынуымен ерекшеленді. Сонымен қатар осы жылы Қазақстан тарихында
тұңғыш рет жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы өтті.
2014 жылдың тамыз айында үкіметте қайта құру жұмыстары өтті: 17
министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30
комитет құрылды. Қаржы полициясының қызметі мемлекеттік қызмет және
жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттікке берілді. Бұдан өзге
энергетика, мәдениет және спорт, инвестициялар және даму, ұлттық
экономика министрліктері құрылды.
2015 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда
ұйымының мүшесі атанды.


Page 14

2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның өз алдына егеменді ел болып
жарияланғанына 25 жыл толды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған
декларация жазылды.
2017 жылы Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды. Аталған
көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны
тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені
өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне
төрағалық етті. Сондай-ақ Астананың 20 жылдық мерейтойы тойланды.
2019 жыл Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін
тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс
жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!