Материалдар / Тәрбие сағаты "Жұлдызды қала - Астана"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Жұлдызды қала - Астана"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатында еліміздің бас қаласы Астанаға саяхат. Оқушылардың бойынан Отанға деген сүйіспеншілік, елімізге құрмет көрсетіп, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында өткізілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
681
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:  Жұлдызды  қала – Астана

Мақсаты: Оқушыларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру. Елорда туралы білімдерін толықтыру. Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту. Туған жерін сүйе білуге, Отанымызды өркендетуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Астана қаласы туралы видеоролик, Астана қаласының көріністері /суреттер/

Барысы:

Мұғалім: Балалар, біз күнделікті өмірде бір-бірімізбен сөйлесеміз, пікір алысамыз, әңгімелесеміз. Біздің туып-өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқаруға дана басшыларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген қауіп-қатерден қорғап келеді. Жер бетінде азаттықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Қазақ халқы – ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.

Иә, балалар, бүгінгі сабағымыз Елордамыз Астана туралы болмақ. Ал қанекей балалар араларында Астана қаласына барғандарын бар ма?

Сендер Астанаға бардыңдар, сол жайлы айтып беріңдерші. Қане балалар кімде қандай сұрақ бар екен. /Астана қаласына барып қайтқан оқушыларға сұрақ қою/

Олай болса құрметті қонақтар барлығымыз Астана қаласына саяхат жасайық.

Саяхатқа бару үшін балалар барлығын осы саяхаттың тапсырмаларын орындауларын керек.

Мұғалім: Балалар Астана қаласына бару үшін пойызға отыруымыз керек.

Аралдан пойызға отыру үшін барлығымыз бірге сөзжұмбақ шешейік.

1)Қазақ халқының ұлттық музыка аспабы.

2)Қазақстан Республикасының елбасының есімі.

3)Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.

4)Қазақ халқының ұлы ақыны.

5)Ас атасы

6)Қазақстан Республикасының рәмізі.












































 Сонымен біз Қызылорда қаласына келдік. Бұл қаладан біз басқа пойызға отыруымыз қажет. Ол үшін балалар сендер Қазақстанның бұрынғы астаналарын еске түсірулерін керек.

1-оқушы: Қазақ жерінің бас қалалары

Батыс түрік қағанатының астанасы – Суяб

Қарахан мемлекетінің астанасы – Баласағұн

Қарлұқ қағанатының астанасы – Қойлық

Оғыз мемлекетінің астанасы – Янгикент

ХІІ-ХІV ғ.ғ. Қыпшақ хандығының, ХІV-ХV ғ.ғ. Ақорда мемлекетінің, 1446 жылдан бастап Әбілқайыр мемлекетінің және ХVІІ ғасырға дейін Қазақ хандығының астанасы – Сығанақ

Қазақ хандығының саяси және рухани астанасы – Түркістан

2-оқушы: Орынбор. 1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор қаласы болды. Кейіннен ол Ресей құрамына қабылданады.

3-оқушы: Қызылорда. 1925 жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді. Қызылорда қаласының бұрнағы атауы Ақмешіт болатын.

4-оқушы: Алматы. Түрксіб құрылысы астананы Алматыға көшіруде басты себеп болды. Бұл заң жүзінде 1927 жылы, іс жүзінде 1929 жылы жүзеге асырылды.

Мұғалім: Міне балалар, біз Қазақстанның бас қаласы болған өзге қалаларды да еске түсіре отырып, біз Астанаға да келіп жеттк. Енді балалар экранға назар аударып Астана қаласын аралайық. /Астана қаласы туралы видеоролик/

1-жүргізуші: Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің жағасында әлемді өзіне қаратқан жаңа қала бой көтерді. Ол біздің Елордамыз – Астана.

2-жүргізуші: Достық пейіл – татулықтың тірегі.

Біздің халық бейбіт өмір сүреді.

Бар әлемді бір өзіне қаратқан

Елордамыз  — Еуразия жүрегі!

1-жүргізуші: Біз бүгінде бүкіл еліміздің игілігі болып табылатын жаңа астанаға ие болдық.

2-жүргізуші: Жаңа елорда Отанымыз үшін біздің сүйікті Қазақстанымыздың жаңа болашағының жарқын да ізгі беташары болды.

1-жүргізуші: Астана аз ғана уақыт ішінде әлемде өзіндік келбеті бар аймен, күнмен таласқан әсем қалаға айналды.

2-жүргізуші: Астана сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала.

1-жүргізуші: Астанамыздың көркеюі елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы екенін білуіміз керек.

2-жүргізуші: Елбасымыз айтқандай, жана әлемдегі жаңа Қазақстанның  жаңа Астанасы әрі жас Астанасы қайсымыздың болса көкірімізде арайлы рухты оятады.

1-жүргізуші: Сарыарқа самалымен тербелген ерке-Есілдің бойындағы ғажап қала-ол біздің Астанамыз.

2-жүргізуші: Есіл өзені қаланы екіге бөліп жатыр. Есілдің оң жағалауында көбіне тұрғын үйлер орналасқан, ал сол жағалауы жалпы Қазақстанның саяси орталығы болып табылады.

1-жүргізуші: Есіл өзенінің сол жағалауында Президент Ақ Ордасы, Парламент Сенаты мен Мәжіліс үйлері, Конгресс холл, «Интерконтиненталь» қонақ үйі,  тағы басқа негізгі экономикалық, саяси орталықтар орналасқан.

2-жүргізуші: Астана тек қана әкімшілік қала емес, халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелері, театрлары мен музейлері.

1-жүргізуші: Балалар енді бәріміз бірге Астана қаласының көрнекі жерлерін аралап, олармен таныс болайық.

2-жүргізуші: «Астана -Бәйтерек» монументі Елорданың басты көрнекті орындарының бірі. Есіл өзенінің сол жақ жағасында жапырақ жайған «Астана-Бәйтерек» заңғар көкке құлаш ұрды. «Бәйтеректің негізгі идеясы — ол Бейбітшілік Ағашы. Мұндай ағаштың басты қызметі әлемнің үш деңгейлі құрылымын біріктіру: төменгі жерасты, жер үсті және аспан әлемі. Биіктігі 105 метрлік, салмағы 1000 тоннадан асатын металл құрастырмалар 500 тіреу-қадаларға бекітілген. Әлемде тұңғыш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы

300 тонналық күн сәулесімен құбылып тұратын әйнектен жасалған шар

97 метрлік биіктікке көтерілді- бұл Қазақстанның жаңа елордасының

1997 жылдан бастап пайда болғанын еске салады.

1-жүргізуші: 97 метрлік биіктікте, шардың ішінде жаңа елорданың келбетін алақанға салғандай көрсететін панорама залы орналасқан. Күміс тұмар — Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының таңбасы салынған. Ол мемлекетті және оның азаматтарының бейбіт өмірін, достығы мен келісімін қастерлеп сақтауға үндейді. Астанада әлемдік діндердің бірінші сьезі өткізілуі монументке үлкен маңыз береді. Рухани көшбасылардың бірінші сьезінен кейін «Аялы алақан» жанында тағы бір ұстын пайда болды. Онда Қазақстан жеріне әлемнің 17 елінен келген әлемдік діндер көшбасшылары қолтаңбалары мен тілек-батасын қалдырды. Жаңарған елорданың көркін аспанмен таластырған «Астана-Бәйтерек», сәулет өнерінің жаңару нышаны, Астана символы, Қазақстан символы болып отыр.

2-жүргізуші: «Атамекен — Қазақстан картасы» этно-мемориалдык кешені. Қазақстан кең байтақ. Бірақ оны алақанда тұрғандай көруге, оның сәулеті мен жерінің тарихымен танысуға болады, балалық арманыңды жерде тұрып этно-мемориалды кешенде өзіңді бейне бір ертегінің алыбындай сезінуге болады. Жоба «Каздизайнда» белгілі сәулетшілер мен дизайнерлерді тартудың арқасында жүзеге асты. Табиғат пен адамның тартуынан тұратын танымал Қазақстанның кішірейтілген нұсқасы 1,7 гектар ауданды – екі футбол алаңын алып жатыр. Мемлекет басшыларының аллеясы таяу жерде орналасқан саяси репрессия құрбандарына арналған монументпен байланысады. Қартада 14 облыс пен бірге республикалық маңызға ие, Астана, Алматы қалалары орналасқан.

1-жүргізуші:  Президент саябағы Бейбітшілік және келісім сарайы мен Ақорданың жанында орналасқан. Паркте «Самұрық құс», «Төменгі алаң», «Үлкен каскад», «Грот», «Көл — қайнар көз» атты бес су бұрқақтары кешені, сегіз жасанды тоған мен каналдар бар. Саябақтың орталық бөлігі көп адамның қатысуымен өтетін салтанатты шараларды өткізуге арналып салынған, 1 мың автокөлікке арналған тұрағы бар. Журналистерге берген сұхбатында президент саябақтың жалпы аумағы 83 гектарды құрайтынын айтты. «Бұл үлкен аумақ. Мұндай саябақ тек Қазақстан ғана емес, жалпы ТМД аясында жоқ. Біз оны ұлғайта түсетін боламыз. Бұл Елорда тұрғындарының ең тамаша, ең сүйікті демалыс орнына айналады», -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

2-жүргізуші: Ғашықтар саябағы. Ол Есілдің сол жағалауында орналасып,

14 мың гектар аумақты алып жатыр. Саябақтың жобасын USB Group тобы жасап, құрылысын «Қазгерстрой» ЖШС салды. Саябақ аумағында 3,5 мың түп ағаш отырғызылып, 5 мың шаршы метрге гүлзарлар мен 116 мың шаршы метрге шөп егілді. Ондағы субұрқақтар автоматты түрде жұмыс жасайды.

1-жүргізуші: Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы. Ол 25 қабаттан тұрады. Оның жалпы көлемі 25,5 мың шаршы метр. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Әрине әртүрлі діни дәстүрлерді бір шаңырақтың астына жинайтын ғимараттар бар, дегенмен, Қазақстан храмының олардан айырмашылығы – өзара келісім аясында тиімді сұхбат құруға арналған бір ғана алаңқай.

2-жүргізуші: «Қазақ елі» монументі дәл осылай аталатын жаңа алаңның ортасында бой көтерді, ол Астананың символдық мәнге ие нысандары — Бейбітшілік пен келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Өнер университетімен бірегей ансамбль құрып тұр. “Қазақ Елі” монументінің жалпы аумағы 16 гектар. Ал негізгі ескерткіштің биіктігі тәуелсіздік алған жылдың символы ретінде 91 метрді құрайды.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік сарайы.Үш этаждан тұратын Сарайдың өзіндік архитектуралық ойынан шығады. Бірінші этажда бір мезгілде 3100 адамды орналастыратын жиналыс залы бар. Тәуелсіздік сарайының ерекше мақтанышы болып үшінші қабатта орналасқан Астананың тарихына арналған мұражай «Астана кеше, бүгін, ертең…» табылады. Мұражай Қазақстанның жаңа астанасының бүкіл қалыптасу тарихын көрсетеді.

2-жүргізуші: Тәуелсіздік Астананы өмірге келтірді. Өз кезегінде Астана біздің Тәуелсіздігімізді қуаттап, дамыту түсуде.

1-жүргізуші: Астана жарқын, қуатты да өркенді, барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай ұмтылған қалаға айналды.

2-жүргізуші: Астана – бұл қаланың жақсы тіршілік етуін қамтамасыз етіп отырған, инженерлік инфрақұрылымы, көлік жүйесі, коммуналды шаруашылығы мен тұрғын үй қоры, әлеуметтік нысандар жүйесі дамыған қазіргі заманғы ірі мегаполис.

2-жүргізуші: Астана — әлемнің үздік астанасы болу үшін өзінің алдына нақты міндеттер мен мақсаттар қойды. Ол өзінің мақсаттарына жету үшін жұмыс істейтін болады.

Мұғалім: Балалар, Астана қаласы биыл 12 жасқа толады екен. Астана атына ие болған жылдан бастап осы жыл аралығында қалада қандай маңызды оқиғалар болды, соған тоқталып өтелік.

5-оқушы: 1997ж. 20 қазан. Президент жарлығымен Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Ақмола еліміздің астанасы болып жарияланды.

6-оқушы: 1998ж. 6 мамыр. Қалалық мәслихаттың сессиясында депутаттар қала атауын Астанаға ауыстыру туралы бір жақты шешім қабылдады.

1998ж. 10 маусым. Ресми тұсаукесер тойы өтті. Астана қаласының туған күні болып саналады.

1998 жылы барлығы 170 түрлі нысан пайда болды.
Тура осы күні Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Президент қала сайлаушыларымен кездесті. Онда қалалық мәслихаттың шешімімен Нұрсұлтан Назарбаевқа Астананың құрметті азаматы деген атақ берілді.

7-оқушы: 1999ж.  10 қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 79,78 пайыз дауысын жинап, Қазақстан Президенті боп, қайта сайланды.

1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды.

Шетелдік инвестициялар есебінен 1999жылы Ұлттық мұражай, Еуразия ұлттық университетінің оқу корпусы, 240 орындық аурухана, тұрғын үйлер бой көтерді.

8-оқушы: 2000ж. Жаңа әкімшілік орталықтың құрылысы басталған сол жақ жағалауды кеңінен игеру жылы болып есте қалды.

9-оқушы: 2001ж. Жаңа елорда тарихындағы ірі дерек Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2001 жылғы көктемде бекіткен 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» Мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.
2001 жылғы ең маңызды халықаралық оқиға Астана үшін Рим Папасы Иоанн Павел ІІ 22 қыркүйекте басталған мемлекеттік визиті болды.

10-оқушы: 2002 жыл еліміздің бас қаласы үшін үлкен маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Осы жылы Астанаға БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан келіп, жас елордамызға таң қалып, жақсы тілектерін айтқан. Сол жылы спорттағы ірі іс-шаралардың бірі — Бокстан әлем кубогының мерейлік жарыстары да Астанада өтті. Есілдің сол жақ жағалауында бірінен кейін бірі жаңа объектілер іске қосыла бастады.

11-оқушы: 2003 жыл. Тұрақты даму жолын таңдап, Қазақстан бұрынғы кеңес одағы кеңістігінде дамыған мемлекет атағына ие болды. Бұл тек экономиканың арқасында емес. Біздің көпұлтты және көпконфессиялы елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезін өтті.

12-оқушы: 2004ж. 24 желтоқсанда Астанада еліміздің басты ғимараты – «Ақорда» атауына ие болған Президент резиденциясының ашылу салтанаты болды.

13-оқушы: 2005 жылдың бас кезеңі Астана үшін бірінші кезекте елорданың халықаралық әуежайында жаңа жолаушылар терминалының ашылуымен есте қалады.

Сол жылы «Қазақстан» саябағында үш мыңнан астам, екі мыңнан астам – Ғашықтар саябағында, сондай – Бәйтеректің жанында әртүрлі ағаш отырғызылды. Жалпы айтқанда, Астананы көгалдандырудың 2030 жылға дейінгі кешенді бағдарламасымен әрбір тұрғынға 19 шаршы метр жасыл желек мөлшеріне қол жеткізу көзделген

14-оқушы: 2006 жылдың тағы да бір маңызды оқиғасы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндердің екінші съезі. Оған қатысушылар түрлі діндер, этностар мен мәдениеттердің бірігуін білдіретін Бейбітшілік және келісім сарайында өткен дөңгелек үстелде кездесті.
Бірінші қыркүйекте Елбасының қатысуымен елорданың жасанды төбесінде орналасқан 77 метрлік пирамида түріндегі Бейбітшілік және келісім сарайының салтанатты ашылуы болды.
15-оқушы: Бәсекелестікке қабілеттікті дамыту – бүкіл елдің, Астананың дамуы үшін айқын басымдылық. Әрине, Париж, Лондон, Токио сынды қалалармен бәсекелес болу өте қиын. Алайда, мүмкін жай. Бұл тұрғыдан басты бағыттарды 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында Елбасы баса көрсеткен.
16-оқушы: 2008 жылы Астана қаласының 10 жылдық мерейтойы тойланды. 
17-оқушы: 2009 жыл. Халық санағы. Астана халқынының саны 684 мыңға жетті. 1998 жылы мұнда 225 мың адам тұратын.

Мұғалім: Балалар бүгінгі саяхаттан қандай әсер алдық, соңы білейік. Алғашқы екі топ бүгінгі саяхаттан алған әсері бойынша немесе суреттер арқылы мәтін құрастыруларын керек. Ал басқа екі топ бүгінгі саяхаттан есте қалғанын плакатқа сурет салу арқылы көрсетеді.

Балалар, біз Астананы тамашалап қайттық. Ал енді сұрағандарға не деп жауап қайтарар едік. / «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы/

Ж   Жайнаған гүлге толы сұлу қала.

Ұ     Ұрпақтан ұрпаққа айтылатын аңыз болып айтылар ардақты Астана.

Л    Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала.

Д    Даму қарқыны бойынша І орында тұр.

Ы   Ынтымағы мен достығы жарасқан қала.

З     Заманауи ғимараттары бой көтеріп, қаланың көркімен тамсандырады.

Д    Дүниежүзімен байланыс орнатып отыр.

Ы   Ысқырған аязы мен суық қысы бар

Қ    Қысқы олимпиада өткізгелі тұрған алғашқы қала.

А     Астана өмірі, тарихы жайлы Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты кітабы бар.

Л     Легімен, толассыз жүретін автомобиль, әуе және темір жолдар торабы бар.

А     Алтыншы шілде – Елордамыз – Астананың туған күні.

А     Алғашқы адамдар ашель-мустьер заманында алғаш қоныстанған.

С     Символы – Бәйтерек.

Т     Тәуелсіздігімізді асқақтатып, егемендігімізді көрсететін бас қала.

А     Астана – жастардың , болашақтың қаласы.

Н    «Нұр-Астана» зәулім күмбезді мешіті Астананың дәл кіре берісіне тұрғызылған.

А     Арман қала.

Қорытынды. Балалар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» деген үндеуінде сендерге үміт артып отыр. Енді бір 20-30 жылдан кейінгі елімізді басқаратын және жоғарғы техниканы меңгерген жұмысшылар сендер боласыңдар. Астана қаласы аз ғана уақыт ішінде қарқынды жылдамдықпен өсіп келе жатырған біздің бас қаламыз. Сендерде терең білім алып, бас қаламыздай қалалар тұрғызуға өзіндік үлестерінді қосуларын керек.

Сонымен балалар, бүгінгі саяхатымызда мәреге жетті. Біз бүгінгі сабақта уақыттың аздығына байланысты Астана қаласының барлық жерін аралап болғанымыз жоқ. Біз барып тамашаламаған жерлер әлі де көптеп кездеседі. Алда сендерді үш ай демалыс күндері күтіп тұр, осы каникулды пайдаланып барлығына Астана қаласына қыдырып, оның әсем де сұлу жерлерін ташалап қайтуларына тілектеспін.

Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін!

















































Төле би атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі













"Жұлдызды қала-АСТАНА!"











орындаған :Байжанова Ж.Б.













2017-2018 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!