Материалдар / Тәрбие сағаты Кітап - асыл қазына
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Кітап - асыл қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзара тәжірибе алмасу үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2023
1203
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Кітап – асыл қазына»

Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.

Көрнекіліктер. Оқу білім, кітап туралы сөздер жазылған плакаттар, жұмбақтар, интерактивті тақта

СабаҚ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің жылуын салайық,

Таза ауа жылуын салайық

Мейірім жылуын салайық

Жүректің жылуын салайық

Жиналған бар жылуды

Бір-бірімізге сыйлайық!


ІІ.Кіріспе. Біз бүгін осы жерге неге жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін мына жұмбақты шешіп көрейік.

Сандығым бар өзгеше,

Қолыма алып жүремін.

Ішін ашып ақтарып,

Өмір сырын білемін. (Кітап)

Қабат-қабат қапталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (Кітап)


Мұғалім:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін – деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.


Кітап – араб сөзі, «жазба, ал түрікше «дәптер, мерзімді баспасөз басылымы» деген мағынаны білдіреді. Кітап – ғылым,ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап – ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап – ақылдың кені. Кітап – бар білімнің бастауы. Кітап – барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.


Ой-қозғау стратегиясы:

  • Кітап неден жасалады деп ойлайсыңдар?

  • Қалай жасалады?

Мұғалім: Кітап шығару үшін адам көп еңбек етеді.Алдымен орманнан ағаш кеседі,оны сосын фабриқаға апарады. Фабрикада ол ағаштан қағаз қылып шығарады.Содан кейін оған авторлар жазады,сурет салады. Баспахана жазулар мен суреттерді кітап етіп шығарады. Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап басатын, әріп теретін машинкаларды ойлап тапты. Қазіргі кезде кітап басу ісі механикаландырылған. Елімізде кітап шығаруға, оны безендіруге көп көңіл бөлінеді.Оған көптеген қаржы жұмсалады. Кітап, қағаз ағаштан жасалады. Ағаш – табиғат байлығы.Кітап жасау көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.

Көрдіңдер ма балалар кітап сендердің қолдарыңа келмей тұрып қандай ұзақ жол жасайды.


Сергіту сәті:


Топпен жұмыс: І-топ: Кітапты (оқулықты) күтіп ұстау ережесін айту

ІІ-топ: Кітаптың(оқулықтың) оқушыға пайдасы


Мұғалім: -Балалар, сендер кітапты қайдан алып оқисыңдар? Кітапханадан


Кітапханашы бізге кітапты күтіп ұстау ережелерін айтып берсін.


1.Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.

Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма! Кітап оөуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.

3. Кітапты қалай болса, солай ұстама.

4. Кітапты сызуға, жыртуға болмайды.

5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

6. Кітап бетіне сурет салма.


Мирас:

Оқулықты құрметте

Күтіп ұста, кірлетпе

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке


Айкүнім: Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ұсынған қойнынан,

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің. Бұл не? (Кітап)


1. Ұсынған қойнынан

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің. Бұл не? (Кітап)


2. Білімнен мол сый асы,

Балалардың ұясы (мектеп)


3. Білімнің жолбасшысы

Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім)


4. Айғағы жоқ, айтары көп,

Айтқанынан қайтары жоқ (кітап)


«Кім көп біледі?»


1. Кітап – асыл қазына


2. Оқу – білім бұлағы,

Білім – ырыс қазығы.


3. Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.


4. Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.


5. Оқу – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.


6. Оқу түбі тоқу.


7. Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.


8. Оқу инемен құдық қазғандай.


ІІІ. Қорытынды.


Балалар, бүгінгі сынып сағатымыздан біз көп нәрсені үйрендік. А.Байтұрсынов айтқандай – «Білімнің бас құралы – кітап». Ендеше, кітапты күтіп ұстайық және бос уақытымызда әдеби кітаптарды оқуды әдетке айналдырайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!