Материалдар / тәрбие сағаты Мамандығыңды таңдау- болашағыңды таңдау 3 класс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

тәрбие сағаты Мамандығыңды таңдау- болашағыңды таңдау 3 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге көмекші материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
419
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тәрбие сағатының тақырыбы : «Мамандық таңдау-өз болашағыңды таңдау»

Тәрбие сағатының мақсаты : Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру . Өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу. Елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу

Тәрбие сағатының әдіс – тәсілдері: ой қозғау, сұрақ – жауап, тақырыпқа сай әңгімелер, көрнекілікпен жұмыс, постер қорғау.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: көрнекіліктер,слайд, бейнеролик.




Тәрбие сағатының барысы

Ұйымдыстыру кезеңі:

Амандасу;

- Шаттық шеңбері

- Оқушылардың назарын тәрбие сағатына аудару;

- Оқушылырды тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.



«МАМАНДЫҚ»

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Әлемде 40мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар.Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, жан асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

Ал енді назарымызды бейнероликке аударайық. «Жиырма жылдан кейін өміріміз қандай болады»

Сұрақ-жауап, жағдайаттардан шығу.

1-Топ

1. Сіз әншісіз. Сахнада тұрсыз,көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не істер едіңіз?

2.Сіз аспазсыз. Асханаға келген адам тамағыңның дәмін көріп,дәмсіз екенін көріп, ұнамай ұалғанын айтты. Сіздің әрекетіңіз?

2-Топ.

1.Сіз дәрігерсіз. Қоғамдық көлікте келе жатырсыз. Кенет бір кісінің жағдайы нашарлап, құлап қалды. Сіздің әрекетіңіз?

2.Сіз мұғалімсіз. Сабаққа ата-ана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз,ешбір оқушы дайын емес. Сіз не істейсіз?

Түлкінің тоны ертегісін әңгімелеу.

Күзде барлық аңдар жазғы тонын қысқы жылы тонға ауыстырады. Бірақ қоян қоймаға кеш келіді, оған тон жетпей қалыпты. Қалғаны тек түлкінің тоны екен. Қоян не істеоін білмей ойланып қалды.

(Оқушылар өз пікірлерін айтады.)

Біз білмейтін және сирек кездесетін маман иелері

Балалар сендер білесіңдер ме, әлемде біз білмейтін және сирек кездесетін қаншама мамандық иелері бар?! Осы маман иелері туралы қызықты мәліметтер алғыларың келе ме? Олай болса, мен сендерге біз білмейтін және көп кездесе бермейтін маман иелері туралы қызықты мәлімет айтайын.

Сот қызметкері – адам құқығы жөнінде іс жүргізетін маман иесі. Оған : төреші, заңгер, қорғаушы, тергеуші сынды қызметкерлер жатады.

Дизайнер – үйіміздегі, кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар.

Продюсер – түрлі мерекелік іс – шараларды ұйымдастырушы.

Көркемдік әрлеуші – көшелерде ілінген жарнамаларды, сауда орындарын, қоғамдық тамақтану залдарын әсемдеуші.

Сәулетші – ғимараттардың сызбасын сызатын маман.

Тігінші – әр түрлі әдемі киімдерді тігетін маман иесі.

Шахтер – кен өндіретін маман.

Жазушы – кітап жазатын адам.

Почташы – хат тасушы маман иесі

Топтық жұмыс: Постер қорғау.




Бейне ролик. «Бәрі өз қолыңда»

Қорытынды.



- Балалар бүгін қандай тақырыпта әңгімелестік?

  • Қандай мамандық иелерін білдіңдер балалар?

Жарайсыңдар, балалар, қазақта мынадай мақал бар : «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбектің - наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті». Балалар ерінбей еңбектеніп, тәрбие сағатымызға белсенді қатысқандарың үшін көп рахмет!

Абай атамыз айтқандай:

«Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз»,- дегендей алға ұмтылып,арманымызға жетіп, жақсы мамандық иесі болайық!

Назарларыңызға рахмет.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!