Материалдар / Тәрбие сағаты “Мамандықтар әлемінде”
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты “Мамандықтар әлемінде”

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты жоспары 1-4 сыныпқа 40 минутқа негізделген, көрнекілік идеялары мен әдіс-тәсілдер қолданылған, видео материал бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2024
128
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК



«Бекітемін»_____________________

Колледж әдіскері: Турбаева М.К

«Келісемін»_____________________

Сынып жетекшісі: Жакиева А.С




Т
ӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ



Тақырыбы: «Менің болашақ мамандығым»

Өтетін орны: «№4 ЖОББМ» КММ

Сынып: 2 «А»

Мерзімі: 31.02.2024

Машықкер: Керейбаева Тоғжан:

Баға: «___» ___________________

Баға: «___» ___________________



Семей 2024 жыл

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушы бойында мамандық таңдауға деген жауапкершілік қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай бағыттау.

Тәрбие сағатының міндеттері:

-Оқушылардың мамандықтар туралы білімін қалыптастыру;

-Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;

-Мамандықтар туралы көзқарасын дамыту.


Әдіс - тәсілдері:«Кубик», «Дұрыс-бұрыс», «Жалғау», «Теріп ал», «Жол көрсет»,

«Сұрақ-жауап».

Жабдықталуы: интерактивті тақта

Тәрбие түрі /бағыты/: әңгіме сағаты

Көрнекілік: Тақырыпқа сай суреттер, стикерлар, қорапшалар.


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

І. Тәрбие сағатының барысы

1. «Кубик» әдісі арқылы жағымды психологиялық ахуал орнату

(6 минут)

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Мамандықтар туралы жалпылама ақпарат беру

(7-Минут)

  1. «Дұрыс-бұрыс» әдісі

(3 минут)

  1. Топқа бөлу

(2 минут)

  1. «Жалғау» әдісі

  1. минут)

  1. «Теріп ал», «Жол көрсет» әдісі

( 6 минут)

  1. Сергіту сәті

( 7 минут)

  1. «Сұрақ-жауап»

(4 минут)

ІІІ. Қорытынды

Рефлексия

(3 минут)










ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі


-Сәлеметсіңдерме оқушылар, көңіл күйлерін қалай?

Бүгінгі тәрбие сағатына дайынбыз ба? Онда тәрбие сағатымызды бастайық.


«Кубик»

-Балалар, сабақ жақсы көңіл-күймен басталу үшін кубик арқылы бір-бірімізді қуантып алайық.

Парталарға кезекпен кубик беріледі, кубиктің әр жағында «Құшақта», «Мақта», «Тілек айт», «Шапалақ», «Қол алыс» сөздері болады. Балалар кубикті лақтырып, түскен сөзіне қарай іс-қимылды орындайды.







II Негізгі бөлім

Құрметі оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатында біз сендермен мамандық әлеміне саяхат жасамақпыз. Сендердің барлығыңда да болашақта «кім боламын?, қандай мамандық таңдаймын? қай мамандық иесі боламын?» деген сұрақтар мазалайтыны белгілі. Әрине мамандық таңдау – үлкен жауапкершілікті іс. Әлемде мамандық түрлері өте көп болғандықтан, сендер үшін таңдау жасау өте қиын. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ қандай мамандық болмасын оның өзіндік ерекшеліктері, талаптары болады. Мамандықтың кез - келгенін игеруге ең басты адамның қызығушылығы, икемділігі қажет, кей адамдардың ойынша бұл жай күн көру секілді, бірақ ол теріс пікір, себебі маман иесі болу үлкен жауапкершілікті, өнерді, шеберлікті қажет ететін нәрсе. Жақсы маман иесі болу үшін ең алдымен таңдаған мамандығыңды сүюің керек, сол мамандықты барлық қырынан танып, сырын жете меңгерулерің керек. Өзінің икемділігі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Мамандықты таңдағанда бұл жұиыс оп-оңай сол үшін соны таңдаймын деген ой қате. Әр жұмыстың оңай да, қиын да тұстары болады, мысалы көбісі сатушы мамандығы қиын емес, жай ғана заттарды сатып алушыларға бересің деп санайды, бірақ сатушылар кеш уақытқа дейін немесе мейрам күндері отбасының жанында емес, жұмыста тұруы мүмкін.


Енді балалар сендердің ойларыңша спортпе. «Дұрыс-бұрыс»

-Балалар, кәзір мен сендерге мамандық және оның жұмыстарын айтамын, егер мамандық пен жұмыс сәйкес келсе, 2 рет шапалақтайсыңдар, егер олар сәйкес келмесе, 1 рет шапалақтайсыңдар.

Қойшы балаларды оқытып жүр;

Жүргізуші машина жүргізеді;

Аспазшы үй салып жүр;

Жазушы хат, газеттер тасып жүр;

Мұғалім балаларды емдеп жүр;

Дәрігер етік тігіп отыр;

Ұшқыш әдемі киім тігеді;

Өрт сөндіруші өртті сөндіреді;

Суретші сахнада ән айтып отыр;

Мүсінші мүсіндер жасап жатыр.



Топқа бөлу

-Балалар, тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастыру үшін «Кассир» әдісі арқылы топқа бөлініп алайық. Мына сандықтан тиындарды бір-бірден таңдап алыңдар. 1-топ бірінші, 2-топ екінші, 3-топ үшінші қатарға отырыңдар.

1-топ «Алғырлар»

2-топ «Жүйріктер»

3-топ «Тапқырлар»





«Жалғау» әдісі


Балалар мамандық пен оның жұмысына сәйкес келетін заттарды қыстырғыш арқылы барлығына бөліп, қыстырып шығады.




«Теріп ал», «Жол көрсет»

Әр топқа қағаздар таратылады, 1-топ 3 глобус, 2-топ 3 суретшінің тақтасын, 3-топ картаны қызыл қарандашпен дөңгелектейді, ал қалған заттардың егіздерін тауып, көк қарандашпен дөңгелектейді.

2-тапсырма

Ғарышкерді зымыранға апаратын жолды табады.



Сергіту сәті «Жас суретші»

-Енді біраз сергіп қалу үшін сергіту сәтін жасайық. Мен сендерге маркер мен қағаздарды беремін, сендер қағазды көршіңнің бетіне тақап, белгілі мамандық иесінің сырт келбетін қиялдарына қарай саласындар. Мысалы, дәрігердің бетпердесін, бас киімін.


III Қорытынды

Рефлексия.

«Киіз үй» әдісі арқылы бүгінгі өткен сабақ жайлы қорытынды түзеді.

-«Сары жүрек» сабақ ұнамады.

-«Көк жүрек» сабақ орташа деңгейде өтті.

-«Қызыл жүрек» сабақ өте қатты ұнады.

Тақтада себет тұрады, балалар сабақтың ұнау деңгейіне қарай оны бағалап, керек стикерді себетке салады


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!