Тәрбие сағаты Мақал және жұмбақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Мақал және жұмбақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда мақал-мәтелдер мен жұмбақтар бойынша тәрбие сағатының жоспары ұсынылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты №1

Мақал –сөздің азығы, жұмбақ –ойдың қазығы

Күні:

23.02.2024

Сынып жетекші:

Исабекова Айнагуль Тлеутсовна

Сынып: 7-«А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Мақал –сөздің азығы, жұмбақ –ойдың қазығы»

Сабақтың мақсаты:

«Сөз мәйегі-мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы құны қымбат рухани байлығымыз туралы мағлұмат беру,орынды қолдануға дағдыландыру.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек: Мақал-мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді.

Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Компьютер, интерактивті тақта.

















Сабақ басы (13 мин)












Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі -жұмбақтар. Жұмбақтар заттың өзін айтпай, оның түр-түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Сондықтан да алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды — жұмбақ дейміз.


Оқушылар презентацияны тамашалайды, дәптерлеріне жазып алады, жаттығулар жасайды.



презентация

 


Ортасы (20 мин)


Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық. Сайыс 2 бөлімнен тұрады: 1-бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр» (мақалды жалғастырады) 2-бөлім: «Тапқыр болсаң, тауып көр» (жұмбақты шешу).

1-бөлім: «Ойлы болсаң,озып көр» (мақалдың жалғасын табу) 1.Сын түзелмей,…. (мін түзелмес) 2. Досы көпті жау алмас,…. (ақылы көпті дау алмас) 3. Шебердің қолы ортақ,… (шешеннің сөзі ортақ) 4. Еңбек етсең ерінбей,… (тояды қарның тіленбей) 5. Білгенің бір тоғыз,… (білмегенің тоқсан тоғыз) 6. Батыр туса ел ырысы, ….. (жаңбыр жауса жер ырысы) 7. Қазаныңа не салсаң,…… (шөмішіңе сол ілінер) 8. Еңбек етпесең, елге өкпелеме,…… (егін екпесең ,жерге өкпелеме) 9.Тыста ұзақ жүргенің,……(ұзақ өмір сүргенің) 10. Байлықтың кілті-….(ғылым) 11. Ақыл – азбайтын тон,…. (білім – таусылмайтын кен) 12. Алдыңғы арба қайда жүрсе,…(соңғы арба сонда жүреді) 13. Досы көпті жау алмайды,…

(ақылы көпті дау алмайды) 14. Еңбектің наны тәтті,… (жалқаудың жаны тәтті) 15. Бірлігі жоқ ел тозады –… (бірлігі күшті ел озады) 16.Ұланы бар елдің, …… (ұраны бар) 17. Көз — қорқақ,……. (қол — батыр) 18. Атаңның баласы болма,……. (адамның баласы бол)1 9. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, …(әдепсіз бала ата-анасын қақсатар) 20. Білекті бірді жығады,……(білімді мыңды жығады)

2-бөлім: «Тапқыр болсаң,тауып көр» (жұмбақ шешу1.Үй ішін аралап қаптарды жарып, Түнде көп жортады, мысықтан қорқады (тышқан). 2. Желден желігеді, судан шегінеді (от). 3. Бұрасаң тетігін, өлшемін түн мен күн, Соғады жүрегі, әркім-ақ біледі (сағат). 4. Еріксе, құйрығымен ойнайды, Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды (мысық). 5. Ақпыз, сары, көкпіз, жүреміз жайнап, Түрлі, түрлі көппіз, арасында шөптің (көбелек). 6. Күндіз білінбейді, түнде күлімдейді (жұлдыз). 7.Жезге ұқсас сабағы, дәні халық тағамы (бидай). 8. Екі аяқты, бір басты,жүгіреді тым қатты (велосипед). 9. Білімнің дәнін тереді, балаға тәлім береді (ұстаз). 10. Сақалы жоқ, шашы бар, Бет-аузы жоқ, басы бар. Белін бекем байлаған, Қоқысты қоймай айдаған (сыпырғыш). 11.Отыз екі батыр, екіге бөлініп жатыр (тіс). 12. Балалар суға салған жіп, тереңнен іліп алар жүк (қармақ). 13.Бұрап қойған сағаттай, айғайлайды таң атпай (әтеш). 14. Бетін адам ашады, білім нұрын шашады (кітап). 15. Көше бойлап аяңдайды, адам тасып аялдайды (автобус). 16.Әжем уыстап сығып, далада кептірген. Қатты әрі, дәмді, көп жесең, шөлдеткен (құрт). 17. Күмбір-күмбір күйі бар, құлағыңа құйып ал! (домбыра). 18.Тақылдатып таңдайды, уақыттан бір қалмайды (сағат). 19. Ақ жібек асыл көрпедей, қыс болса жерді жабады, Жазғытұрым болғанда, су болып сайға ағады (қар). 20.Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады (пияз).




Компьютер,

көрнекіліктер

Соңы






Психологиялық ахуал .

«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтыр.

Қандай ой пайда болды? Не сезіндім? Не ұнады?

Ұлттық өнерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін біздер, сондықтан да құнды мұраларымызды насихаттап жүрейік!

«Рефлексия жасайды. Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі».









Қағаз,

маркер.


Бекітілді ___________

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2024
230
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі