Тақырыбы:
«Мейірімділік - асыл
қасиет» Мақсаты:
Мейірімділік туралы түсіндіре отырып,
оқушылардың бойына мейірімділік сәулесін ұялату. Оқушы бойына
рухани-адамгершілік қасиеттерді, адамдық асыл қасиеттерді игеруге
ықпал ету. Көрнекілігі:
нақыл сөздер, бейне үзінді, презентация,
плакат, қағаз бұлттар. Нақыл
сөздер: Мейірімді адам өзін кінәлайды, төмен адам
өзгені кінәлайды (Конфуций).
Білімдінің сөзі -
ем,
Мейірімі
көп, өзі кең!
(Мағжан
Жұмабаев).
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат,
нұрлы ақыл, жылы
жүрек(Абай)
Адамгершілікті, кісілікті неғұрлым терең
ұғынған сайын әр адам өзіне жақсы төреші бола
алады (Василий
Сухомлинский). Мейірім, ынсап, әділет,
адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер
осылар (Ш.Құдайбердіұлы).
Мұғалім сөзі: Жер бетіндегі кез-келген
адамның азаматтық қасиеті басқаға жасаған қайырымдылығымен,
парасаттылығымен, жақсылықты қорғауға, ізгілікті қолдауға, жалпы
өмір тануға қосқан қомақты үлесімен өлшенеді. Нұрын төксе шынайы
ізгілік Мына әлем шаттанар Аяласа тербетіп ізгі үміт Жанарларда от
жанар Ақ арманға бақ қонар. Бүгін, біз сіздермен мейірімділік
тақырыбын сөз етеміз. Сіздер «Мен үшін мейірімді адам кім?»
тақырыбында ой-толғау жазып келдіңіздер. Соны оқысаңыздар (Оқушылар
жазып келген ой-толғауларын оқиды). Мұғалім
сөзі: Мейірімділік - ол басқалардың игіліг үшін
қамқор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен
қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі
адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді.
Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға
көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Осы кезде
сахналық көрініс қойылады. Мейірімділік туралы
әңгіме. (Көріністен кейін оқушыларға сұрақтар қойылады). Сұрақтар:
1.Көріністен нені байқадық? 2.Сатушы қандай адам? 3. Бүгінгі таңда
мейірімді адамдар бар ма? 4. Мейірімді болу үшін не істеуіміз
керек? «Шегенің ізі» (бейне үзінді).
Мұғалім
сөзі: Біз мейірімді болып қана
қоймай, үлкендерді де құрметтеп, оларға сыпайылық танытуымыз қажет
екен. Сонымен бірге өзгелерді ренжітпеуіміз керек. Бейне үзіндіден
көргендей біз біреуге қатты сөйлесек не болмаса ренжітсек, біздің
сөзіміз ол адамның көңілінде қалып қояды екен. Сол себепті де
әрдайым ізгі істер жасап, өзгелерді ренжітпеуге
тырысайық. Мейірімділік
туралы өлеңдер оқылады. Жанат: «Шешенің балаларын сүюі» (М.Дулатов). Шахмерден:
«Анашым» Әзиза: «Жетімхана» (Ф.
Оңғарсынова).
Тақтада күннің суреті тұрады.
Оқушылар, мейірімділік нұрын қара бұлттар басып кетіпті. Осы
бұлттарды сейілту үшін осы мейірімділік сөзіне басқа ұқсас сөздерді
жазайық. (Оқушылар бір-бірден тақтаға шығып сөздерді жазып, күн
көзіндегі бұлттарды сейілтеді).
Жақсылық жасау
Ізгілік
Қайырымдылық
адамгершілік
Мейірімділік
Бұлттарды сейілткеннен соң,
оқушылар ортаға дөңгеленіп тұра қалады. (Алашұлы тобының «Мейірім»
өлеңі қойылады). Күн өз нұрын шашып тұр. Осы
мейірімділік нұрын бойымызға дарытайық. Ыңғайланып отырыңыздар,
көзімізді жұмайық. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден
өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл
түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.
Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,
эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын
ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай
бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды
қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле
шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға
көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін
шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.
Олар нұр мен махаббат құралына
айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге
тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.
Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен
әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой
келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана
бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы
нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға
толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға,
жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын...
Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен
нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен
Нұрмын».
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.
Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта
сақтаңыз. Жаймен көзімізді ашуға болады (оқушылар өз
орындарына жайғасады). Осы кезде оқушылар
мейірімділік туралы өткен тәрбие сағаты туралы ойларын стикерге
жазып, плакатқа жапсырады. Мұғалім өлең оқиды. Осымен біздің тәрбие
сағатымыз аяқталды. Белсенді қатысқандарыңызға
рахмет!!!