Материалдар / Тәрбие сағаты Мектептен тыс жұмыс орталығы лагер оқушылары "Мен және менің әлемім"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты Мектептен тыс жұмыс орталығы лагер оқушылары "Мен және менің әлемім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазғы лагерь тәлімгерлеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Маусым 2018
782
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренинг тақырыбы :« Мен және менің әлемім»Мақсаты :Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін –өзі дайындау, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым – қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыруМіндеттері:
  • Өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
  • Сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуге көмектесу;
  • Сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі , ниет қалыптастыру;
  • Тренинг мақсат – міндеті
  • Сіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» – ойын жаттығуы деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер.
  • Мақсаты: әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке иқасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-құатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.
Тренингке дайындық ережесі
  • Тренинг – ойын, ал әр бір ойын ережелерді қажет етеді.
  • Бір-бірін есімдері бойынша атау.
  • Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.
  • Болып жаққанға белсене қатысады.
  • Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
  • Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
  • Мен деген кім?
  • - Орта дегеніміз не?
  • - Ортаға кімдер жатады?
  • - Айналаңды кімдер қоршап тұр?
  • - Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
  • - Жаман мінезді қалай түзетуге болады?
Өмір - теңіз, жүзіп өтем демеңіз,Ізгіліктен жасалмаса кемеңізӨмір - теңіз. Біз қазір оқушымыз, мектепті бітіргеннен кейін үлкен өмірге қадам басмыз. Студент, мамандық иесі боламыз, армия, отбасы яғни түрлі ортаға түсеміз. Әр теңіздің соқпақтары болған сияқты, өмірде де қуаныш пен бірге қиыншылықтар қатар жүреді. Сондай қиыншылықтарды жеңуге адам бойында ізгі қасиеттері, нұрлы ақылы, өмірге деген құштарлығы, асыл мінезі көмектеседі.Кез келген адам кез келген ортаға сыю үшін көркем мінезді, жақсы қасиеттері болуы керек. Халқымыз «Өзі жақсы кісіге- бір кісілік орын бар» деп бекер айтпаған.«Сиқырлы қобдиша» жаттығуыНұсқау: қатысушылар шеңбер құра отырады, ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.Жаттығу шарты: қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.ЖағдаяттарКөшеде екі қыз бала тамақ жеп келе жатыр. Алдынан бір қарт кісі кездесіп: «Қыздар көшеде тамақ жеуге болмайды»,- деп ескерту жасады. Оған қыздар «Сіздің шаруаңыз не? Біз өзіміз білеміз!», - деп жауап қайтарды. Қыздарға ренжіген қарт кісі үндемей кетіп қалды.
  • Осы жерде қыздардың қылығы дұрыс па?
  • Сендер қыздардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
ІІ топАвтобуста екі қыз келеді, өзара қызу әңгіме үстінде, ауыздарында сағыз, қасында тұрған үлкен атаны қағып, итеріп жіберді де ештене айтпастан тұра берді. Ата ашуланып қыздарға, қандай тәрбиесі жоқ балаларсыңдар, үйде ата- аналарына солай жасайсыңдар ма?- деді.Осы жерде дау басталды.
  • Бұған кім кінәлі?
  • Сіздер қалай ойлайсыздар?


Шуағын төккен мейірімді Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің шұғылалы сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, жылытады. Сиқырылы күнөкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Жүрегіміздегі осындай жылумен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.Данамен кездесуӘр кім өз орнына отырып, көзімізді жұмамыз. Терең 3рет дем аламыз. Сіздің қолдарыңыз еркін, әрі бос жатыр сіздің аяқтарыңызда әлсіреп босаңси бастады. Денеңіз толығымен дем алуда.Енді өзіңізді басқа бір қалада, кішкене бір көшеде келе жатқандай сезініңіз. Оң және сол жағыңызда әдемі үйлер. Осы үйлердің бірінде болашақты дәл болжайтын көріпкел тұрады. Бұл көріпкел өте дұрыс айтатын ерекше адам. Осы адамға барғандардың барлығы өз болашақтарын айқындап, мақсатты өмір сүруге шешім шығарады екен.Сіз міне сол үйге таяп қалдыңыз. Еменнен жасалған ауыр есікті аштыңыз. Есіктің ар жағынан сізге ақ сақалды, жылы жүзді қария кездесті. Ол сізді “кіріңіз” деп шақырды. Сіз бөлмеге кіргенде көне кітаптарға толы сөре, үстел үстінде жатқан картаны, жарқыраған айнаны көрдіңіз. Диванда ала мысық ұйықтап жатыр. Көріпкел сізді шақырып креслоға жайғастырып отырғызды да сізге қарай сөйлей бастады.
  • Көзіңді жұм, мен саған жарқын болашағыңды айтамын....
  • Осы сөзден кейін сіз ұйықтай бастадыңыз.
  • Сіз қарияның сөзін естіп тұрсызба әлде түс көріп тұрсыз ба білмейсіз. Сіздің көз алдыңызда болашақ өміріңіздің бейнесі тұр. Мүмкін сіз мектепті өте жақсы деген бағаға аяқтап, ЖОО-на түсіп, онда үлкен жетістіктерге жетіп, қуанған сәттеріңізді көрдіңіз. Мүмкін сіз жиі қарым – қатынас жасайтын адамдарды көрдіңіз. Мүмкін сіз диплом алып, үлкен маман иесі, мемлекет қызметкері болған сәтіңізді, өз тәжірибеңізді таратып жатқан бейнеңізді көрдіңіз. Мүмкін сіз жанұяңызбен тұратын болашақ үйіңізді, машинаңызды көрдіңіз. Сізге болашақты айқын көруге біраз уақыт берілді.. Уақыт өте, сізге көріпкелдің «Сен күштісің, сенің қолыңнан бәрі келеді, біз сені жақсы көреміз… деген дауыстары естіле бастады. Бұл сөздер сіздің тамаша түсіңізді одан әрі көркейтуге мүмкіндік берді. Енді сіз көріпкелдің сізді оятып жатқанын сезе бастадыңыз. Сіз көріпкелге болашағыңызды айтқаны үшін рахмет айтыңыз. Сіз енді қоштасарда көріпкелге бір нәрсе айтқыңыз келіп еді, көріпкел өзі сөйлеп, әңгімесін айтып есікке дейін шығарып салды. Есікті жауып далаға шықтыңыз. Сіз қайтадан кішкентай көшемен жүріп келесіз. Енді міне өзімізге оралдыңыз. Мен қазір үшке дейін санаймын. Сол кезде сіз сергек, өзіңізді тамаша сезімде оянасыз.
  • - Сіз қартпен қандай қарым – қатынас ұстандыңыз?
  • - Сізге не ұнады?
  • - Түрлі ортада болғанда өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Жүйрік ой” жаттығуыІ топ.Бізге қажет қасиеттер...... Сол қасиеттердің кейбіреуі біздің бойымыздан табылады.ІІ топ.Біздің бойымызда әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттер,, мыналар.... Қортынды сөзБір ортадан екінші ортаға бейімделу үшін адамның бойында ең бірінші көркем мінезбен, жақсы қасиеттер болуы керек.Жаны әсем адам деп адамгершілігі жетілген адамда айтамыз. Жанның әсемдігі- адамның әділеттілігінен, ержүректілігінен, сапасынан яғни барлық ізгілікке ие мінездерінен көрінеді.Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Адам өз мінезіне өзі жауапты.

















Тасқала аудандық білім бөліміБалалардың мектептен тыс жұмыс орталығы



















«Мен және менің әлемім»Тренинг

























Педагог-психолог: Наджимова С.Ш















2018 оқу жылы





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!