Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты: "Мен өз елімнің патриотымын"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Тәрбие сағат
Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»
Сынып жетекшісі: Тулеугазинова Қ.Б.
2017-2018 оқу жылы
Мақсаты: – Оқушыларды Ұды дала елін сүюге, құрметтеп
қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге , бай — қуатты ел
екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне,
жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат
сезімін ояту;
– Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.
Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс
жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
– оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай
білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интербелсенді тақта слайд, видео, таратпа материалдар
Барысы:
Негізгі бөлім: – Cәлематсыздарма оқушылар! Тәрбие сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан терінді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!»
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.
Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
«Мен өз елімнің
патриотымын.» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол
қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар.
Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін,
ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық
қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі
үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани
құндылықтарын бағалай білетін асыл
тұлға
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер
қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос –
жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір
сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды
анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі,
күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз,
Қазақстанның патриотымыз!
Отан дейміз кең - байтақ
астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас
қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де
жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен
басталады.
Отан деген не, кім қалай
түсінеді?
Отан дейміз кең - байтақ
астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас
қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де
жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен
басталады.
- Біздің Отанымыз қалай
аталады?
- Қазақстан Республикасы қандай
мемлекет?
- Қазақстан Республикасының президенті кім? -
Президент деген кім? Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан
ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ,
бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр.
Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды,
Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз,
Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
Аталған қалаларда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер,
украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату -
тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
Астана -
Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында
орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі
97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға
барғандарың бар ма?
1992 жылы ҚР мемлекеттік
рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба,
әнұран.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.
Ортасында
шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік
бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою - өрнек
біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен
байлықтың белгісі.
Көк аспандай
көкпеңбек,
Қазақстан
жалауы.
Көк емес ол тектен -
тек,
Елдің ашық
қабағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты
айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты
тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты
білдіреді
Елтаңбасы
елімнің,
Неткен әйбәт,
әдемі
Тұнығындай
көңілдің
Ортада аспан
әлемі.
Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең
маңыздысы - әнұран. Әнұран
мемлекеттік ән.
Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы
тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы
айтылған.
Оттай жанып
жанарың
Одан қуат
аламын
Әнұран ол —
тынысы
Кең жазира даламның.
Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.
1 топ Отаншыл
2 топ Намысшыл
Ой шақыру.
Мұғалімнің сөзі:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
– Отан туралы Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жазғанын тыңдаңдар:
( Қ.Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портретін көрсете оқу)
Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам.
Өзіңнің еліне, Отанына, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне
адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап,
осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның
дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген
түсінікте болу керек.
(Нұрсұлтан Назарбаев)
Отан туралы видео материалды оқушыларға көрсетемін.
Отан деген не?
(Балалардың пікірлері)
– Отан – бұл біз тұрып жатқан жер. Біздің туып, өскен ауыл. Отан- бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.
– Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады. Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.
-
Мағынаны таңдау.
Екі топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.
Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.
Постер қорғау «Патриот деген ол ….»
-
Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
-
Туған жерге деген ыстық сезім;
-
Ата- баба өсиетіне адал болу;
-
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
-
Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
-
Ана тіліне деген құрмет;
-
Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;
-
Елдің тарихын құрметтеу;
-
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
-
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
-
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
-
Заңға бағыну;
-
Үкіметті сыйлау;
-
Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
-
Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;
-
Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
-
Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру
-
Сұрақ-жауап ойыны.
Сұрақтары.
-
ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша, күн
-
Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)
-
«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?
-
Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен
-
Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)
-
ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)
-
ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)
-
Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?
-
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)
-
Конституция күні? – (30 тамыз)
-
ЕХРО-2017 халықаралық көрме туралы ақпарат беру ?
-
ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?
Мақал-мәтелдер айтылады. Оқушылар интербелсенді тақта көмегімен мақал-мәтелдерді құрастырады.
Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.