Материалдар / Тәрбие сағаты: "Мен өз елімнің патриотымын"Мәңгілік ел
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: "Мен өз елімнің патриотымын"Мәңгілік ел

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәңгілік ел туралы ақпарат беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
527
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ











Тақырыбы:

«Мәңгілік ел»



























Сынып жетекшісі: Тулеугазинова Қ.Б.











2017-2018 оқу жылы

Күні : 09.09.2017                                                                        

Тақырыбы: «Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға  «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

 Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Сабақтың түрі: Топпен жұмыс

  Тәрбие сағатының барысы:

1.Психологиялық ахуал орнату .

- Әр оқушы  шеңберде тұрып, бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

2. Оқушыларды топқа бөлу:

1-топ: Білімділер, 2-топ: Тапқырлар, 3-топ: Алғырлар

3.Сабақтың ұйымдастыру түрі: диалогты топпен
4. Постермен жұмыс:

1-топ:Мәңгілік ел

2топ: Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл

3топ: Қазақстанның бүгінгі жетістіктері.
5. Қорытынды

Сабақтың барысы:
I. Мұғалімнің сөзі

2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің  кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған  мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.

  1. Постермен жұмыс:

Оқушыларға берілетін тапсырмалар

1-топ: Мәңгілік ел

2топ: Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл

3топ: Қазақстанның бүгінгі жетістіктері.

Қортынынды: Міне оқушылар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын –қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсізідікке қол жеткізгеннен гөрі , оны ұстап тұру әлдеқайда  қиын. Бұл-әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан –жаққа тартқан берекесіздік  талай елдің тағдырын құрдымға жіберген, тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен , өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.

Күтілетін нәтиже: «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы мәңгілік ел-идеясының маңызын түсінді, бірлікті, ел тарихын білуді, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуді, отанымыздың байлығын қорғауды үйренді. Білімді ұрпақ болуға, татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау қиынның қиыны. Ең алдымен, өзгеге үлгі болу үшін өз ішімізді ретке келтіруіміз қажет. Жік-жікке бөлінбей, бірлігіміздің беріктігі басқа да ұлт өкілдерін бауырымызға тартуда үлгі болмақ.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!