Материалдар / Тәрбие сағаты: Менің ата — тегім
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты: Менің ата — тегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ата тектері туралы мағлұматтарды бойына сіңіруіне, жеті атасы туралы ойларын ортаға салуға, олардың өз ата тектерін білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2022
633
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Менің ата — тегім»
Мақсаты: Оқушылардың ата тектері туралы мағлұматтарды бойына сіңіруіне, жеті атасы туралы ойларын ортаға салуға, олардың өз ата тектерін білуге тәрбиелеу.
«Сен білесің бе?» айдарынан оқушылардың жеті атасы туралы не білетіндіктерін білу және түсіндіру

Көрнекілігі: Нақыл сөздер «Әке көрген оқ жанар, Ана көрген тон пішер», «Аталы сөз — баталы сөз», «Тегін білген текті адам», «Жеті атасын білген ер, жеті елдің қамын жер».
«Ата қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер», «Әке асқар тау, ана ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ», «Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі».

Тәрбие сағатының түрі: Дөңгелек үстел
Типі: Сұрақ – жауап

І бөлім «Сен қай рудансың?» / руларын сұрау/
ІІ бөлім « Жеті атасын кім біледі?» /жеті ата туралы сыр шерту/

ІІІ бөлім «Сен білесің бе?» /сенің бойыңдағы қандай қасиеттің қай атаңа
ұқсаған?/ нағашы атаң, өз атаң

Барысы: Бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты мен міндеттерін таныстыру. Дөңгелек үстел 3 бөлімнен тұрады:
Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, бүгін сіздер тәрбие бағыттарының бірі болып саналатын гендерлік тәрбиеге байланысты «Менің ата тегім» атты тәрбиелік мәні бар үлкен іс – шараға қатысып отырсыздар!

Бұл дөңгелек үстелдің негізгі мақсатын айтып кетер болсам, бала өз ата тегін туралы не білетіндігі, жеті атасын біле ме? деген мәселелер төңірегінде өрбімек.


І бөлім «Сен қай рудансың?» бөлімінде ата - анамен оқушылардың руы туралы әңгіме етпекпіз.
1. Тегімізге не жатады?
2. Сенің руың кім?

ІІ бөлім «Жеті атасын кім біледі?»
1. Балаңыз жеті атасын біле ме, сіз өзіңіз білесіз бе?
2. Сенің неше атаң бар?
3. Сен қай атаңа ұқсағансың?


«Сен білесің бе?» бөлімінде барлықтарыңызға ортақ сұрақ
1.
Өз бойынан ата тегіне ұқсайтын қандай ұқсастықтарды байқайсыз, көресіз?
2. Бабалар, аталар айтқан асыл сөздерді өнеге тұтасыз ба?
3. Қандай баталы сөздер білесіз?

Кейбір бала тегінде атасы ұстахана ұстаған болса, соның кейбір қасиеттері немересінің немесе баласының бойынан табылады. Кейбір бала әнші болса, ол тегінде атасы немесе әжесі әнші болған деп жатамыз, баланың ақындық қабілеті болса, тегінде атасы сияқты ақын болар деп жатамыз. Міне осылардың бәрі тегінен шығып жатқандығынан болар.
Біздің ата бабамыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім — тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.

«Тегін білген, текті адам», «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер», «Әке асқар тау, ана ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ», «Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі», «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер», «Аталы сөз — баталы сөз», «Аталар сөзі – тәрбие көзі» деген сөздер бекер айтпаған болар. Осы сөздері тәрбиелік мәні өтке зор.
«Мына бала жақсы екен кімнің баласы, тегі жақсы ау деймін бала негізінде тегіне тартады» деп жатады үлкен қария аталар. Сондықтан тегін айтылған сөз емес.
Тегін кім, кімнің баласысың деп те жатады. Міне осы сөздердің барлығыда аса зор мағына бар.

Қорытынды сөз:
Жеті атамызды, өз тегімізді біліп жатсақ ол бізді тектілігіміздің белгісі деп білемін.

Ешқашанда шыққан тегімізді ұмытпай есте сақтап жүрейік



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!