Материалдар / Тәрбие сағаты. Мұхтар Әуезов-ұлы суреткер

Тәрбие сағаты. Мұхтар Әуезов-ұлы суреткер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағатының жоспарында ұлы жазушы Мұхар Әуезовтің шығармашылығы мен өмір жолы туралы түсінік беріледі. Тәрбие сағатының формасы да ерекше.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Тамыз 2023
310
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Мұхтар Әуезов -ұлы суреткер жазушы

Мақсаты: Мұхтар Әуезовтің жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру. Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін , рухани жан дүиесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кітап көрмесі, видеоматериал, микрофон

Барысы:



Мұғалім:

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Мұхтар Әуезов -ұлы суреткер жазушы. 2021-2022 оқу жылынан бастап біздің мектебімізде ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың есімімен аталады. Бұл- біздің білім ордасы үшін үлкен абырой. Әр оқушы Мұхтар Әуезов шығармаларын танып, білу, насихаттау-біздің міндетіміз.

Ерекше TEDx форматында өткізілетін тәрбие сағатымызды бастайық!

Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезов - кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, бәрін игеріп, сол арқылы тіліміздің шұрайын, еліміздің шырайын танытқан қарымды қаламгер, дарынды ғалым.

Қаршадайынан қазақтың бай ауыз әдебиетiнiң iнжу-маржандарынан сусындап, әрiсi Асан қайғы, Ақтамбердi, Бұхар жырау, Дулат, Махамбет жырларынан тәлiм алған, бесiгiнде жатып, ұлы Абай өлеңдерiмен көкiрегiн тербеген бала Мұхтардың өсе келе Шығыс пен батыс мектептерiн бойына қатар сiңiрген дана Мұхтарға айналуы заңды құбылыс едi.

Әуезов ұлттық таным-түсінік пен талғамға мүлдем жаңа леп әкелді. Оның «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Қилы заман», «Көксерек» сияқты алғашқы шығармаларының өзі қазақ сөз өнері мен көркем ойлау жүйесін жаңа сапалық биікке көтерді.

Мұғалім: Оқушылар, Мұхтар Әуезов шығармаларының ішінде қай шығарманы білесіздер?

-«Көксерек» әңгімесі

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» шығармасын барлығымыз білеміз. Ендеше, бүгінгі ашық әңгіме алаңы «Көксерек» төңірегінде өрбімек.

Мұғалім: Оқушылар, «Көксерек» әңгімесінің жазылу тарихын білесіңдер ме? Ендеше, әңгіменің жазылу тарихынан сыр шертейік.

Гүлнүр: М.Әуезовтың жұбайы Валентина Әуезова «Көксерек» әңгімесін былай еске түсіреді «Бірде мен қабырға күнтізбесін /1929 жылдың/ сатып алдым.Сол күнтізбе Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын еді.Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын – қасқыр, түн,қар жамылған меңіреу дала, сонау алыста көз ұшында қар басқан кішкентай ауылдың отары көрінеді.Ең алдыңғы қатарда түнде жортқан қасқыр тұр. Міне, сол сурет Мұхтар Әуезовтің сонау жас бала кезінде кәнігі аңшылардан естіген әңгімелерін еске түсірген болу керек, енді міне, күн сайын көз алдынан сол суреттегі көрініс кетпеген Мұхтар өзінің «Көксерек» әңгімесін жазған болатын».

Мұғалім: Жақсы, тамаша! Ақпаратын үшін рахмет, Гүлнүр.

«Көксерек» әңгімесі желісі бойынша көркем фильм түсірілген болатын. «Көксерек» фильмі туралы ақпарат беру үшін сөз кезегін Әзімбай Ілиясқа береміз.

Әзімбай Ілияс: Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» шығармасы желісімен түсірілген «Көксерек» көркем фильмі 1973 жылы көрермендерге жол тартты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті. 1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальдің бірінші жүлдесіне ие болып, Швейцарияның Локорно қаласында өткен кинофестивалінде құрмет грамотасымен марапатталды.

Кейіпкерлері: Құрмаш, әжесі, Қасен, ауыл адамдары, Көксерек, Аққасқа.

Құрмаш ролінде: Қамбар Уәлиев.

Мұғалім: Ілияс, ақпаратына көп рахмет! Енді оқушылар, назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын.

«Көксерек» видеофильмінен үзінді көрейік.

Бейнефильм: Көксерек« фильмінен үзінді көрсету

Мұғалім: Оқушылар, фильмді тамашаладық. Фильмнен не түсіндік? Фильм сендерге әсер етті ме?

Оқушылардың жауаптары

Мұғалім: Балалар, «Көксерек» әңгімесі бойынша сұрақтарға кезек берейік.

  1. Көксерек әңгімесінде көтерілген тақырып қандай? ( Адам-Табиғат-Қасқыр.

Баймұрат Айша: «Көксерек» — адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Бұл әңгіме 1929 жылы жазылған. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. )

  1. Мұхтар Әуезов әңгімені неге «Көксерек» деп атаған, жазушы ойын қалай түсіндірер едіңіз?

Айзада: Жазушы шығарманы «Көксерек» деп атағанмен, мұнда қасқыр тағдыры ғана сөз болмайды, адам мен табиғат арасындағы күрделі өзекті мәселе көтеріледі. Адамдардың өшпенділігі, қарым-қатынасы сөз етіледі.

  1. Әңгіме негізіндегі басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы деп ойлайсың ?

Диана ( Табиғатқа жасалған қиянат)

  1. Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма?

Эльмира: (Ақтауға болмайды. Себебі жазушы өз шығармасында табиғатқа қиянат келтіргендерді «екі аяқтылар» деп суреттеген

  1. Табиғатқа қиянат жасау, оның тыныштығын бұзу дұрыс па? Қалай ойлайсыңдар?

Ардақ: Менің ойымша, табиғатқа қиянат жасау дұрыс емес. Барлығымыз табиғат перзенті болған соң, табиғатты аялау-біздң міндетіміз.

Әңгіме қалай аяқталады? Қарғыспен аяқтауына не себеп?

Әлішер: Әженің қарғысымен аяқталады. Әженің қарғысы-заңғар жазушының озбырлыққа пен қаталдыққа деген қарғысы.

Мұғалім. Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме, әлде жоқ па?

Қабдынасыр: Ия, Көксерек кінәлі. Құрмаш жақсы бала және ақылды, жанашыр. Бірақ табиғатттың заңдылығын бұзды. Қасқыр ешқашан күшік болмайды. Бірақ кінә ағасынан, апасынан,Хасен ағасынан ,да себебі оған рұқсат бермеуі керек еді. Ал олар керісінше асырай берсін.деді. Ал соңында не болды Құрмаш өлді. Мен көксеректі ойымда жақсы бөлтірік деп ойлап едім. Олай болмады Құрмашқа жаным ашыды. Оны бір өлімнен құтқарған еді.Тығылып тамақ берді. Ал көксерек оғанда тоймай тамақ ұрлап ауылдың малдарын жеді.Асыраса күшік асырауға болады ал бөлтірік деген дұрыс емес, заңдылық ол заңдылық болып қалады.!!!

Мұғалім: Көксерек әңгімесін сендер қалай аяқтар едіңдер?

Ермұхамед: Мен әңгімені былай аяқтаушы едім. Көксеректі босатып, табиғатқа тіршілік етуге жіберетін едім. Ал Құрмаш ауылда өсіп, үлкен азамат болатын еді.



Мұғалім: Тамаша, балалар, жарайсыңдар! Қазақ әдебиетінің тарланына айналған Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі бойынша ашық әңгіме алаңы өз мәресіне жетті.

Қорытындылай келгенде, «Көксерек» әңгімесінде жазушы қасқырдың мінез-құлқы,өзіне тән табиғи қасиеттерін тақырып етіп алып,айнала қоршаған табиғаттың өз заңы,өзіндік ерекшелігі бар,оны адамдардың түсіне білуі қажет деген ойды білдіреді.

Қасқырдың болмысы адам тәрбиесіне көнбейді екен, түз тағысы да өмір сүруге құқылы.

Адамдар табиғат заңдылығын бұзса, ол өзіне қатер төндіреді.

Жер-бәріміздің ортақ үйіміз. Ол аңға да, адамға да жетеді. Сондықтан сыйысып-сыйласып тату өмір сүрейік.

Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер, біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ. Себебі, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік сақталуы тиіс.

Тіршілік иесіміз бәріміз де,



Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.



Сақтайықшы табиғат заңдылығын



Сабақ болсын Көксерек тағы бізге! ,-дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ