Материалдар / Тәрбие сағаты «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірді жанындай сүйіп жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы сыр шертеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
850
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-жүргізуші: Армысыздар! Құрметті ұстаздар мен қонақтар! Қасиетті Қарасаз жерінде туып, қанатын қатайтып, қысқа ғұмырында өшпестей із мәңгілік мол мұра қалдырған ғасырымыздың ғаламат ақын Мұқағали атамызға арналған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ән ұран орындалады.

2-жүргізуші: Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,-деп жырлаған Мұқағали Мақатаев биыл 86 жасқа толып отыр. Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.

1-жүргізуші: Ия,бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны М.Мақатаев бізге ұланғайыр мұра қалдырып кетті.

2-жүргізуші: Бүгінгі кеште сіздермен бірге өмірге іңкәр, өмірді жанындай сүйіп жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы сыр шертіп, ақын әлеміне, өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шексек, оның өлеңдеріне өрілген сұлу сазға тербелсек деп отырмыз.

Ақынның өлеңдерінен үзінді. «Ей өмірім зымырап барасың ба?»

1-жүргізуші

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым маған елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім – деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

«Қарасаз» өлеңін оқитын Минуарова Оразгүл

2-жүргізуші: Поэзия!

                           Менімен егіз бе едің?

                           Сен мені сезесің бе,

                                   неге іздедім?

                           Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

                           Қарауытқан таулардан сені іздедім,-дейтін Мұқағали-біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Өйткені ол шынында да алауыртқан таңдардан, қарауытқан таулардан түйсік алатын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын.Ол асқар Алатауға кең Сарыарқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан еді.

1-жүргізуші: М.Мақатаев поэзиясы – мезгілімен бірге жасайтын ескерткіш.

Ол поэзияның туған мекені – ақынның жан дүниесі.

Ақынның өзінің өлеңдеріне кезек берейік

 

2-жүргізуші: Мұқағали лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегінің жыршысы, өзі өскен Алатауын, Қарасазын сөздің барлық құдіретіне бөлеп-ақ кетті.

Ақынның өлеңдерін оқитын ;Азимов У,Жасузаков А,Тағай М «Отан», «Елім барда» «Қара өлең»

Ақынның сөзіне жазылған «Саржайлау» әні орындайтын қыздар тобы

1-жүргізуші:

Аламан бәйге оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз, енді бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек.

Ақын өмірбаяны. Оқитын – Азимов Умиджон

Умид: «Ақынның жұмбақ әлемі» (Ақынның өмірбаяны) Мұқағали Мақатаев 9 ақпанда 1931 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты – Мұхамметқали. Әкесі қарапайым шаруашы, сушы, шалғышы болып жұмыс істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан 1 қыз және 3 ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімі – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Болашақ ақын 10 жасында майданда жүрген әкесін сағынып, өлең шығарады.

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,

Судағы жаңа біткен жалбыз еді.

Мінеки, он ай болды хабары жоқ,

Біздағы әкемізге зармыз енді. Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағынышы болатын. Дараболыз ақын жыр табалдырығын осылайша аттаған еді.

Мұқағалидың әкесі 1941 жылы Калиниград майданында қаза табады. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы болады. 1954-1962 жылдар

арасында қазақ радиосында диктор болды. 1962-1972 жылдар арасында «Социолистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесшісі болып жұмыс істейді. Тұңғыш өлеңі 1948 жылы жарық көреді.

М.Мақатаев өлеңдерінен үзінді «Ана туралы толғау»

Оразгүл: : Бүгін қазақтың ақиық ақыны, сонымен қатар қазақтың қара

өлеңіне шекпен жауып қайтарған абыз, қарапайым да жұмбақ тағдыр иесі Мұқағали Мақатаев ХХ ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі.

Оның поэзиясы-өзі өмір сүрген дәуірдің шындығы.Мұқағалидың өмірде

бағы мен соры қатар жүрген ақын.Ақынның бағы-оның өлмес жыры, ойлаумен өлең өрудің теңдесі жоқ классикалық әлемдік биігіне көтерілгені,өтірік өлең жаза алмағаны. Ал соры-өз қоғамына, өз ортасына сыймай қасірет кешкені, тапқан-таянғаны өз отбасына жетпей өмірінің қиыншылықпен өткені, өлмес, теңдесіз жырды замандастарының дер кезінде бағалай қоймағаны.Бағаласын-бағаламасын, танысын-

танымасын өзіне, өзінің қайталанбас ақындық тағдырына іштей қалай сенсе, ол өз жырының ертеңіне, әр өлеңінің болашағына, туған халқының жасампаздығына солай сенген.

Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлар мен кең тынысты, көркем дастандар-сөз жоқ, сол Сенімнің жемісі.

Ақынның өлеңі «Бақыт»


Көрініс «Мұқағали мен Нұрқасым»

 

Мұқағали: Осы мен ақынмын ба? Шыныңды айтшы, мен саған сенейін! Ел не

дейді?

Нұрқасым: Сіз - өте жақсы ақынсыз. Ел де солай дейді.

Мұқағали: Өтірік.

Нұрқасым: Сенбесеңіз өзіңіз біліңіз! Халық жақсы ақын дейді, жақсы көреді,

бірақ...

Мұқағали: Ақымақ бала, «жақсы ақын» дейсің, ә?! Жо-жоқ, мен жақсы ақын

емеспін, сұмдық ақынмын! Білем сенің де ақыл айтқың келіп тұр.

Нұрқасым: Жоқ, Мұқа, олай ойламаңыз. Мен әншейін.

Мұқағали: Түсінем, түсінем, бәрін де түсінем. Маған сенің жаның ашиды.

Олай емес! Мен өз құнымды өтедім. Енді өлуім керек! Осы мен өлетін уағымнан өткен сияқтымын?! Рас, мен енді өлмеймін.

                        «Жақындықты сеземін –

                        Жерден де аспаннан,

                        Жылулық сезінем –

                        Мұздардан, тастардан.

                        Өмірім сірә да,

                        Арыдан басталған,

                        Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

                        Осы мен

                        Өлмеймін, өлмейтін шығармын

                        Сәл ғана мызғып ап ,қайтадан тұрармын»

2-жүргізуші:

Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын-ала сезді ме?..

Ақ қырау тұрған ақпанда,

Ағаштар сырға таққанда,

Бозарып тұрып ақ таңда,

Есіңе мені алғайсың,

Есіңе мені алғайсың – деп толғанады, ендеше кезек осы өлеңге .

«Есіңе мені алғайсың» әні. Орындайтын:

1-жүргізуші:

Ақындықпен айналысқан 30 жыл ішінде М.Мақатаев көзімен көргендерін, ақындық санамен түйгендерін төгілтіп жырлай берді.

2-жүргізуші: Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт жоқ.Ол өлең болып өмір сүрді де, өлең болып жатып үзіліп кетті. Өлеңнің соңғы жолын жазуға көңіл құдіреті жеткенімен қолының әлі келмей әлсіреп барып көз жұмды.

 

1-жүргізуші: Жазушы баспасының ұжымы қайта құру және демократия

талаптарын ескере отырып, республикалық «Тұлпар» сыйлығының статусын бекітті. Аталмыш сыйлық екі жылда бір рет көркем проза, поэзия және әдеби сын саласындағы үздік шығармаларға беріледі.

            Тұңғыш белгіленіп отырған «Тұлпар» сыйлығы 1991 жылы қазақ елінің үлкен ақыны марқұм М.Мақатаевтың «Жылайды жүрек» атты өлеңдер мен дастандар кітабына берілді.


Ендігі кезекті поэзия алыбы М.Мақатаевқа арнаған оқушылардың шығармаларына кезек береміз.

2-жүргізуші.

                      Жазылар естеліктер нешелеген,

                      Көрерміз оның бәрін пешенеден.

                      Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе,

                      Көшеді өлең немесе өшеді өлең,-дейді Мұхаң.

Ақиық ақынға арнау, өлең де, эссе де, естеліктер де әлі жазыла берер.Мұқағалидың өзі айтпақшы: өлең көше ме,өше ме-мәселе сонда! Ал М.Мақатаевтың жырлары күндегендерге-көктен түскен жасындай боп, күткендерге-мәңгі тозбас асылдай боп, 20 ғасырдан 21 ғасырға бар бояуын жоғалтпай көшкені анық. 


Ақынның Шәміл досына арнауы

М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Жан досым» әні орындайтын

                          1-жүргізуші:

Туған жерге, туған елге, халқына, Отанына деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеген ақын:

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан ағызбайын – дейді.

Кезек ақын өлеңдерінде оқитындар:Азимова М,Нами Б,Арап О

«Үш бақыт», «Шеше сен бақыттысың» «Әке»

2-жүргізуші:

Ақын шығармаларының үлкен бір саласы – оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973ж. «Жалын» жинағында жария-ланды. Ендігі кезекте поэмадан үзіндіге назар аударыңыздар.

Көрніс. «Аққулар ұйықтағанда»

1-жүргізуші:

Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кей-кейде өмірден безініп, ол өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Ақынды ақын жұбатады.

Ақынды ақын оятпаса, ол – қайғы,

Ақынды ақын таяқтаса, ол – қайғы,

Ақынды ақын күйелесе, ол – қайғы.

Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта

Мұқағали Фаризаны тапты. Енді бізде Мұқағали болып, Фаризаға мұң шағайықшы.

2-жүргізуші:

Иә, Мұқағали аға есімі мәңгілік аңызға айналды. Оның есімін жап-жарық сәулетті де, дәулетті жырлары паш етіп тұр.

Жырым көп менің әлі жазылмаған,

Кеңім көп менің әлі қазылмаған.

Қалдырып болар-болмас қазынамды

Неліктен бір күні мен жазым болам.

1-жүргізуші:

Иә, ол арамызда жоқ.

Ажал, ажал! Көкірегі толы мейірімді шырақ, жүрегі толы махаббат пен ырыс, арманы мен қиялына кезек мініп, өмірінің келесі кезеңіне қарай тартып бара жатқан ақынды тым ерте жолынан қайырған да сен едің! Ол қылшылдаған 45 жасында дүниеден өтті. Соны сезгендей ол жанұшыра:

Өмір сүрсем енді бір жиырма жыл,

Жиырма жыл;

Шынымен қиын ба бұл?

Қиын болса он жыл да жетіп жатыр,

Тек жүректен атылсын құйын-дауыл.-деп жырлаған еді.

Ақын өлеңдерін оқитындар:Сексенбай Н,Минуарова О

2-жүргізуші:

Мұқағали ерте өлімімен емес, жырдағы ерекшелігімен, түп-тұтас дара талантымен, ақындықтағы қыран қимылымен жыр дүниесінде біздің есімізде мәңгі сақталмақ.

1-жүргізуші:

Мұқағали есімі әр оқырманның есінде мәңгі сақталмақ. Мен Абай атамыздың мына бір өлеңін еске ала отырып ертеңгілігімізді аяқтағым келеді.
Көп адам өмірге бой алдырған,
Бой алдырып аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге болама айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

2-жүргізуші:

Осымен жыр музасы Мұқағали Мақатаев туралы сазды кешіміз аяқталды, назар салып тыңдағандарыңызға мыңда бір алғыс айтамыз.

Қорытынды сөзді мектебіміздің директоры Т.Атаевқа береміз.


























Тақырыбы:  «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

Мақсаты:

Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Оқушыны сөз мәдениетін дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.

Туған халқының талантты ақынына , әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: презентация « Мұқағали – мәңгілік ғұмыр!», акт залын безендіруге арналған заттар, ақын кітаптарынан көрме,портреттер,ақын шығармашылығына арналған буклеттер, интерактивт

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!