Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты "Оралым! Туған өлкем аялаған" 10 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Тәрбие сағат
Тақырыбы: «Оралым! Туған өлкем аялаған »
0108000 Музыкалық білім беру» мамандығы
Тобы: 2п, 3пКШМ
Жетекшісі: А.А.Батырханова
Музыка кафедрасы
Орал 2017
Сабақ тақырыбы: «Оралым ! Туған өлкем аялаған»
а)ақпараттық
құзыреттілігі: Батыс
Қазақстан облысының мәдениеті, табиғаты, спорт,
шаруашылығы туралы толық мәлімет
беріп,. жетістіктерімен таныстыру,
білімдерін кеңейту.
б)коммуникативтік
құзыреттілігі:
Орал облысы туралы мәлімет беру арқылы Отанға
деген сүйіспеншіліктерін арттыра
отырып, ұлтжандылыққа
тәрбиелеу, өз өңіріміздің мәдениетін құрметтеу,
табиғатын сақтап, спорт саласын насихаттау, шаруашылығын біліп,
өлке мұрасын қастерлеуге
тәрбиелеу.
в) проблеманы шешу құзыреттілігі: Өңіріміздің әр саласына байланысты сұрақ-жауап, жеке жұптық, топтық жұмыс жүргізу арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, еркін сөйлеуге дағдыландыру арқылы алған білімдерін пайдалана білу.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Педагогиқалық технологиялар: «Жылы тілек!» сергіту сәті, «Суретті құру» стратегиясы, «Өлкеміз туралы біз не білеміз» стратегия блиц-турнир, «Мәтінмен жұмыс INSERT», топтық қорғау(презентация), «Кезбе тілші» (интервью), «Жуан, жіңішке сұрақтар»
Power Point бағдарламасы презентациясы арқылы ақпарат беру және алмасу.
Сабақтын әдісі: Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер: пікір алмасу, сөздік, көрнекілік, практикалық
Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка әдебиеті, дене тәрбиесі, мәдениеттану, тәрбие беру әдістемесі.
Оқыту құралдары: Мультимедиялық құралдар, компьютер, бейнематериал, портреттер, фонотекалық материал, иллюстрациялар, постер, маркер, магнит.
Сабақтын барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. студенттерді түгелдеу;
-сабаққа әзірлігін қадағалау
-назарларын аудару.
-«Жылы тілек!» сергіту сәті. Тренинг-ойын барысында қатысушыларға өз-өзін таныстырып және өзіне комплимент жасауға мүмкіндік береді. Өз атын атап, аты басталатын әріпке сын есімді эпитет жалғап, сол әріпке тілек білдіреді. Мысалы: Арман-арманшыл-амандық тілеймін, Қайрат-қайратты-қуаныш тілеймін, Жеңіс-жігерлі- жылулық тілеймін т.б. тілек айтып, шеңбер аяғында барлығы шапалақтайды
-
«Суретті құру» стратегия табиғат, спорт, мәдениет, кәсіптік шаруашылығы туралы сурет кесінділерін құру арқылы топтарға бөлу.
- табиғат -Ітоп;
- спорт -ІІтоп;
- мәдениет -ІІІтоп;
- шаруашылығы -ІҮ топ
ІІ. Қызығушылықты ояту
Оралым! Туған өлкем аялаған,
Саяңда салған ойнақ талай балаң.
Төсіңде төрт түлік мал қаптай жайлап,
Суың бал, шөбің шүйгін, арай далам.
«Өлкеміз туралы біз не білеміз?» стратегиясы- блиц-турнир.
Орал облысы туралы бұрыннан не білетіндерін анықтау мақсатында әр топқа сұрақ қою.
1).Орал облысы қандай
аймаққа жатады?
а)Оңтүстік Қазақстан
ә)Солтүстік Қазақстан
б)Батыс Қазақстан.
2). Өлкеміздегі
қандай дәстүрлі күйшілік мектебін
білеміз?
а).төкпе ә).шертпе
3).Батыс өңірінде
туған күйшілер?
а).Тәттімбет ә).Құрманғазы б).Түркеш
4).Батыс өңірінің
батырлары?
а)Кенесары Қасымұлы
ә)Сырым Датұлы
б)Жоламан Тіленшіұлы
Кіріспе. Оқытушы Орал облысы туралы жалпы мәлімет береді.
Орал – тарихи қала. Тамаша орманы мен өзені, кең даласы бар Орал өңірімен таныс болыңыздар. Өңірдің өткен тарихы көптеген тұлғалар мен оқиғаларды өз қойнауына жасырып жатыр. Оның географиялық тұрған жері де бір құрлықты құрайтын әлемнің екі бөлігі – Еуропа мен Азияның нақ түйіскен жерінде орналасқан Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы. Ол Қазақстанның солтүстік-батыс аймағында, Жайық өзені ағыстарының орта оң жақ бойында орналасқан. Өзен бойы өте әдемі, көк орай шалғынды, ағаш, бұталы. Орал қаласы – Қазақстандағы көне қалалардың бірі. Ресми мәліметтер бойынша 1613 жылы Жайық өзенінің оң жақ жағалауында негізі қаланған. Басында «Яик қалашығы» деп аталып, 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінен кейін, Екатерина император патшайымның бұйрығымен атауы «Орал» деп өзгертілген. Қаланың жалпы аумағы 700 шаршы метрді құрайды. Жалпы ұзындығы оңтүстіктен солтүстікке қарай – 8 шақырым, батыстан шығысқа қарай – 12 шақырым. 2009 ж. Санақ бойынша халқының саны – 211 мың адам. Онда жүзден астам этникалық топ өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.
Қазіргі уақытта Орал қаласы – инфрақұрылымы дамыған, көркейген қала. Онда көз қуантарлық қазақ және орыс драма театрлары, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, биылға жылы ашылған Қадыр Мырза Әлі орталығы, Данияр Елеусинов атындағы спорт мектебі, теннис корты, 7 мұражай, көптеген кинотеатр, 11 мәдениет үйі мен клуб, 24 кітапхана қала тұрғындарына қызмет етеді. Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа асыл мұра болып қалдырылған оннан аса тарихи және мәдени ескерткіш бар. Олар: 1751 ж. Салынған Михаил-Архангель соборы, Орал казак әскерінің 300 жылдығына салынған Құтқарушы Христос Храмы, Алаштың жетекшілері бітіріп шыққан реалды училище, Атаман үйі, Карев үйі, Ванюшиндер үйі, коммерциялық банк ғимараты және т.б. Шежіресі тарихтың тереңіне кететін ертеден даңқа ие болған Орал қаласына 400 жыл. Бұл қала танымдылығымен ерекшеленеді. Қаншама рет оны «ел шетіндегі шалғай жер» деп атасаңыз да, бір рет болып кетсеңіз ғана болғаны, көненің көзіндей сақталып келген ескі үйлер, тылсым тыныштығы ешқашан бұзылмайтын шағын көшелер, ағаштардың арасына жасырынған әшекейлі есік, терезелер жадыңызда мәңгі жатталып қалады да, содан тағы бір көруді ылғи да аңсап жүресіз…
ІІІ. Негізгі бөлім. Мағынаны тану.
Жеке, топтық жұмыс. «Мәтінмен жұмыс-INSERT».
- табиғат -Ітоп (қосымша №1, презентация №1);
- спорт -ІІтоп (қосымша №2, презентация №2)
- мәдениет –ІІІтоп (қосымша №3, презентация №3)
-шаруашылығы-ІҮ топ (қосымша №4, презентация №4) туралы ақпаратты мәтінмен жекелеп танысып, топта талқылап, кестелер толтырады.
-
Топтық жұмыс- постермен жұмыс (оқыған мәліметтер ой-пікілерін ортаға салу, бөлісу, постер дайындау.)
«Кезбе тілші» (Интервью) стратегиясы.
Постер арқылы-қорғау-музыкалық материалмен безендіру
Әр топ берілген мәліметтер алған ақпараттарды постер арқылы қорғау.
Ітоп: Аудиторияға Батыс Қазастан облысының табиғаты туралы телефон арқылы хабарлама түрінде жеткізіп, топпен немесе жеке Илья Жақановтың «Ағады Жайық, ағады» әнін орындау.
ІІтоп: Батыс өңірінің спорт саласын тілші оқиға орнынан ақпарат түрінде көрсетіп, спортшылар, қаладағы маңызды спорт ғимараттарымен таныстырады.
ІІІтоп: Батыс Қазақстанның мәдениеті туралы мәліметтерді телестудия дикторы ретінде хабарлап, Ақұштап Бақтыгерееваның «Оралдың ерке самалы» әнін орындау.
ІҮтоп: Батыс Қазақстанның шаруашылығы туралы деректерді тілші сұхбат алатын куәгер ретінде баяндап, «Жаңалықтар» бейнеролигін көрсетеді.
Қорытынды бөлім. Тақырыпты бекіту (Алған білімдерін бекіту мақсатында «Жіңішке жуан сұрақтар» стратегиясы арқылы, бір біріне сұрақтар қояды.)
Оқытушы: Біз өмір сүріп жатқан өңіріміздің жайқалған әсем табиғатын сақтауға тырысайық. Өз тұрған үйімізді қандай таза ұстасақ, табиғатымызды да дәл солай таза ұстайық.
Дөнеділ Қажимовтың «Ақжайық-ару мекенім!» әнін барлығы орындау.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
2.Көмекші оқу құралы(қарапайым деңгей) Орал: « Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығы МКК. 2015ж
3. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Қосымша №1
Табиғаты
Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді.
Жер қыртысы бор кезеңінің мергелінен, палеогеннің құмтастарынан, әктастарынан түзілген. Өзен аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі тектоник. құрылымдар (Сантас (Батыс Қазақстан облысы)|Сантас, Сасай, т.б.) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ-конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ газ конденсаты кен орны). Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар.
Облыстағы өзендер Каспий теңізі алабында жатыр. Ұзындығы 100 км-ден асатын 14 өзен бар. Басты су артериясы — Жайық өзені солтүстік-шығыстан оңт-ке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі Ұзындығы 500 км-дей. Жайыққа облысаумағында Емболат, Шаған, Дерқұл, Елек, Шыңғырлау, Барбастау өзендері құяды. Облыстың шығыс жағындағы шағын Өлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай өзендері Орал үстіртінен басталып құмға сіңіп жоғалады. Өзендері қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. Батыс Қазақстан облысында 140-тан астам көл бар. Оның 9-ның су айдыны 10 км²-ден асады. Суы тұщы маңызды көлдері: Қамысты Самар, Итмұрынкөл, Сұлукөл; ірі тұзды көлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркөл, Боткөл, т.б. Жер бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бөгендер салынған. Олар негізінен Көшім суландыру жүйесінде және Қараөзен (Үлкенөзен) бойында (Бітік, Дөңгелек, Киров, Пятимар, Сарышаған, Айдархан) орналасқан.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігі далалық белдемде, қалған жері шөлейт және шөл белдемдерде жатыр. Облыстың оңтүстік бөлігін құмды алқаптар (Нарын, Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм, т.б.) алып жатыр. солтүстік бөлігінде бетегелі дала өсімдіктері мен шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. Өзен жайылымдарында астық тұқымдасты шөп түрлері, кей жерлерде қалың қамыс, құрақ өскен. Жайық аңғарында терек, емен, қайың, тал, Сырт және Орал үстіртінде, Елек өзені алабында шоқ қайың орманы көптеп кездеседі. Батыс Қазақстан облысының тоғайлы-орманды өңірлерінде бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңт-ндегі құмды жағында ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз; кеміргіштерден сарышұнақ, құм тышқаны, т.б. мекендейді. Облыста құстардың көптеген түрлері (аққу, қоңырқаз, сұрқаз, тырна, бірқазан, балықшы, құр, ақиық, кезқұйрық, безгелдек, қаршыға, т.б.) кездеседі. Өзен-көлдері балыққа бай (сазан, көксерке, аққайраң, табан, жайын, шортан, т.б.). Жайық өзенінде қызыл балық түрлері (бекіре, шоқыр) кездеседі.
Қосымша №2
Орал облысының мәдениеті.
Орал қаласы ел шетінде орналасқанмен де, мәдениеттен ешқашан да шет қалып көрген емес. Қазақстандағы алғашқы кітапхана- қазіргі уақытта Жұбан Молдағалиев атындағы кітапхана, қазақ драма, Островский атындағы драма театрлары, Құрманғазы атындағы музыкалық училище, Дәулеткерей атындағы Өнер институты, теміржол вокзал, қалалық паркі бар. Оралдықтар А.С.Пушкиннің атын ерекше қастерлейді. Өйткені, Орал ұлы ақын болған Қазақстандағы жалғыз қала. Татар әдебиетінің классигі Ғабдолла Тоқай Орал қаласында туып өсіп, қаламын ұштаған. Атақты қазақ қаламгерлері Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Ақұштап Бақтыгереева, күйшілері Құраманғазы Сағырбаев, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Қаршыға Ахмедьяров, сазгерлері Мұхит Мералыұлы, Ғарифолла Құрманғалиев, Ескендір Хасанғалиев, Роза Жаманова, Шамғон Қажғалиев, Дөнеділ Қажымов, скрипкашы Марат Бисенғалиев, т.б. өнерлері Ақжайық топырағынан жаратылып, сусындаған. Орал қаласының өмірі ел тарихымен тығыз байланысып жатыр. Бұрынғы екі қабатты үйлердің орнын көпқабатты зәулім үйлер басты. Қазір қарасаң қала көз тоймастай өзгерді. Қала көшелері тазарып, сәндене түскен. Қаламызда көптеген мәдени орталықтар- Қадыр Мырза Әлі атындағы орталық , спорт кешендері, тұрғын үйлер, білім ордалары, мұражайлар, Сырым Датұлы, Василий Чапаев, Абай Құнанбаев, Александр Пушкин, Михаил Шолохов, Мәншүк Мәметоваға ескерткіштері, биылғы жылы ашылған Құрманғазы мен Дина ескерткіші ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Қазіргі қаланы кімге болса да мақтанышпен көрсетуге болады.
Бұл қалада әр кездері орыстың белгілі
ақын-жазушылары
А.С.
Пушкин,В.А.
Жуковский, В.И.Даль, В.Г.
Короленко, М.А.Шолохов, т.б. болды. Сондай-ақ, көрнекті қазақ
қаламгерлері С.Сейфуллин, Х.Есенжанов,
Т.Жароков, Қ.Аманжолов, т.б. өмірінің біраз кезеңдерін Орал
қаласында өткізген.
Қосымша №3
Орал өңіріндегі дамыған спорт түрлері.
Облыстағы 23 балалар-жасөспірімдер спот мектептері, Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, Мамандандырылған олимпиадалық резервтерін балалар-жасөспірімдер мектебі, Спортқа дарынды балаларға арналған мектеп интернат, «Ақжайық» спорт клубы, «Жайық» волейбол клубы және т.б. спорт ұйымдарында 41 спорт түрі дамытылады, оның 21-і-олимпиадалық спорт түрлері.
Облыста олимпиадалық спорт түрлерінен жақсы дамып келе жатқан бокс, волейбол, шорт-трек, байдарка мен каноэ есу, садақ ату, еркін күрес, жеңілатлетика, шаңғы спорты, волейбол, когалдағы хоккей. Сонымен қатар, олимпиадалық емес спорт түрлерінен жақсы дамып келе жатқан самбо, пауэрлифтинг, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, ат спорты.
Халықаралық сайыстарда жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізіп, үздік деп танылған, спорттың мәртебесін өркендетуге, өлкемізде салауатты өмір салтын насихаттауға сүбелі үлес қосып, әлемге танымал болған спортшылармыз көптеп саналады.
Ж.Досмұхамедов атындағы
педагогикалық колледж түлегі әйелдер күресінен Қазақстанның 16 дүркін
чемпионы, Рио олимпиадасының қола
жүлдегері: Екатерина Ларионова қола
жүлдегер атанды. Нәтижесінде әйелдер
құрамасы бұрын-соңды жетпеген жетістігін
бағындырды.
2017 жылдың 29
қантарда Алматы қаласында мәреге
жеткен ХХVІІІ қысқы универсиаданың шорт-трек бағдарламасы
бойынша Қазақстан құрамасы сапында
батысқазақстандықтар Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Нұрберген
Жұмағазиев және атыраулық Денис Никиша өнер көрсетті. Жалпы,
елімізде шорт-тректің дамуы бұдан 15 жыл бұрын Оралда жабық мұз
айдыны сарайының ашылуымен байланысты. Қазақстанның еңбек сіңірген
жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков бастаған мамандар осы уақыт
ішінде елі құрамасының негізін құрайтын шорттрекшілерді даярлай
білді. Қазіргі таңда атыраулық Денис Никишадан басқаларының барлығы
дерлік БҚО-дан түлеп ұшқан. Мысалы, 1993 жылғы Айдар Бекжанов
– Қазақстан құрамасындағы тәжірибелі спортшылардың бірі. Ол қазақ
шорттрекшілері арасында тұңғыш рет 2010 жылғы Ванкувер
олимпиадасына қатысып, 500 және 1 мың метр қашықтықта бақ сынаған
болатын. Батысқазақстандық спортшы
Абзал Әжіғалиев Солт-Лейк-Сити (АҚШ) қаласында шорт-тректен өтіп
жатқан әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды. Болгария астанасы
София қаласында самбодан мәреге жеткен әлем чемпионатында
батысқазақстандық палуан Ерболат Байбатыров күміс жүлдегер
атанды.
Қосымша №4
Шаруашылығы
Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған. Облыс шаруашылығының негізгі саласының бірі — өнеркәсіп. Облыста мұнай, газ өндіру, металл өңдеу және машина жасау, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, т.б. салалар жақсы дамыған. Ірі өндірістерден Қарашығанақ газ-конденсат комбинаты, “Металлист”, “Зенит”, “Металл өңдеу”, “Омега” зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде “Надежда” тігін-тоқыма комбинаты, былғары аяқ киім з-ты, аң терісін өңдеу, балық комбинаттары, арақ-шарап, сыра з-ты, нан комбинаты, сондай-ақ, “Жайықжылужарық”, Оралоблгаз, “Диана”, “Орал-Алма”, “Нұржанар”, Оралагрореммаш, т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді. Батыс Қазақстан облысы-нда республикадағы табиғи газдың 30%-тен астамы өндіріледі. Облыстағы а. ш.-на тиімді жер 13,9 млн га (1997). Оның ішінде жыртылатын жер аумағы 1,4 млн га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8,2 млн га. Астық дақылдары 934 мың га жерге, тех. дақылдар 34,1 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 7,6 мың га, жемшөп дақылдары 222 мың га жерге егіледі. Мал ш-нда сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28,5 мың, жылқы 94 мың, түйе 3,9 мың, құстың саны 371 мың (1997). Облыстағы ауыл шаруашылығы бағытындағы өндіріс кооперативтері мен шаруа қожалықтарының жалпы саны 2467 (1997). Олар мемлекет қарауындағы ұжымдық шаруашылықтарға (25), ұжымшарларға (3), серіктестіктер мен өндірістік кооперативтерге (400-ге жуық), акцион. қоғамдарға (21) және шаруа (фермер) қожалықтарына (2017) біріктірілген. Сонымен қатар шет елдермен бірлескен кәсіпорындар да (17) жұмыс істейді (1997). Батыс Қазақстан облысында темір жол, автомобиль жолы және су жолы көлігі дамыған. Темір жолдың жалпы ұзындығы 417 км. Автомоб. жолдарының Ұзындығы 8,5 мың км, оның ішінде 2,5 мың км жол асфальттанған. Олармен 4,8 млн т жүк тасымалданған (1997). Негізгі автомагистралдары: Орал—Атырау, Орал—Ақтөбе, Орал—Орынбор. Жайық өзенінен Атырауға дейін кеме қатынайды. Қазақстанның ірі қалаларымен және кейбір шет ел қалаларымен әуе қатынасы бар.