Материалдар / Тәрбие сағаты "Отан,тіл және білім , болашақтағы тірегім!"4 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Отан,тіл және білім , болашақтағы тірегім!"4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.Мақал-мәтел маңызын түсіндіру. Ана тіліне деген құштарлықты арттыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2021
476
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні

10.09.2021

Тақырыбы

«Отан, тіл және білім -болашақтағы тірегім»

Мақсаты

Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.Мақал-мәтел маңызын түсіндіру. Ана тіліне деген құштарлықты арттыру;

Күтілетін нәтижелер

Қызығушылығын арттыру, Отанды сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары, бейнежазбалар, слайд

Көрнекі құрал-жабдықтар

Стикер,қарындаш, суреттер.

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті



Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин)

  • Шаттық шеңбері
    Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады және мына өлеңді бірге айтуды ұсынады:
    Ана тілім - ұраным,
    Ана тілім - құралым.
    Ана тілім болмаса,
    Болмас еді жыр - әнім.
    Ана тілім - елдігім,
    Ана тілім - ерлігім.
    Ана тілім болмаса,
    Бүтінделмес кемдігім...



Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады



Сабақтың басы

  • -Құрметті оқушылар бүгін біз «Отан, тіл және білім -болашақтағы тірегім» тақырыбында мақал-мәтел сайысын өткіземіз. Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады.

Мақал – сөздің мәйегі
(тақтада мақал-мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)
1. Жақсы кісі байқап сөйлер, ...(жаман кісі шайқап сөйлер)
2. Ер еліне, ...(ит иесіне)
3. Балапан ұяда не көрсе ... (ұшқанда соны іледі)
4. Өнер - ағып жатқан бұлақ, ...(Білім – жанып тұрған шырақ)
5. Жақсының аты өлмейді ...(Ғалымның хаты өлмейді)
6. Көз жетпеген жерге, ...(сөз жетеді)
7. Отыз тістен шыққан сөз, ...(отыз рулы елге тарайды)
8. Дұшпаны көптер сақтана жүреді, ...(Досы көптер мақтана біледі)
9. Жалған достан ...(жау артық)
10. Өнерлінің қолы алтын, ...(өлеңшінің сөзі алтын)
11. Еңбек етсең ерінбей, ...(тояды қарның тіленбей)
12. Отан үшін күрес - ...(елге тиген үлес



Топтарға бөлініп, топтар бір -бірімен сайысады .



Ми шабуылы (5мин мин)



Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.

«Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады)

Оқушылар өз ойларын түйіндейді




Сабақ барысындағы көңіл-күйді анықтау (3 мин)

ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ
Жүрегімнің бөлшегі
Қаның, жаның - тілінде,
Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.

Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің,
Ана тілің - ертеңің.
Қадірле ана тіліңді -
Жүрегіңнің бөлшегін.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Рефлекция (5мин)

 «Даналық ойдан дән ізде» сайысы
Шарты: Топтар сандарды таңдау арқылы өздері мағынасын түсіндіретін мақал-мәтелді таңдап, талдайды.
1- ұяшық: Апама жездем сай. 20
2-ұяшық: Тасты жерде егін болмас,
Текті бала тегін болмас. 30
3-ұяшық: Азға қанағат етпеген, көптен құр қалар.40
4-ұяшық: Жалған достан жау артық. 10

Жеңген топты марапаттау























































Талапкер ауылының жалпы Мектеп директорының тәрбие

орта білім беретін мектебінің ісі жөніндегі орынбасары:

директоры: Абеева С.Х Хамзина Г.А

________________________ ________________________

«__»______________2021 ж. «__»______________2021 ж.



Тәрбие сағаты

«Отан, тіл және білім -болашақтағы тірегім»

(мақал-мәтелдер сайысы )

Shape1









Сынып жетекшілері : Біләл Е.Қ.

Нашанова Г.С.



2021-2022 оқу жылы

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген іс-шара бойынша

Ақпарат

Қыркүйек айының 10-күні 4 -сыныптар арасында «Отан, тіл және білім -болашақтағы тірегім» атты тәрбие сағатының ақпараты.

Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.Мақал-мәтел маңызын түсіндіру. Ана тіліне деген құштарлықты арттыру;

Көрнекілік: Слайдтар, интернет ресурстары, бейнежазбалар, слайд

Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен, мұғаліммен сәлемдесіп, сабақ тақырыбымен таныстырылды және мына өлеңді бірге айтылды:
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім...

«Мақал сөздің мәйегі», «Кім көп біледі?» сайыстары өткізлді.

 «Даналық ойдан дән ізде» сайысы қортынды түрінде сайыс өткізіліп оқушылар марапатталды.










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!