Материалдар / Тәрбие сағаты "Өз құқығынды білмеу, жауапкершіліктен босатпайды" 6 "Б"

Тәрбие сағаты "Өз құқығынды білмеу, жауапкершіліктен босатпайды" 6 "Б"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбие сағаты жоспары. Тақырыбы "Өз құқығынды білмеу, жауапкершіліктен босатпайды" 6"Б" сыныбында өткіздім.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
784
1 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК



«Бекітемін» _______________

Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К.

«Келісемін»_______________

Сынып жетекші: Жилкибаева Г.А




Тәрбие сағатының жоспары




Тақырыбы:«Өз құқығын білмеу-жауапкершіліктен босатпайды»

Өтетін орны: «№3 ЖОББМ» КММ

Сынып: 6 «Б»

Мерзімі: 23.10.2021

Тобы: 27

Машықкер: Мұхаметжанова Жанерке

Баға: «__ » (________)

Баға: «___ » (________)




Семей 2021


Тәрбие сағатының мақсаты:Оқушыларды өз құқығы мен бостандығы жайлы түсіндіріп,ата заңын және құқық туралы білімдерін дамыта түсу.

Тәрбие сағатының міндеті:Адамгершілік пен адалдыққа жетелеу арқылы тәрбие беру.

Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы, түрі:Пікір алмасу

Әдіс-тәсілдері: тренинг,түсініктеме,сұрақ-жауап, жағдаят,видеоролик,кластер.

Көрнекілік:слайд, суреттер


Тәрбие сағатының құрылымы


І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. 5 мин

Жаңа ақпаратпен бөлісу. 5 мин

ІІ. Негізгі кезең.

Сұрақ-жауап. 5 мин,

Жағдаят. 5 мин

Видеоролик. 4 мин

Кластермен жұмыс. 4 мин

ІІІ. Қорытынды. 4 мин

Рефлекс. 4 мин


І.Ұйымдастыру кезеңі.


Сәлеметсіңдерме оқушылар!Қалдарыңыз қалай?Көңіл күйлеріңіз қалай?Балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын бір- бірімізге сәттілік тілеп алайық.Ал бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Өз құқығын білмеу-жауапкершіліктен босатпайды».



  • Жаңа тақырыппен бөлісу.


Сингапурде:  1- көшенің тап-тазалығы соншама, егер біреу көшеде сағыз шайнап жүргенін көрсе, 400 доллар айыппұл салады. 

Қытайда:  1. Денесінде 2-см асатын татуировка болса, әскерге алынбайды. Олар әскердегі тәртіпті бұзады деп қорқатын болуы керек. 

Таиландта:  1-Ұлттық ақшаны, тиынды басуға болмайтыны туралы заң шыққан.


Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер.

 Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция — бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны, және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген.

Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.

Конвенция деген- арнаулы мәселелер жөніндегі келесім шарт.

Конвенция – Бала құқығының әлемдік Конституциясы.

18 жасқа толмаған жасөспірім, жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады.

Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы.


  • Сұрақ-жауап.

1).Адамға заң не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

2).Балаларға өз құқығын білу тиіс пе?

3).Заң мен құқықтың адам өміріндегі маңызы қандай?


  • Жағдаят.

1).Ерлан мен Жанар жаяу жүргінші жолымен өтейін деп тұрғанда,ұзын жолда үлкен машина келе жатыр екен.Олар жаяу жүргіншілер жолында өздеріне жол береді екен деп өтіп бара жатқанда,үлкен машина жандарынан зу етіп өте шықты.Екеуі сасқанынан бір орында тұрып қалып,не істерлерін білмей жүгіріп өте шықты.Ал енді оқушылар сендер қалай ойлайсыңдар,үлкен машинаның жасаған ісі дұрыс па?Сол уақытты сен не істер едің?Заң бұзып тұр деп ойлайсыңдар ма?

2).Жайна жұмыстан шығып үйіне дүкеннен нан алуға кірді,нанын алып,кассаға келгені сол еді,ұрылар дүкенге баса көктеп кіріп келді.Жайна қобалжып,қолындағы нанын үстел үстіне қойып,жерге отырды.Бұл қандай құқық бұзушылық?Жайна осы уақытты не істеуі керек еді.Сен не істер едің оның орнында болсаң?


  • Видеоролик.



https://youtu.be/mlqVLUtdFGQ

Видеодан не түсіндік?Және конституция қай жылы қабылданды?


  • Кластермен жұмыс.

Құқық сөзіне кластер құру.



  • Қорытынды:

Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе,әр адам өз құқығын білуі тиіс.Онсыз адам өзінің жеке тұлғалық құндылығын жоғалтады.Сондықтан құқығымызды,ата заңымызды ешқашан ұмытпай,керісінше келешек ұрпаққа мұра етіп қалдырайық.Болашақ сендердің қолдарыңда.


  • Рефлексия.












Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!