Тәрбие сағаты "Өзбек халқының салт-дәстүрлері" 6сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Өзбек халқының салт-дәстүрлері" 6сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын үлгі етіп, өзбек халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру. Оқушылардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Абилова Гулназ Казиуллаевна

Атырау қаласы №4 облыстық шипажайлық мектеп-интернаты Тәрбиеші

Тәрбие сағаты 6 сынып


Тақырыбы: « Өзбек халқының салт-дәстүрлері»


Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын үлгі етіп, өзбек халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру. Оқушылардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі:залды тақырыпқа сай безендіру, өзбек халқының ұлттық киімдері, әшекей бұйымдары, ұлттық тағамдары.


Барысы:


І. Оқушылар өзбек халқының ұлттық киімдерін киіп сахнаға шығады.

Өзбек халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлттық саз аспаптары туралы мағлұмат береді:


Дінмұханбет: - Ассалому - алакум!

Айша: - Хайрли кун!

Picture 1



Ақбота:

Өзбектер (өз. О/zbek, О/zbeklar) – ұлт, Өзбекстан елінің негізгі халқы. Жалпы саны 30 - млн - дай адам. ТМД шеңберінде соның ішінде Тәжікстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда, көп тұрады. Солтүстік Ауғанстанда, ҚХР - да, т. б. алыс шет елдерде де өмір сүреді.

Қазақстанда шамамен 520 мыңға тарта өзбек тұрады. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында мекендейді. (87, 6 пайыз) Қазақстанда 81 өзбек мектептері жұмыс істейді. Өзбек тілінде газет, журналдар шығарылады. Қазақстан Халықтары Ассамблеясының құрамында өзбектердің ұлттық мәдени орталығы жұмыс істейді.



Арай:

Өзбек отбасындағы тәрбие берудiң қайнар көзi махалладан басталады. Махалла – бiр аймақта ағайын-туыстың бiрiмен бiрi етене жақын араласып, көршiлес өмiр сүретiн жерi. Өзбектер көне дәстүр, салт, ғұрпын осы күнге дейiн сақтап қалған ұлт саналады. Дүниеге келген сәтiнен бастап баланың бесiгiн ана тiлiндегi тарихи-эпикалық жырлармен тербететiн ата-анасы баласының нағыз өзбек азаматы болғанын қалайды. Сондай-ақ отбасының өзге мүшелерi де “өзбек баласы өзбекше тәрбиеленуге тиiс” деген ұстанымды сақтайды. Махаллада тұратын барлық адамның өзiне бауыр екенiн сәби шағынан бiлiп өсетiн бала кейiн осы қауыммен бiрге болудың мән-мағынасын түсiнедi. Қайғыда да, қуанышта да махалла тұрғындары бiрге болады. Махалладағы барлық мәселенi көптi көрген ақсақалдар ақылдасып шешедi. Үлкендердiң айтқанын жастары бұлжытпай орындауға мiндеттi. Үлкен мен кiшiнiң арасындағы айырмашылық пен сыйластықты сақтау – өзбек халқының ең басты парыздарының бiрi саналады. Мiне, осындай ортада өскен бала күнi ертең айналасынан көргенiн қайталап, жасы үлкендердiң iсiн өнеге тұтары анық.



Назерке:

Бұл елде үйленген жас-жұбайлар ата-анасының шаңырағынан ұзап кетпейдi. Үлкен әулiнiң бiр шетiнен үй салып, туыстарымен жақын қоныстанады. Өзбек отбасындағы басты құндылықтардың бiрi – баланың ата-анасына деген шексiз құрметi. Бұл елде ата-анасының разылығын алмай, тiптi некесiн қидыруға да рұқсат жоқ.

Үлкендерге көмектесу, бау-бақшаны күтiп-баптау сияқты ұсақ шаруаларға өзбек баласы 3-4 жасынан бастап-ақ икемделедi. Күннен бұрын ұйқыдан оянатын өзбектердiң еңбекқорлығы сонау бала кезiнен қанға сiңген қасиет екенi даусыз. Сонымен қатар ата-әже, әке-шеше – бала тәрбиесiндегi ең жауапты тұлғалар. Махалла баласы балабақшаға бармайтыны да содан болса керек. Мектеп­тiң бастауыш сыныптарында тек өзбек тiлiнде бiлiм алатын оқушылары жоғары сыныпта да ана тiлiнде тереңдетiлiп оқытылатын сабақтарды оқиды.

Дінмұханбет:

Өзбек халқына тән қасиет олардың қонақжайлылығы. Өзбек халқында қонақ күту бәрінен де жоғары бағаланады. Қонақты күтпеу отбасын, туысқандарды, ауылыңды ұятқа қалдырумен тең. Қадірлі қонақты үй иесі есік алдынан тосып алады.

Ерлер ғана бірі - бірімен қол алысып амандасады. Қол алысу барысында бір - бірінің денсаулығын, жағдайларын сұрасады. Ал әйел адамдар сәл иіліп, оң қолдарын жүрекке қойып амандасады.

Сосын қонақтарды үйге кіргізіп дастархан басына отырғызады. Отағасы қонақтарды төр жаққа отырғызады. Кез келген отырыс шай ішуден басталып, шай ішумен аяқталады. Алғашында үстелге тәттілер қойылады. Соңынан өзбектердің ыстық тағамы палау қойылады.

Қонақтарға шай құяды. Дәстүр бойынша өзбек халқы шайды шамалап қана құяды екен. Қонақ неғұрлым сыйлы болса, соғұрлым оның кесесіндегі шайы да аз болады екен. Бұл салт - дәстүр былай түсіндіріледі: келген қонақ үй йесінен көбірек шай сұраса, жақсы ырым болып табылады. Бұл үйді сыйлаудың белгісі. Егер кесенің түбінде кішкене шай қалып қойса, оны төгіп, жаңа шай құйып беру керек екен.


Айша:

Киім-кешектері: ерлер жейде, шапан; әйелдер слан матадан тігілген көйлек, шапан киеді. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында белге дейін келетін қамзол да киген. Бас киім ерлерде – тақия, жүн қалпақ, әйелдерде – орамал. Дәстүрлі аяқ киімі – тері етік, табаны жұмсақ мәсі, сыртынан галош киеді.


Ақбота:

Өзбек халқының өзіндік ерекшелікке толы музыкалық мәдениеті мен өнері бар. Музыкалық ырғағының өзіне тін ерекшелігі – көбіне ырғағы биге жақын болып келеді. Би ырғағына лайықталған әндер тобы лапар, ялла деп аталады. Ән мен би көбіне бірге жүреді. Жеке ән орындау жанры болғанымен, әуенділігі, саздылығы ширақ, биге жақындау болып келеді.

Өзбек халқының музыкалық аспаптары бірнеше топтан тұрады: ішекті - ыспалы – гиджак, сато, сетор; ішекті - ұрмалы – чанг; ішекті – дутар, танбур, уд, рубаб; тілшікті – үрлемелі – сибизик, буламан, сурнай, кошнай, най; ұрмалы – дойра, нагора, кошук, т. б. Бұл аспаптары би орындау кезінде әнсіз, тек аспаптық шығарма болып та орындала береді. Көп қолданылатын аспаптың бірі – дойра. Өзбек халқының ауыз әдебиетінің түп негізі – мұқам.Сурнай – үрлеп ойналатын музыкалық аспап. Сырт пішіні жағынан кавказдықтардың зурна аспабына келеді. Одан гөрі көлемдірек, жеке орындауларда пайдаланылады.



ІІ. Өзбек әні «Уч-Кудук»; орындайтындар Шадат Әліби мен Адилова Томирис.





ІІІ. Өзбек халқының ұлттық тағамдары...


Анаргүл:

Өзбек халқының негізгі тағамы өсімдік, сүт және сүт өнімдерінен жасалады. Басты сусыны шай, көбіне көк шай. Өзбек халқының басты тағамы – тандыр нан. Тандыр нанды пісіру үшін ұн, тұз, су және ашытқыны араластыру арқылы қамыр дайындайды. Дайын болған қамырды бірнеше бөліктерге бөліп, дөңгелектеп, жұқалап жаяды да тандыр нан пісіруге арналған тандыр пешінде пісіреді.


Жанель:

Өзбек халқының ұлттық тағамдары - самса, шорпа, палау, манты, домляма. Ұлттық сүйікті тағамдарының бірі - палау. Палауды дайындау үшін қазанға пісте майын құйып қыздырып, үстіне етті ірі қылып турап салып қуырамыз. Қуырылған етке пиязды турап салып қуырамыз, оның үстіне сәбізді ұзыншалап турап салып, демдейміз. Содан соң зіре және суда жібітіліп тұрған күрішті салып бұқтырамыз. Палау 1-1,5 сағат уақытта дайындалады.


Picture 2 Picture 3



ІV. «Өзбек» биі; орындайтындар қыздар тобы.


Picture 5





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2019
8037
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі