Тәрбие сағаты "Қарабауыр қасқалдақ"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Қарабауыр қасқалдақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихына арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, оларды Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Жүргізуші – 2:
-    
Біз қазақ деген мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт- береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Жау аяғына басылмаған елміз.
Басымыздан намысты асырмаған елміз.
Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.
Еркіндікті ежелден аңсаған елміз.

Жүргізуші – 1:
Желтоқсан оқиғасы... Осы бір сөзден желтоқсанның ызғары есіп тұрғандай. Осы күнді еске алған сайын сонау мұз жастанып, қар төсенген күндер оралатыны сөзсіз. Өйткені 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына қайсар ұрпақтың келгенін әйгілеген еді. Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?

1-оқушы: 1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.

2- оқушы:Колбин Геннадий Васильевич (7.5.1927, Свердлов облысы Нижний Тагил қаласы – 19.1.1998, Мәскеу қаласы) – саяси қайраткер. Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы (1986 – 89). 1986 – 89 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы, 1989 – 90 ж. КСРО Халықтық Бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Колбин Қазақстанда Д.А. Қонаевтың орнына келді. Оның билігі кезіндегі қысымда қазақтардың ұлттық санасы көтеріліп, 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі мен 1989 ж. Жаңаөзен оқиғасы белең алды. Қазақтар республикадағы жетекші ұлтқа айнала бастады. Колбин жергілікті халықтың саяси белсенділігін төмендету үшін жазалау шараларын күшейтті (Қылмыстық жауапкершілікке тарту, жұмыстан, оқудан шығару, тағы басқалар). Бірақ бұл шаралар еш нәтиже бермеді. Қазақстандағы саяси жағдайдың одан әрі ушығуынан қауіптенген КОКП ОК К-ді Мәскеуге алдыртып, орнына Н.Назарбаевты қоюға мәжбүр болды. Екі рет Ленин, Октябрь революциясы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған.

2-жүргізуші: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады?

3-оқушы: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.

1-жүргізуші:Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?

4-оқушы: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып , оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?

5-оқушы: Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті-Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. Cонымен бірге осы оқиғада Өскемендік Сабира Мұхаметжановада қаза тапқан еді.

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

6 – оқушы: «Менің тағдырым».
Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.

2-жүргізуші:
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. таратады, тұтқынға алады.Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді:«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!

7 – оқушы: «Түрме жыры»Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.

1 - Жүргізуші: Қарабауыр қасқалдақтарымыздың өмірімен танысайық:

7 – оқушы: Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы (10.03.1964 ж. Алматы облысы Панфилов ауданының еңбекші ауылы -  23.12.1986 ж. Алматы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981-1982 жылдары кеңшарда жүргізуші болып істеді. 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1985 жылы Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Мәйітін ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды.

8 – оқушы: Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. 1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 83 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді.1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін абыроймен өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті.Осы жылы16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Бірақ көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желеумен Рысқұлбековті Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы – М.Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінен ұстап әкетеді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С.Савицкийдің өліміне кінәлі етеді.Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е.Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза – өлім жазасы – атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.

9 – оқушы: Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы, 1970 жылғы қаңтардың 1-і Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылында дүниеге келген. 1977 жылы «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебінің 1-сыныбына оқуға қабылданған. 1984 жылдары осы мектепті «өте жақсы» деген бағамен үздік бітіріп, Өскемен педагогикалық училищесіне оқуға түседі... Тергеудің соңы «ұлтшылдардың басын қосып, советтік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан» Сәбира Мұхамеджанова деп танылады. Әрине, небәрі он алты жастағы қыз мұндай жаланы көтере алған жоқ, ол өз ұлтына жасалған қиянатты көтере алмады. 1986 жылғы желтоқсанның 26-ы күні Өскемен қаласында жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, өзін-өзі мерт етті.Сәбира - тәуелсіздік жолындағы алғашқы құрбандардың бірі еді. Желтоқсан құрбаны Сәбира Мұхамеджановаға 2001 жылы “Тарбағатай ауданынының құрметті азаматшасы” деген атағы берілді.
10 – оқушы: (Ән)

Қасқалдақ

с. Есенғали Раушановтікі
ә.
Лесбек Амановтікі

Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап?
Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.

Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.

Өз босағаң - бұл жердің тауы, қыры, белесі,
Босағасын басқаға тастай ма екен, о, несі.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.

Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.

11 – оқушы: « Желтоқсан желі» әнін қарсы алыңыздар!? (Ән)

12 – оқушы: Тәуелсіз Қазақстан Республикасы

  1. 1990 жылғы 25 қазан – Жоғарғы Кеңес « Қазақ КСР – нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады.

  2. 1991 жылғы 21 желтоқсан Алматы келісімі. 11 Республика Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды.

  3. 1991 жылғы 1 желтоқсан – бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды.

  4. 1991 жылғы 10 желтоқсан – Қазақ КСР – ның атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.

  5. 1991 жылғы 16 желтоқсан – Республика жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.

  6. 1991 жылғы 16 желтоқсан – Республика тәуелсіздік алған күні.

  7. 1992 жылғы 2 наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

  8. 1992 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды.

  9. 1992 жылғы 11 желтоқсан – Қазақстан Республикасының алғашқы мемлекеттік ӘНҰРАНы бекітілді.

10.  1992 жылғы қаңтар – ішкі істер әскері құрылды.
11.
  1992 жылғы қаңтар – Республиканың алғашқы сом алтыны шығарылды, және алтын қорын жинауды бастады.
12.
  1993 жылғы 28 қаңтар – Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.
13.
  1995 жылғы 30 тамыз – еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
14.
  1995 жылғы 15 қараша – Республика Президентінің жарлығымен ұлттық теңге айналымға енгізілді.
15.
  1995 жылғы 1 наурыз – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
16.
  1996 жыл 26 сәуір – Шанхай «Шанхай бестігі» құрылды.
17.
  1997 жылғы қазан – «Қазақстан -2030» стратегиясы жарияланды.
18.
  2010 жыл – ЕҚЫҰ  – Қазақстан төрағалық етті
19.
   2011 –  Ислам  конференциясы өтті.
20.
  2011 – Азиада  қысқы олимпиада өтті.

1 3-оқушы: 1991 жылы 16 желтоқсан елімізде ұлттық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. 1996 жылы Тәуелсіздігіміздің бес жылдығына арнап «Тәуелсіздік Монументі»ашылды.
1991
ж. 1 желтоқсанында республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
1991
ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жарияланды.
1992
ж. қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
1995
жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбайұлы 150 жасқа толды. Осы жылы миллиондардың көз жасымен келген «ұлы жеңіске» 50 жыл толды.
1998
ж. «Халық бірлігі мен ұлт тарихы» жылы болды.
1999
ж. «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.
2000
ж. «Мәдениетті қолдау» жылы болды.
2001
ж. 16-желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.
2008
ж. Астанамыз 10 жасқа толды.
Қазақстан территориясы бойынша дүниежүзінде 9-орын алады. Ал ТМД елдері бойынша 2-орын алады.
Мемлекетіміздің астанасы 1997 жылы Астана қаласына көшірілді. Бүгінгі Астана қаласы Қазақстанның ең ірі және экономикалық дамыған мәдени қаласына айналып отыр.
Қазақстан - көп ұлысты бауырына басқан, татулық пен ынтымақты ту еткен бейбіт сүйгіш ел. Бүгінгі елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүруде.
2-жүргізуші:
ЕСЕНҒАЛИДЫ ҚАТЕРДЕН ТАПҚЫРЛЫҒЫ ҚҰТҚАРДЫ”
— “Қара бауыр қасқалдақ” әнi саяси астармен жазылғаны Кол­биннiң де құлағына жеткен екен. Содан ол әннiң сөзiн жазған Есенғали Раушановты дереу шақыртып алады. КГБ-ның адамдары алып кетiп бара жатқан ақынның iшкi жан-дүниесi, әрине, әп-сәтте әлем-тапырық болған ғой.
— Мына өлеңнiң астарында не жатыр? — деген бiрiншi хатшының сұрағына ол:
— Геннадий Василевич, бұл өлең Арал теңiзiнiң проблемасына арнап жазылған. Қасқалдақ деген құс­тың­ қаны – тоқсан түрлi дертке шипа. Ал қазақтың түсiнiгi бойынша, шүрегей деген құс сол қас­қалдақты түрткiлеп көлден қуып жiбередi екен, — дептi.
— А-а, солай ма, жарайды онда, өте тамаша жазылған өлең екен, — дептi сонда Колбин. Есенғали бiр қатерден өзiнiң осындай тапқырлығымен құтылған көрiнедi.
Бiрақ қауiп бұлты мұнымен сейiлген жоқ. Сол бiр қиын кездерде Есенғали ақын Шардарадағы маған “Заман құбылып тұр, ертеңгi күннiң не болары белгiсiз” деп, телефон шалған соң, мен Қызылқұм­ның қойнауына сiңiп, мал бағып кеткен күндерiм де болды, деп сол бір кезді есіне алады.

Қорытынды:. Бұл тәрбие сағаты 1986ж 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады. «Менің елім» (хор) әнімен тәрбие сағатын аяқтау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.08.2018
686
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі