Материалдар / Тәрбие сағаты "Қарттарым - асыл қазынам" 6 "Б"

Тәрбие сағаты "Қарттарым - асыл қазынам" 6 "Б"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін орта мектепте өткізген тәрбие сағаты " Қарттарым - асыл қазынам" 6 "Б" сыныбында өткіздім
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
789
1 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК



«Бекітемін» _______________

Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К.

«Келісемін»_______________

Сынып жетекші: Жилкибаева Г.А




Тәрбие сағатының жоспары



Тақырыбы:«Қарттарым-асыл қазынам»

Өтетін орны: «№3 ЖОББМ» КММ

Сынып: 6 «Б»

Мерзімі: 27.09.2020

Тобы: 27

Машықкер: Мұхаметжанова Жанерке

Баға: «__ » (________)

Баға: «___ » (________)





Семей 2020


Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды қарттарға құрмет көрсетуге,сыйлауға және бағаларуға үйрету.

Тәрбие сағатының міндеті: Қарттардың қоғамда да өз рөлі бар екенін түсіндіру,ол кісілерді де жақсы көруге деген махаббаттарын арттыру.

Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы, түрі:Пікір алмасу

Әдіс-тәсілдері:видеоролик,синквейн,жағдаят,ой қозғау.

Көрнекілік:слайд, суреттер


Тәрбиесағатыныңқұрылымы


І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. 5 мин

Тақырыпты анықтау. 5 мин

ІІ. Негізгі кезең.

Жағдаят. 5 мин

Ой қозғау. 5 мин

Видеоролик. 3 мин

Синквейн. 5 мин

ІІІ. Қорытынды.

Рефлекс. 4 мин


І.Ұйымдастыру кезеңі


Сәлеметсіздерме оқушылар! Қалдарыңыз қалай? Көңіл күйлеріңіз қалай? Мен Семей қаласы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығы 27 топ студентті Мұхаметжанова Жанеркемін. Сіздермен тәрбие сағаттарын өткіземін.Тәрбие сағатын бастамас бұрын оның тақырыбын біліп алайық.Ол үшін мына суреттерге назар аударып,бүгінгі тақырыпты анықтайық.



1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Елімізде ең алғаш 1990 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қазанның бірін қарттар күні деп белгіледі.Бұл күн біз үшін ата-апаларымызға жақсы көретінімізді айтып,оларды құттықтайтын күн . Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері бүгінгі кезде ерекше орын алады. Қазіргі таңда біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.

Біздің Қазақстанда бүгінгі кезде 2,5 миллионнан астам қарттар бар.Олардың 1025 Ұлы Отан соғысының ардагерлері.Жалпы біздің өңірімізде 200 ден астам соғыс ардагері тұрады.Бүгінде мемлекет тарапынан оларға тиісті деңгейде көмек көрсетіліп отыр.Мысалға,зейнетақыны өсіру,баспанамен қамтамасыз ету т.б.


ІІ. Негізгі кезең.

  • Жағдаят.

  • Осы заманда көп адамдар өздерінің туып, өсірген қарт аталары мен әжелерін қарттар үйіне апарып тастайды.Осы дұрыс па? Қарттар үйіне ол кісілердің баруына кімдер кедергі деп ойлайсыз?


  • Жалғыз тұратын қарт көршің бар. Үнемі сенен көмек сұрайды. От-су тасуға, дүкенге баруға, кейде үйін жинауға шақырады. Сенің әрекетің қандай? Ашуланбай көмек бере аласың ба?


  • Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір қария кездесті. Көзінде мұң, қайғы байқалады. Сенімен сөйлескісі келіп, әңгімеге тартты. Баласының қарамай, қарттар үйіне апаратынын сырттай естігендігін айтып, мұңын шақты. Сен қалай жұбатар едің? Баласының пікірі туралы не айтар едің?


  • Ой қозғау.

Бұрын соңды сендер қарттар үйі деген сөзді естіп көріппе едіңдер? Қазіргі таңда қарттар үйі керек пе?

Әрине,сендер бұл сөзді бұрын соңды естідіңдер және білесіңдер деген ойдамын.Бірақ, өкінішке орай Қазақстанда болмаған жағдай орын алуда.Осы өмір үшін,болашақ үшін күрескен асыл қазыналарымызды қайдағы бір жерге тастап кетуде.Бұл дұрыс емес екенін бәріміз білеміз және олай істемеуге тырысуымыз керек.

  • Видеоролик.

https://youtu.be/AgJXkxbfpZ8



  • «Синквейн» әдісі.



«Ата» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.

1 жолы - зат есім

2 жолы - етістік

3 жолы - сын есім

4 жолы - сөйлем құрау

5 жолы - синоним





ІІІ. Қорытынды.


  • Рефлексия.

БББ әдісі арқылы тәрбие сағатын қорытындылау.


«Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші,жанымызда жүрген қарттарымызды бар кезінде бағалайық.





Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!