Материалдар / Тәрбие сағаты "Қазақтың бағы да, байлығы да -тәуелсіздік" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Қазақтың бағы да, байлығы да -тәуелсіздік" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 7 сыныптардың сынып жетекшілеріне керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2018
714
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бағыт:

Мектеп: С.Бердіқұлов атындағы ОМ

Күні:06.12

Мұғалімнің есімі:

Сынып: 7 Д, Е

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақтың бағы да, байлығы да – тәуелсіздік!

Сабақ мақсаттары:

Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.


Бағалау критерийі:



  • Тәуелсіздік ұғымын түсінеді;

  • Тәуелсіздік туралы нақыл сөздер біледі.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Нақыл сөздер, сөзжұмбақ

Диалог құруға, мәтін жазуға арналған пайдалы тіркестер:


Талқылауға арналған сұрақтар:

Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесің?

Құндылықтарға баулу:

Біздің қоғамымыздағы ұлттық бірлік, беібітшілік пен келісім

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы оқу:


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)


Басталуы

Қызығушылықты ояту.

- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын тақтадағы сөзжұмбақты шешіп алайық.

Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік.

1) Елордамыз Астананың көрнекті орны, Астана нышаны.(Бәйтерек)

2) Жиындарда орындалатын салтанатты әуен. (әнұран)

3) Әр елдің мемлекеттік нышаны. (ту)

4) Көк байрағымыздың авторы. (Ш. Ниязбеков)

5) Қазақстанның бұрынғы астанасы. (Алматы)

6) Қазақстанның қазіргі елордасы (Астана)

7) Елтаңба авторы. (Ж. Мәлібеков)

8) Қазақстанның тұңғыш президенті. (Назарбаев)

9) ШҚО әкімі (Даниал Ахметов)

10) Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? («Жеті жарғы»)

11) Кіші жүздің биін ата? (Әйтеке би)

- Қандай сөз шықты? (тәуелсіздік)

Ой қозғау.

- Тәуелсіздік деген қандай ұғым? Тәуелсіздік дегенде ойларына не оралады?

- Біз ертең қандай мейрам тойлағалы жатырмыз?

- Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр? (26 жыл)

- Тәуелсіз ел деп қандай елді айтады? (Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар ел)

- Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз тәуелсіздік мейрамына арналмақ. «Тәуелсіздік туы, желбіре» атты тәрбие сағатымыздың мақсаты тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұматтар алу, осы тәуелсіздіктің қадірін білу.

- Онда келесі кезекті салтанатты бөлімге берейік.


Ортасы

- Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

70 жыл әміршіл-әкімшіл үкімет үстемдік етті. Тілімізден, дінімізден айырылдық.

6-оқушы:

- Тәуелсіздік үшін халқымыз 325 рет көтеріліске шықты.

- 1920-1922, 1928-1932 жылдары ұлтымыз қолдан жасалған аштықтан, зорлық-зомбылықтан елінен безіп, өз ұясын, руын, туған-туысқанын сақтап қалу үшін 44 елге тарыдай шашылып кетті.

- 1937-38-ші жылдар жаппай жазалау болды. Бұл жылдары біздің Қазақ зиялылары, арыстарымыз қудаланды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев асылдарымыз арада 50 жыл өткенде ақталып, қазір шығармаларын оқып жатырмыз.

- 1941-45-ші жылдары тұтқиылдан неміс фашистері тыныш елімізге соғыс ашты. «Ер есіміс-ел есінде» демекші біздің ауылымызда да ардагерлеріміз бар. Бұл аталарымыз болашақ біздің өміріміз үшін соғысқа барды. Бейбіт өмірді алып берді.

- 1986 жылы Желтоқсан қозғалысымен тарихқа енді. Жас өмірін тәуелсіздік үшін қиып кеткен аға-апаларымыз: Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова т.б. жазықсыз сотталып, қыршын өлді.

Ал енді кім ел тарихы мен салт - дәстүрге және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сұрақтарды ұлттық нақыштағы оюлы себеттен таңдап алып, сұрақтарға жауап береді екен.

1. Ел билеудегі ең лауазымды тұлға (президент)
2. Үш арсыз (ұйқы, тамақ, күлкі)
3. Төрт маусым (қыс, жаз, күз, көктем)
4. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (қырық екі)
5. Сын есімнің сұрақтары (қандай? Қай?)

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда)
2. Бес асыл іс (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
3. Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
4. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар? (он екі)
5. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (тоғыз)

1. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
2. Бес қару (садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
3. Ұлттық музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, жетіген, сыбызғы, дауылпаз, адырна, керней, шертер)
4. Жалқы есімдер қалай жазылады? (бас әріппен)
5. Күрделі сөздер нешеге бөлінеді? (төртке – қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер)

1. Мемлекеттік тудың авторы (Шәкен Ниязбеков)
2. Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, қорадағы бес саулық)
3. Төрт мұрат (дау мұраты – біту, саудагер мұраты – ұту, жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету )
4. Зат есімнің сұрақтары (кім? Не?)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)

1. Мемлекеттік Әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
2. Ұлттық ойындар (Ханталапай, қыз қуу, бәйге, аламан, күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, дойбы, асық)
3. Үш дана (Абай, Шоқан, Ыбырай)
4. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады? (сұрақ белгісі)
5. «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыстың жеті жасар баласы (Жәдігер)

1. Шығыстың қос шынары (Әлия мен Мәншүк)
2. Жеті жоқ (Жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ)
3. Киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық, ши, т. б.)
4. Сан есімнің мағыналық түрлері(алтау)
5. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?(жұрнақ)

1. Ұлыстың ұлы күні қашан тойланады? (22 наурыз)
2. Үш қуаныш (алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)
3. Төрт түлік (жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі)
4. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
5. «Батыр» сөзіне қарсы мәндес сөзді ата (қорқақ, ез)
Сайысымыздың ІІІ кезеңі «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталады. Сайысымызға қатысушылар киіз үйлердің ішінде жасырылған мақалдардың жалғасын табуға тиісті.

1. Ел ағасыз болмайды,...
(Тон жағасыз болмайды)
2. Адам көркі шүберек,...
(Ағаш көркі жапырақ)
3. Қоянды қамыс өлтіреді,...
(Ерді намыс өлтіреді)

1. Елу жылда ел жаңа,...
(Жүз жылда қазан)
2. Тау тауға қосылмайды,...
(Адам адамға қосылады)
3. Талапты ерге...
(нұр жауар)

1. Ел іші...
(алтын бесік)
2. Жаңылмас жақ болмас,...
(Сүрінбес тұяқ болмас)
3. Ит тойған жерін іздейді,...
(Ер туған жерін іздейді)

1. Елдестірмек – елшіден,...
(Жауластырмақ - жаушыдан)
2. Айтулы достың малы бір,...
(Кемедегінің жаны бір)
3. Жаңбырмен жер көгереді,...
(Батамен ел көгереді)

1. Басқа елде сұлтан болғанша,...
(Өз еліңде ұлтан бол)
2. Кісідегінің кілті...
(аспанда)
3. Баста ақыл жоқ болса,...
(екі аяққа күш түсер)

1. Сөз сүйектен өтеді,...
(Таяқ еттен өтеді)
2. Бірлік болмай,...
(тірлік болмас)
3. Тісі шыққан балаға...
(шайнап берген ас болмас)

1. Жылайын деген баланың...
(үш күн бұрын көзі қышиды)
2. Інісі бардың тынысы бар,...
(Ағасы бардың жағасы бар)
3. «Көрдім» деген көп сөз,
(«көрмедім» деген бір сөз)
– Бар байлығым – өлеңжырым қолда бар,
Өн бойымда құпия жоқ таңқалар.
Көріп жүрген көп адамның бірімін,
Көңілімде қиял да бар, ән де бар, – деп жерлес ақын Мәлік Аяпов жырлағандай, келесі кезекті әншашуға береміз.













Аяқталуы








Білсең дағы біле бер, тағы тіле:
Мақсатыңа жетерсің білебіле! – деп дана, ойшыл Жүсіп Баласағұн айтып кеткендей, білімді, ізденімпаз оқырмандарымызбен әрі қарай сайысымызды жалғастырайық.
«Мен тәуелсіз ел ұрпағымын» тақырыбында эссе жазады.

Білім сүйсең, кел күн сайын осында,
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Келгін жан дос, ізденейік қосыла.


Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не

білді?

Сыныптағы ахуал

қандайболды?

Мен жоспарлаған

саралаушаралары

тиімдіболдыма?

Мен берілген

уақытішінде

Үлгердімбе? Мен

өзжоспарыма

қандай түзетулер

енгіздімжәненеліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.













Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:





С.Бердіқұлов атындағы орта мектебі КММ

Тексерілді:

ДТІЖО___________Г.Т. Илгедаева









Тәрбие сағаты

ҚАЗАҚТЫҢ БАҒЫ ДА, БАЙЛЫҒЫ ДА – ТӘУЕЛСІЗДІК!



Сынып жетекшісі: Реймова К.Е:

Сынып: 6 «Б»























2018-2019 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!