Материалдар / Тәрбие сағаты "Құстарға қамқорлық"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Құстарға қамқорлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
• Құстар туралы мағлұматтар беру. 2. Дүниетанымдарын, есте сақтау қабілеттерін кеңейту. 3. Құстарға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2020
2872
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: Құстар –біздің досымыз

  • Мақсаты: 1. Құстар туралы мағлұматтар беру.

  1. Дүниетанымдарын, есте сақтау қабілеттерін кеңейту.

  2. Құстарға қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әдеби монтаж

Көрнекілік: кітапшалар, нақыл сөздер

Барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар, біз сендермен табиғат деген бізді қоршаған орта-тау, тас, су, ауа, жер, өсімдіктер, жануарлар екенін білеміз. Біз бүгін табиғаттың бір бөлігі –табиғаттың көркі , сәні, бақшаның әні болған құстар тақырыбына тоқталайық деп отырмыз.

Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен. Оның 143 түрі осы біздің Алматы облысында ұя салады. Құстардың жылы жаққа кетуінің басты себебі- жемнің азаюы. Күн салқындап, құрт-құмырсқалар қуысқа тығылып қалады. Құстар топтала ұшып, лек-легімен жылы жаққа кете бастайды.

Көктемде олардың қайта оралу себебі-ол жақ өте ыстық болғандықтан, жұмыртқалары шіріп кетеді де, ұрпақ өрбіте алмайды. Аз күнде біздің «қанатты дотарымыз» туған жерге қайта оралады. Сол достарымызға арналған тәрбие сағатын бастайық.

2. Тәрбие сағатының барысы.

-Құстардың қандай пайдасы бар?

-Олар ағаштағы, жердегі зиянды құрттарды жейді. Құстар ән айтып, көңілімізді көтереді. Олар-бақтың сәні.

-Ағаштың қандай пайдасы бар?

-Ағаштан қағаз жасайды, үй салады, үй жиһаздарын т.б. заттар жасайды. Ағаш жапырағы ауаны тазартады.

-Құстар болмаса, ағаш, бақ іші қандай болар еді?

-Құстар болмаса бақ сәні бола ма

Балалар, қазір құстардың орман ішіндегі айтысын тыңдайық.

/ Құстардың даусын тыңдау/

Құстар табиғатқа сән береді. Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл күйіне әсер етеді.

Мұғалім:

Құстар, құстар келеді!

Жерді шуға бөледі!

«Көктем келді»- деп бізге

Жақсы хабар береді.

Көктем:

Сәлем достар аман ба?

Мына бейбіт заманда.

Шат-шадыман көктемің,

Шаттық болсын қашанда.


Ән құрадым үніммен,

Сән құрадым гүліммен.

Қуантамын бәріңді,

Құт -мереке күнімен.

Оқушы:

Сәлем,елдің көктемі,

Әлем енді көктеді.

Құрметпенен бас идік,

Құстарына көктегі.

Көктем:

Рахмет, балалар,

Сендерде ой-сан бар.

Бау –бақшаның дұшпанын,

Бастырмайды құстарым.

Кербез құстар әнімен,

Келеді міне, сәнімен.

Оқушы.

Халық «Көкек келді-көктем келді»-лейдіқАдірі мен қасиеті онша емес, осы бір құстың аты неліктенең тамаша ай атына теңеу болады екен.

Көктем.

Бұл кезде қар кетіп, ағыл –тегіл бұлақтар ағады. Жер беті жасыл көрпе жамылып, көзге ыстық, көңілге жарқын жауқазындар гүлдеп алқа тағады. Осы кезде көкек келеді. Не деген ғажап «кө-кек,кө-кек» деп ән салады. Сондықтан да «сәуір» айы «көкек» айы деп аталады.

Көкек

Жаршысымын көктемнің,

«Көкек»

Дейді мені жұрт.

Өз атын айтар құс менмін,

Көктемді күтсең –мені күт.

Өз ұрпағыма ұқыпсыз болсам да, мен өте пайдалы құс боламын. Мен күніне 39 шегіртке, 43 құрт, 53 шытырлақ қоңыз, 4 өрмекшіт.б. зиянды құрттарды жеймін.

«Көкек» әні орындалады.

Оқушы:

Пайдалы құстың бірі қраторғай.Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді. Қараторғай-орман қорғаушылары.

Мен торғаймын, торғаймын,

Суықтан да тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа, шіркейден,

Бау-бақшаны қорғаймын.

Үйлеріңнің қасындағы кіп-кішкентай торғай бір жылда бір өзі ғана 4 миллион зиянды құрттарды жейді.

Оқушы:

Қарлығашпын мен,

Адамның тұрағымен,

Мекен етіп тұрамын.

Тазалаймын үй-ішін

Шыбын деген кеселден

Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді деп ғалымдар зерттеген.

Ән «Қарлығаш»

Көрініс: Қарлығаш пен дәуіт»

Мұғалім:

Тағы бір әдемі , нәзік үнді құс-бұлбұлды тыңдайық.

Оқушы:

Мен еркін, бақытты бұлбұлмын,

Бұлағын тасытқан ән –жырдың.

Тамаша тамылжып шырқаймын,

Шаттығын тауыса алмай әр күннің.

Оқушы:

Құртты іздеп ініне,

Қарағайды үңгіген.

Тоқылдақ құс-дірігер,

Қашан да ол әбігер.

Оқушы:

Құс сұлуы аққумын,

Табиғат көркін сыйлаған.

Атуға көзі қимаған.

Сұлулықты паш етіп,

Жырлаған талай ақындар,

Нәзік үнді,көл көркі

Құс патшасы мен болам.

Оқушылар құстар арқылы болжанатын ауа райы болжамдарын айтты.

  1. Шағала келсе-сең бұзылады.

  2. Қарлығаш өрлеп ұшса-күн жылы болады.

  3. Жер бауырлап ұшса –жаңбыр жауады.

  4. Жаңбыр жауар кезде қарғалар у да шу болып, топталып ұшып қонады.

  5. Жыл құстары қаптап келсе, көктем ерте шығады.

Қорытынды.

Құстарды қорғау, олардың пайдасы, құстарға қамқорлық, «Қызыл кітап» жайлы түсіндіріп ой қорыту .

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!